Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата – ана  және бала құрайды.  Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды.  Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай.

Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу)

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, —  сөзінен белгілі.

Орындалатын тапсырмалар:

Отбасы дегенді өзіңіз қалай түсінесіз ?

Сіздің отбасыңызда кім басты рөл атқарады ?

Отбасы мәселесін негізінен кім шешеді ?

Неке мәселесіне көзқарасыңыз қандай ?

Қоршаған ортаңызда бұл мәселеге қалай қарайды,пікір айтады ?

Отбасында ата аналарыңыз қандай өсиет айтады ?

СОӨЖ Үлгілі отбасы

Отан әрбір шаңырақтан басталады. Шаңырақ шаттығын ойлаған жан отбасындағы жарын, балаларын сүйеді. Осы сүйіспеншілік айналасындағы адамдарды, туған-туыстарын жақсы көруге, бауыр тартуға ұласады. Мұның арғы жағында Отан деген үлкен ұғым шығады. Осы үлкен шаңырақтың уығын мерейлі отбасылар ұстап тұрады. Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, бізде әрбір отбасы өз Отанының шынайы патриоты болуы керек.

Отан, отбасы мерейін үстем ету жолында елімізде атқарылып жатқан игі шаралар көп. Мәселен, былтыр Астанада алғаш рет республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтті. Оған ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Түркістан қаласының құрметті азаматы Елтай Бимаханбетовтің отбасы қатысып, бас жүлдені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алып қайтты.

Адамды орта тәрбиелейді. Отағасы тек қана өз отбасының айналасында қалмай, өскен, қоршаған ортасына да көбірек көңіл бөлуі тиіс. Отағасы мен отанасының мәдениеті, бүкіл болмысы, жан дүниесі, бетінен көрініп тұрған иман-ұяты, балаларына берген тәрбиесі, тіптен жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі, киген киіміне дейін жасыл баққа кіріп барғанда алдыңнан жұмсақ та жұпар бір леп мерейлендіре қарсы алады ғой, сол сияқты көрген сәтте бойыңа лып етіп жылу дарытатын ерекше қасиеті болуы тиіс. Нағыз мерейлі отбасылар міне, осындай шаңырақтан шығады. Олар отбасы, ошақ қасында да, көпшілік ортасында да сол бір жарасымдылықтарын, сүйкімділіктерін сақтап, өнерімен де өзгешеленсе, қандай жарасымды! Мұндай отбасылар көрші-қолаңмен, ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынаста болады. Қызғаныш деген қызыл иттің маңайынан жүрмейді. Маған болған жақсылық басқалардың да бақшасынан табылса екен деп тілейді. Жетім-жесірлерге, жоқ-жұқаналарға барын бөліп береді. Ұлттық құндылықтарды берік сақтайды. Дәстүр – жазылмаған заң. Міне, осы заңды құрметтей білу керек. 

СӨЖ: