Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Мәтінді оқып, талдаңыздар.

Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарызармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Осынша сұлұлыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлер әрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір шалдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күш-жігерін, төгілген тері – еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. Туған жерім – алтын бесігім деп туған елді көркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді. Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жузден астам ұлт өкілдері тұрады.Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы - әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмандығында, жасампаздығы – жарқын істерінде деп түсінемін.Елімнің тарихында бұрын соңды болмаған саяси, әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістіктердің бірінен соң біріне қол жеткізіп жатыр.

Қазір қазақ елін бүкіл әлем таниды.

Мәтінді оқып, толықтырыңыздар.

Өз туған жеріңіздің көрінісін айтып беріңіз.

СӨЖ:

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.

4.Тұсаукесер жасаңыз

2-тақырып

Лексика: Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар

Грамматика: Етістік категориясы

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру

Етістіктің түрлері

Етістік – заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөз табы. Етістік не қылды? қайтті? (что сделал?), не істеді? не істейді? (что делает?), не істемек? не қылмақ (что будет делать?) деген сұрақтарға жауап береді.

Негізгі түбір етістіктер (непроизводные глаголы) – құрамы бөлшектеуге келмейтін біртұтас морфемадан тұратын сөздер. Мысалы: айт (скажи), күл (смейся), шап (руби), кет (уходи), қал (останься), жат (ложись), кес (режь).

Күрделі етістіктер (составные глаголы). Мысалы: айтып кет (скажи перед уходом), барып қайт (съезди), көріп шық (пройдись, посмотри), оқып бер (прочитай), орындап жатыр (выполняет), жақсы көру (любить).

Біріккен етістіктер (сложные глаголы). Мысалы: әпер (алып бер) – подай, әкел (алып кел) – принеси, әкет (алып кет) – забери.

Туынды түбір етістіктер (производные глаголы). Туынды етістіктер – сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын сөздер.

Жұрнақтары

Мысалдары

-ла, -ле

-да, -де

-та, -те

Ой (мысль) – ойлау (думать), таза (чистый) – тазалау (чистить), із (след) – іздеу (искать, идти по следу), құшақ (объятие) – құшақтау (обнять), іс (дело) – істеу (делать).

-лас, -лес

-дас, -дес

-тас, -тес

Қате (ошибка) – қателесу (ошибиться), ақыл (совет) – ақылдасу (советоваться), қош (прощай) – қоштасу (прощаться), көмек (помощь) – көмектесу (помочь).

-а, -е

-ай, -ей

Бос (свободно) – босау (освободиться), сан (число) – санау (считать), түн (ночь) – түнеу (ночевать), аз (мало) – азаю (уменьшаться), қарт (старик) – қартаю (стареть).

-ар, -ер, -р

-қар, -кер

-ғар, -гер

Жақсы (хорошо) – жақсару (хорошеть), көк (зелень) – көгеру (цвести), ұзын (длинный) – ұзару (удлиниться), бас (голова, глава) – басқару (возглавлять, руководить).

Туынды етістіктердің жұрнақтары етістіктен етістік тудыратын және басқа сөз таптарынан етістік тудыратын жұрнақтар болып екіге бөлінеді:

Етістіктен етістік тудыратын

Шық (выйди) – шығару (выпустить), жет (дойди) – жеткізу (довести), бүк (сгибай) – бүктеу (свернуть), күл (смейся) – күлдіру (рассмешить).

Басқа сөз таптарынан етістік тудыратын

Жоғары (высоко) – жоғарылау (подниматься), би (танец) – билеу (танцевать), арық (худой) – арықтау (худеть), ұсақ – ұсақтау (измельчить), майда (мелкий) – майдалау (разменять),

Болымсыз етістік – қимылдың, іс-әрекеттің болмауын білдіретін етістік. Болымсыз етістік -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, кел-ме, жаз-ба, тіз-бе, айт-па, кет-пе. Болымсыз етістік болымсыз мән беретін емес, жоқ сөздері арқылы да жасалады: барған жоқ, барған емес, келген жоқ, келген емес.

Болымды етістік қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді: кел, айт, жаз.

Тұйық етістік (неопределенная форма глагола) етістіктің түбіріне -у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: ходить – жүру, производить – өндіру, стоять – тұру, развивать – дамыту, участвовать – қатысу. Егер етістіктің түбірі «й» дыбысына аяқталса, -ю жұрнағы жалғанады: қой – қою – ставить.

1-тапсырма. Туынды етістіктерді тауып, құрамын түсіндіріңіз.

