Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Қ.И.Сәтбаев

Қ.И.Сәтбаев 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді..Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым семей мұғалімдер семинариясында оқиды және Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж. Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайракерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз айланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш»қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдіріп отырған.

1920-1941 жыылдары Баянауылда халық судьясы, Қарсақбай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.

1941-1952 жылы ҚСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, ҚСРО Ғылым академиясының төраға орынбасары, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.

6-тапсырма. Сөйлемдерді өзіңіз ары қарай жалғастырыңыз.

Сәтбаевтің мәдениет саласында және тарихта 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына 25 әнді өзі орындап, ... .

Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, ҚСРО Мемлекеттік және Лениндік .

Оның есімі институттар мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады. ..

Ол .

7-тапсырма. Шарт мәнді сөйлем туралы біліміңізді тексеріңіз.

СОӨЖ

Мақсаты: Берілген ақпарат бойынша өз ойын айтуға дағдыландыру, пікірін қалыптастыру. ..

Қ.И.Сәтбаев

Қ.И.Сәтбаев 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді..Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым семей мұғалімдер семинариясында оқиды және Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж. Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайракерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз айланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш»қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдіріп отырған.

1920-1941 жыылдары Баянауылда халық судьясы, Қарсақбай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.

1941-1952 жылы ҚСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, ҚСРО Ғылым академиясының төраға орынбасары, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.

Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арнап Алгебра оқулығын жазды.

Сәтбаев мәдениет саласында және тарихта да қалдырған еңбектері зор

1931 жылы басылған а.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме берді.

Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, ҚСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтың иегері болған.

Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылқ аттарына берілген. Сондай-ақа Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.Қ.И.Сәтбаевтің атында бірнеше мұражай бар.

Ол қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Сәтбаев 1964 жылы қайтыс болды.

Тапсырма:

  1. Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.

  2. Өзіңіз білетін ғалымдар туралы айтып беріңіз.

СӨЖ. «Тәуелсіз Қазақстан және ғылым »тақырыбына реферат жазыңыз.

13- сабақ.

Тақырып : Ұлттық қауіпсіздік. Құқық қорғау органдары.

Грамматика: Сұрау мәнді сөйлем.

Арнайы лексикамен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.

Тірек сөздер: ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау, тұжырымдама, конституциялық құқықтар,адамзат өрекениеті, экономикалық қауіпсіздік, капиталистік экономика,.ақша мен меншік, философиялық категория, концепция.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз................