Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Дін және діни мерекелер туралы

Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Исламдағы діни мейрамдарға Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылар отыз күн ораза ұстауы керек. Құрбан айт мейрамы ораза айттан кейін, 70 күн өткен соң болады. Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады, адамдар жағдайына қарай құрбандық шалып, айтқа арнап дастарқан жаяды. Адамдар үйді-үйге айтшылып кіріп, құрбандық етінен дәм татады. Діни мейрамдардың тағы бір түрі – қажылық. Дәстүрлі дала мәдениетінде малы көп, ауқатты адамдар қажылыққа барған. Қажылықтың рәсімдері мен жора- жосындары бар.

Имамдар киімі

Ертеде дін қызметкерлері өздеріне тән діндарлар киімін арнайы тіккізіп киген. Мұндай киімдер киіп жүруге ыңғайлы әрі пішіні мен сыртқы көрінісі жағынан өзгеше болды, сондықтан мұндай киім кигендерді халық бірден дін қызметкерлері деп таныған. Діндарлар киіміне лапас, мүлле, женде, кемер, ихрам, дастар, сәлде т.б. жатады.

Орта Азия Діндарларының киімі туралы зерттеген Р.Я. Рассудова ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап Д.-лар арасында киімнің бірегей үлгісінің кең таралғандығын және ортодоксальды Д.-лардың басында міндетті түрде бас шошақ келген бас киім, етегі күлбіреген жейде, жағасыз шапан болғандығын жазады.

Д.-лар шашадан сан алуан өрнек кестеленген, астары біз, жиегіне қара шаша тігілген кемер камар деп аталатын белбеу буынған. Ертеде диуаналар шошақ бөрік, жыртық-жамау шапан киіп, кемер белбеу буынып, қолына асатаяқ пен дорба алып ел кезген.

Ихрам (сөзбесөз мағынасы «тыйым»)– қажылар киетін айрықша киім. Ерте заманнан бері ихрам қажылықтың айрықша белгісіне айналған. қажылық ғибадатқа кірер алдында адамдар киімдерін ауыстырып ихрам киеді. Ихрам киген адамның бәрі бірдей саналып, кем-кетікті елемей, дүниенің келеңсіз жағдайларынан алыстап, тек ғибадатқа ана көңіл бөледі.

Дастар – арнайы істелген сәлде тектес бас киім. Жанда, мелде, сәлделер басқа мәдениеттің артефактілері болғандықтан, қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдері санатына қосылмайды.

  • Әдеб: Валиханов Ч.Ч. О мусульманстве в степи. Собрание сочинений. Т.4. Алма-Ата: КСЭ., 1985;

2-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінге қарап аяқтаңыз.

Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі... .

...Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Құрбан айт мейрамы ... .

Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады,

. ... құрбандық етінен дәм татады

... . ауқатты адамдар қажылыққа барған.

Ертеде дін қызметкерлері өздеріне тән ... .

Орта Азия Д.-ларыны? киімі туралы зерттеген Р.Я. Рассудова ХІХ ?.-ды? ІІ жартысынан бастап Д.-лар арасында киімнің бірегей үлгісінің кең таралғандығын және ортодоксальды Д.-ларды? басында міндетті түрде ... . Ихрам (сөзбесөз мағынасы «тыйым»)– қажылар киетін айрықша киім. Ерте заманнан бері ихрам қажылықты ... .

... ғибадатқа кірер алдында адамдар киімдерін ауыстырып ихрам киеді.

... сәлде тектес бас киім.

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, өтініш, тілек мәнді сөйлемдер құрыңыз.

Үлгі:Ауқатты адамдардың қажылыққа бар+ғы+сы келеді.

1.....................................................................................................................

2. .

3. .

4. .

5. .

6. .

7. .

Жекеше

Көпше

І

Менің ашық айт+қы+м келеді

Біздің ашық айт+қы+мыз келді

ІІ

Сенің ашық айт+қы+ң келіп тұр.

Сіздің ашық айт+қы+ңыз келген

Сендердің ашық айт+қы+лар+ың келер

Сіздердің ашық айт+қы+лар+ыңыз келіпті

ІІІ

Оның ашық айт+қы+сы келетін

Олардың ашық айт+қы+сы келеді

Есіңізде сақтаңыз!