Мен туралы ойла. Сен қиярды тұздадың ба? Ол үйді әктеді. Сіз бізбен бірлесіңіз. Жаттығуды орындадың ба? Міндетті түрде онымен ақылдас. Бүгін қонақ үйде түне. Сен ән баста, ал біз жұмыспен айналысайық. Менің айтқанымды ескер. Осы істі өзің басқар.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып, туынды етістіктерді аударыңыз.

-ла, -ле, -да, -де,

-та, -те

-лас, -лес, -дас,

-дес, -тас, -тес

-а, -е, -ай, -ей

-қар, -кер, -ғар,

-гер, -ар, -ер, -р

баға...

көз...

дайын...

аяқ...

тіс...

белгі...

хабар...

аман...

әңгіме...

сәлем...

қош...

іс...

сан...

ат...

жас...

тең...

көп...

кең...

жас...

ақ...

оң...

су...

қысқа...

таза...

3-тапсырма. Етістіктерді оқып, орысша баламасын табыңыз. Мағыналарының айырмашылығын айтыңыз.

алу – бет алу, дем алу, рұқсат алу, тіл алу, қарсы алу, қол алу, тамақ алу;

аудару – көңіл аудару, мәтін аудару, табан аудару, ет аудару, жер аудару;

ашу – жол ашу, көз ашу, ми ашу, ораза ашу, жүрек ашу, жан ашу;

беру – көмек беру, ант беру, ақыл беру, қол беру, дауыс беру;

жету – бой жету, қол жету, хабар жету, ақыл жету, көз жету;

көру – азап көру, күн көру, қызық көру, пайда көру, жарық көру;

қою – ат қою, бас қою, сұрақ қою, құлақ қою, көңіл қою, қол қою;

салу – ән салу, көз салу, күш салу, айғай салу, құлақ салу.

4-тапсырма. Бірінші қатардағы сөйздердің сыңарын екінші қатардан тауып, күрделі етістік жасаңыз. Олармен сөйлем құраңыз.

1) Күліп, жарық, көңіл, ер, көшіріп, өмір, жәрдем, кешіге, шөлдеп, жаба.

2) Жіберу, көтеру, алу, кету, ету, жету, салу, сүру, жаздау, көру.

5-тапсырма. Берілген етістіктерден екі түрлі жолмен ІІІ жақтағы болымсыз етістік жасаңыз.

Үлгі: көру – көрмеді, көрген жоқ (көрген емес).

Көру, қою, басу, қазу, сүрту, сүзу, сөйлеу, ішу, сезу, қайту, тұру, сызу, тою, ренжу, созу, үзу, айтысу, көмектесу.

Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлап тұрған кезімен сәйкес болуын білдіреді. Қазақ тілінде осы шақтың екі түрі бар:

1) Нақ осы шақ (собственно-настоящее время) қимылдың тура сөйлеушінің хабарлап тұрған кезінде болуын білдіреді. Нақ осы шақтың екі түрі бар:

а) жалаң нақ осы шақ (простая форма) отыр, тұр, жатыр, жүр деген төрт етістік арқылы жасалады да, бұл етістіктерге жіктік жалғауы тікелей жалғанады.

І

ІІ

ІІІ

Мен отырмын.

Сен отырсың.

Сіз отырсыз.

Ол отыр.

Біз отырмыз.

Сендер отырсыңдар.

Сіздер отырсыздар.

Олар отыр.

ә) күрделі нақ осы шақ (сложная форма) негізгі етістік пен отыр, жатыр, тұр, жүр деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Негізгі етістік көсемшенің -п, -ып, -іп, -а, -е, -й тұлғасында тұрып, ал көмекші етістіктер жіктік жалғауында тұрып байланысады. Мысалы:

І

ІІ

ІІІ

Мен бар-а жатыр-мын.

Сен бар-а жатыр-сың.

Сіз бар-а жатыр-сыз.

Ол бар-а жатыр.

Біз бар-а жатыр-мыз.

Сендер бар-а жатыр-сыңдар.

Сіздер бар-а жатыр-сыздар.

Олар бар-а жатыр.

2) Ауыспалы осы шақ (настоящее переходное время) үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіріп, етістіктің түбіріне дауыссыздардан кейін көсемшенің -а, -е жұрнақтары, дауыстылардан кейін -й жұрнағы мен жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.

Мен университетте оқимын.

Сен университетте оқисың.

Сіз университетте оқисыз.

Ол университетте оқиды.

Біз университетте оқимыз.

Сендер университетте оқисыңдар.

Сіздер университетте оқисыздар.

Олар университетте оқиды.

7-тапсырма. Берілген етістіктерден жалаң нақ осы шақ формасын жасап, сөйлем құраңыз.

Мен жатыр..., тұр..., жүр...

Сен жатыр..., тұр..., жүр...

Сіз жатыр..., тұр..., жүр...

Ол жатыр..., тұр..., жүр...

Біз жатыр..., тұр..., жүр...

Сендер жатыр..., тұр..., жүр...

Сіздер жатыр..., тұр..., жүр...

Олар жатыр..., тұр..., жүр...

8-тапсырма. Кел, апар, әкел етістіктерінен нақ осы шақтың күрделі түрін жасап, сөйлем құраңыз.

9-тапсырма. Берілген етістіктерді жалаң, күрделі және ауыспалы осы шақтарда жіктеңіз: оқу, көрі, әкелу, апару.

Келер шақ (будущее время) сөйлеушінің хабарлауынан кейін болатын қимыл-әрекетті білдіреді. Келер шақтың түрлері:

1. Болжалды келер шақ (будущее предположительное/неопределенное время) есімшенің -ар, -ер, -р жұрнақтары арқылы жасалып, қимыл-әрекеттің келешекте болу-болмауына күмәндануды, болжал-жорамал жасауды білдіреді. Мысалы: кел-ер – возможно, придет, көр-ер-сің – возможно, увидишь

І

ІІ

ІІІ

Мен демал-ар-мын, кел-ер-мін,

ойла-р-мын

Сен демал-ар-сың, кел-ер-сің,

ойла-р-сың

Сіз демал-ар-сыз, кел-ер-сіз, ойла-р-сыз

Ол демал-ар, кел-ер, ойла-р

Біз демал-ар-мыз, кел-ер-міз,

ойла-р-мыз

Сендер демал-ар-сыңдар, кел-ер-сіңдер, ойла-р-сыңдар

Сіздер демал-ар-сыздар, кел-ер-сіздер, ойла-р-сыздар

Олар демал-ар, кел-ер, ойла-р

2. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения) -мақ/-мек, -пақ/-пек, -бақ/-бек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, қимылдың болу мақсатын білдіреді.

І

ІІ

ІІІ

Мен қайт-пақ-пын

(я намерен вернуться)

Сен қайт-пақ-сың

Сіз қайт-пақ-сыз

Ол қайт-пақ

Біз қайт-пақ-пыз

(мы намерены вернуться)

Сендер қайт-пақ-сыңдар

Сіздер қайт-пақ-сыздар

Олар қайт-пақ

3. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время) етістіктің түбіріне -а, е,-й жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

І

ІІ

ІІІ

Мен телефон шал-а-мын

(я буду звонить)

Сен телефон шал-а-сың

Сіз телефон шал-а-сыз

Ол телефон шал-а-ды

Біз телефон шал-а-мыз

(мы будем звонить)

Сендер телефон шал-а-сыңдар

Сіздер телефон шал-а-сыздар

Олар телефон шал-а-ды

10-тапсырма. Берілген сөздерді ауыспалы, мақсатты, болжалды келер шақта жіктеңіз.: жаз, келіс, сөйле, ойла.

Өткен шақ (прошедшее время) қимыл-әрекеттің сөйлеушінің хабарлауынан бұрын болғанын білдіреді. Өткен шақтың түрлері:

1) Жедел өткен шақ (недавно прошедшее время) етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

І

ІІ

ІІІ

мақта-ды-м (я хвалил)

мақта-ды-ң (ты хвалил)

мақта-ды-ңыз (Вы хвалили)

мақта-ды (он хвалил)

мақта-ды-қ (мы хвалили)

мақта-ды-ңдар (вы хвалили)

мақта-ды-ңыздар (Вы хвалили)

мақта-ды (они хвалили)

2) Ежелгі (бұрынғы) өткен шақ (давнопрошедшее время) көсемшенің -п, -ып,

-іп жұрнақтары арқылы жасалады.

І

ІІ

ІІІ

Мен көр-іп-пін (оказывается, я видел)

Сен көр -іп-сің (оказывается, ты видел)

Сіз көр -іп-сіз (оказывается, Вы видели)

Ол көр -іп-ті (оказывается, он видел

Біз көр -іп-піз

Сендер көр -іп-сіңдер

Сіздер көр -іп-сіздер

Олар көр -іп-ті

3) Анық өткен шақ (достоверное прошедшее время) есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады.

І

ІІ

ІІІ

аш-қан-мын (я открыл)

аш-қан-сың (ты открыл)

аш-қан-сыз (Вы открыли)

аш-қан (он открыл)

аш-қан-быз (мы открыли)

аш-қан-сыңдар (вы открыли)

аш-қан-сыздар (Вы открыли)

аш-қан (они открыли)

4) Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время) көсемшенің –атын, -етін, -йтін, -йтын (тогда, бывало) жұрнақтары арқылы жасалады.

І

ІІ

ІІІ

Мен ұш-атын-мын (я тогда летал)

Сен ұш-атын-сың (ты тогда летал)

Сіз ұш-атын-сыз (Вы тогда летали)

Ол ұш-атын (он тогда летал)

Біз ұш-атын-быз

Сендер ұш-атын-сыңдар

Сіздер ұш-атын-сыздар

Олар ұш-атын

11-тапсырма. Берілген етістіктерден өткен шақтың формаларын жасап, сөйлем құраңыз: бар, сөйле, қуан, оқы, күл.

10- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, етістіктің барлық категориясында түрлендіріңіздер.Сөйлемдер құрастырыңыздар.

Марапаттау,сыйлық беру, стипендия алу, жариялау, кандитатураны ұсыну,құрметке ие болу, төлем картасына ие болу,

Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыздар.

Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары — Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапатталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн. Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi."Алтын Қыран" орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Өзге мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi. Наградтау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн. Шет ел азаматтары наградтауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, басқа министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi. Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.

Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды. Құрметті атақтар қайталап берілмейді. Еліміздің мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.

Наградалар жөнiндегi ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Жыл сайын Қазақстанда жас білім алушыларға мыңдаған білім гранттары бөлінеді. Білім гранты жоғары білімді тегін алудың мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ білім алушыға ай сайынғы ақшалай жәрдемақыны, яғни стипендияны төлеуді көздейді.Стипендия мөлшері көптеген факторларға байланысты, төменде біз солар туралы айтамыз.

Білім беру мекемелеріндегі стипендиялардың түрлері

Бірінші кезекте стипендия жоғары білім беру мекемелерінің (ЖОО), сондай-ақ кәсіби техникалық мекемелердің  (КТМ, колледждер) студенттеріне де төленетінін атап өтелік.

Мемлекеттік стипендиялардың түрлері:

1.ең төменгі мемлекеттік стипендия (оны әрі қарай әдеттегі деп атайық);

2.ұлғайтылған мемлекеттік стипендия;

3.президенттік мемлекеттікстипендия (жоғары оқу орнының студенттері үшін ғана көзделеді).

Стипендияны алу үшін студентке төлем картасына ие болу қажет. Төлем картасын дайындау 45 күнді алады. Қазіргі уақытта картаны рәсімдеу үшін өзімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті. Төлем картасын білім алушының қалауы бойынша екінші деңгейдегі кез келген банкте ашуға болады. Егер бірінші оқу айында білім беру мекемесінде сізде төлем картасы болмаса немесе ол дайындалу кезеңінде болса стипендияны оқу орнының кассасынан алуға болады.

Егер сіз білім грантының иегері болсаңыз, онда алдымен сізге бірінші семестрдің аяғына дейін әдеттегі (ең төменгі) стипендияны есептейтін болады. Есептелу ай соңына келеді. Бірінші емтихан сессиясынан өту қорытындылары бойынша білім алушы «үздік» және «жақсы» бағаларға ие болса, ол стипендияны әрі қарай алу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші емтихан сессиясынан өту қорытындылары бойынша студентте тек «үздік», деген бағалар болса, онда келесі семестрде ол 15%-ға ұлғайтылған стипендия алады. Жазғы демалыстар кезеңіндегі стипендия екі ай үшін жиынтық (шілде, тамыз) төленеді, әрине ол үшін студент жазғы сессияны «жақсы» және «үздік» бағалармен аяқтауы тиіс. Есептеу ай соңында болады.Ереже бойынша білім алушыларға стипендияны төлеу уақытша немесе мүлде тоқтауы мүмкін белгілі бір себептер туындайды.

  1. Егер білім алушы емтихандары білім беру мекемесі белгілеген уақытта негізді себептермен тапсыра алмаса (ауру, отбасы жағдайы, табиғи апаттар), білім беру мекемесінің басшылығы білім алушы растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін сынақтар мен емтихандарды тапсырудың жеке кестесін белгілейді, осыдан кейін стипендия тағайындалады.

  2. Егер студент бір білім беру мекемесінен екіншісіне ауысса, стипендияны төлеу оқу жоспарындағы айырмаларды жойғаннан кейін жүзеге асырылады.

  3. Егер студент емтихан сессиясын тапсыру нәтижелері бойынша кем дегенде бір пәннен «қанағаттанарлық» бағаға ие болса, онда ол автоматты түрде  келесі емтихан сессиясын тапсырғанға дейін стипендиядан айрылады.

  4. Егер білім алушы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе мүгедек бала болса стипендияны есептеу сондай-ақ емтихан сессиясын тапсыру мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылады.

  5. Егер студент академиялық демалыста болса стипендия төленбейді.

  6. Егер студент оқудан шығарылса немесе оқу орнынан өз қалауы бойынша кетсе, стипендия төленбейді.