Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Білім, ғылым, инновация – Қазақстан экономикасы дамуының локомотиві

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Қазақстандықтардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерінің шешілу жолдарының он негізгі бағыт - бағдарларын айқын көрсетіп берді. Атап айтсақ, оларға еліміздегі жұмыссыздықты жою, Әрбір отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, адамдарға сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын арттыру сияқты әлеуметтік салаларды дамыту жатады. Елбасы индустриялы-инновациялық даму аясында «Жезқазған – Бейнеу және Арқалық Шұбаркөл темір желілері, Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешені, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыт» және т.б жобалар іске асырылатынын айтты. Сонымен қатар, кездегі еліміздегі басты мәселе ғылымның дамуын ңамтамасыз Жолдауда білім мен ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінетіні көрсетілген. Мысалы, ғылыми–зерттеу жұмыстарын инновациялық гранттар арқылы қаржыландыруға арттырылатыны көзделуде. Қазіргі ететін мамандарды даярлау. Оның бірден бір жолы жастарды ғылымға тарту. Оның тартымды жолы білім мен ғылымды интеграциялау. 2007 жылғы Елбасының халыққа Жолдауында академиялық институттар мен ірі университтетерді қосу туралы айтылды. Осы саясаттың аясында А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты мен Д. В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты қосылып қазақ Британ Техникалық Университеті құрылды. Мұндай шараның іске асырылуы екі жаққа да тиімді болды, яғни институт ғалымдары университетте сабақ беріп қосымша табыс табуға мүмкіндік алса, университеттің талантты білімгерлері ғылыми институттың зертханаларында ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеп өз қабілеттерін шыңдау арқылы жаңалықтар ашу мүмкіндігіне ие болды. «Ғылым туралы» заң аясында бұдан былай зерттеу университеттерін көптеп ашу қарастырылады. Бүгінгі күні осы идеяны іске асыратын бірден бір жоғары оқу орны «Назарбаев университеті», ол білім, зерттеу, инновациялы? процестерді ұштастыруда. Бұл оқу орнында оқитын білімгерлер жоғары курстарда ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын болады. Келешекте Назарбаев университетінің тәжірибесін басқа да жоғары оқу орындарына насихаттау, оқу үдерісін индустриялық-инновацияға сай өткізуді қажет етіп отыр. Қазіргі кездің өзінде елімізде он инновациялық бағыттағы университет анықталып, әрқайсысына жылына 200 миллион тг қаржы бөлінбекші.

Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық білім ошақтарын жаңғырту ісінен басталған ірі жоба жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін оқу орындарына білікті, ірі білімді шетелдік ұстаздар тарту мәселесін қолға алды. Сонымен қатар әлемнің үздік оқу орындарына жастарды оқуға жіберу мәселесі қарастырылды. Академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-мен білімгерлер алмасу жүйесі қолға алынды.

Жекеше

Көпше

І

Мен тыңда+са+м

Біз тыңда+са

ІІ

Сен тыңда+са

Сіз тыңда+са+ңыз

Сендер тыңда+са+ңдар

Сіздер тыңда+са+ңыздар

ІІІ

Ол тыңда+са

Олар тыңда+са

. Шартты бағыныңқы

а) Етістіктің шартты рай түрінен болады.

ә) Етістіктің болымсыз түріне –йынша,-йінше жұрнағы арқылы.

Қар жауса, балалар қуанады.

Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырма+йынша,

.

Есіңізде сақтаңыз!

Есте нені сақтап, нені сақтамау керек

Бір адам данышпаннан:

– Есте нені сақтау керек және нені ұмыту керек?– деп сұраған екен.

Данышпан:

Егер біреу саған жақсылық еткен болса, есіңде сақта, ал егер өзің біреуге жақсылық еткен болсаң, оны ұмыт,– депті.

Үнді ертегісінен

2-тапсырма. Шартты бағыныңқылы сөйлемдерді табыңыздар.

Көптеген келісімдер тауарды жеткізіп тұру мақсатында емес, бағаны ауытқыту барысында пайда табу үшін жүргізіледі. Ерінбей еңбек етсең, еңбегіңнің жемісін көрерсің. Сатушы ретінде қор биржасында брокерлер ғана сөйлей алады, сол үшін айналымнан белгілі пайыз табады.

3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құраңыздар:

Еңбек биржасы, қор биржасы, тауар биржасы.

Ғылым, инновациялық технология, жолдау, қаржыландыру, қамтамасыз ету, кешен, бюджеттік шығындар, индустриялы-инновациялық даму, грант.

4-тапсырма. Мақалды мәнерлеп оқыңыз, дәптеріңізге жазыңыз. Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.

Мақал

1. Елін сүйген ерлік істейді.

2. Халықтың ортақ үйі – Отаны.

3. Өз ошағыңның түтіні көзіңді ашытпайды.

4. Елін сатқан итаяқтан ас ішер.

5. Үйіңде атаңның намысын ойла,

Шет жерде Отаныңның намысын ойла.

5-тапсырма. Мәтінді орысшаға аударыңыз . Сөйлемдерді шарт мәнді сөйле мге айналдырыңыз.