Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Музыка мәдениеті

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды.  н ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу”

Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған.Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды.

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (СемейПавлодарӨскеменАқмола(Астана), ҚостанайАқтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды.

Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді.

Келтірілген ой-пікірлерге бiрлесе отырып түсiнiк беру

Сабыр, ақыл- парасаттың белгісі,

Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі (Ж.Баласағұн).

Жетеді сабыр қылған тілегіне

Иеді ақырында темірді де (Құтып).

Адамдар бiр-бiрi үшiн өмiр сүредi (Марк Аврелий).

Адамдарды жақсы көру үшiн, олардан аз күту керек (Гелвеций).

Адам жалғыз қалғанда ғана өзiнiң қандай екенiн бiледi А.Шопенгауэр).

Мен адаммын, сондықтан да адамға тән қасиеттер маған жат емес (Теренций).

Өз сенiмiне басқалар күмәнданады деп қорыққандар, оған өзi сенбегенi (У.Филлипс).

Өз iсiңмен, өнегеңмен Адам бол,–

Сосын қанатты перiште болуды армандай бер! (Саади).

Бөлектену бiздi әрдайым көпшiлiктiң назарында болудан сонымен бiрге олармен санасудан да құтқарады (А.Шопенгауэр).

6-тақырып.

Лексика: Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.

Грамматика: Көмекші етістік.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру

Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады.

Қазақ тілінде 4 көмекші етістік бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Қазақ тілінде толық лексикалық. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (көмекші етістік .), қой (негізгі етістік) – айтып (көмекші етістік .), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (көмекші етістік .). Лексикалық. мағынасынан айырылып, көмекші етістік мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). көмекші етістік негізгі етістікке есімшекөсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр.