Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Қимыл есімдер қызметі

Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, істің жалаң өзін ғана білдіретін етістіктің түрі-қимыл есімі.

Қимыл есімі етістіктің түбіріне –у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.Қимыл есімі (тұйық етістік) басқа етістіктерге қарағанда бұлар заттануға бейім. Сондықтан да болар басқа дербес мағынасы бар етістіктер негізінен баяндауыш қызметінде жұмсалса, бұл етістіктің де түрі жалғауларсыз кейде жатыс жалғауында тұрып баяндауыш болатыны бар.Оның мақсаты-оқу .Өмір бірсыдырғы жалғасуда.

Сонда қимыл есімдері сөйлемнің басында көбіне бастауыш болуға бейім болса, ал олар заттану арқылы көптеледі,септеледі,тәуелденеді.Осысына байланысты сөйлемде олар толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та қызметте жұмсалады.

Жақындап қалған  Жұманнан Омар қашуды да ұят көрді (Ғ.Мұстафин). Күресуге дәрмені жоқ Жұмаш жүруі үшін қайғырмады.

Мысалы, бару, келу, жүру, санау, бұрғылау, алмау, қалмау, жуыну, тарану, алғызу, сөйлесу т.б. Қимыл есім қимыл, іс-әрекеттің атын білдіріп, солардың атауы болатындықтан, заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады, тіпті кейбір Қимыл есімдер белгілі бір заттың атын білдіріп, зат есімге айналып кеткен. Мысалы: егеу, қашау, көсеу. Мұндай сөздердің бір қатары әрі етістік, әрі есім ұғымын білдіретін омонимдік сипат алған. Бұлар мағынасына қарай былайша топталады: 1. Үй бұйымдары атаулары: жабу, жасау, бояу, сабау, тіреу. 2. Құрал атаулары: егеу, қашау, көсеу. 3. Мекен-жай атаулары: егеу, қашау, көсеу, асу. 4. Деріксіз ұғымдық қасиеті бар зат атаулары: оқу, тергеу, жоқтау, нұсқау т. б. Қимыл-есім тұлғалы омонимдердің зат есімге айналған түрі контексте айқындалады: ағашты қашау, қашау — таптырмайтын құрал, қаңылтырды бояу, дүкенде бояу сатылып жатыр, кітап оқу, оқу инемен құдық қазғандай т. с. с. Қимыл есімдер түрленуі жағынан болсын, мағынасы жағынан болсын зат есімге жақын жатқанымен, ол өзінің бастапқы етістікке тән мағынасынан қол үзбейді, яғни Қимыл есім етістік мағынасын сақтай отырып, әр түрлі қимылдық қатынастарды білдіреді. Мұндай қимылдық қатынастарды білдіруі Қимыл есімнің тұлғалық жағынан түрленуіне байланысты. Қимыл есімдер септелуге байланысты толықтауышбастауышпысықтауыш қызметін, кейде өзінің бастапқы қалпында тұрып, баяндауыш қызметін де атқара алады. Мысалы: сөйлеуді ұнатады, бояу өң береді, айтуға келді, мақсат-өнімді арттыру, тұрмысты жақсарту. Қимыл-есімдер керек, қажет тәрізді модальдық сөздермен тіркескенде, предикаттанып, баяндауыш қызметін өтей алады. Предикаттану, көбінесе қимыл-есімнің тәуелденіп, оның белгілі бір жаққа тән екендігінен байқалады. Мұндай синтаксистік құрылымда қимыл иесі ілік септігінде тұрады. Мысалы: Менің баруым керек. Сенің баруың керек. Оның баруы керек. Қымыл есімнің модальдық сөздермен тіркесуінен туындаған предикаттану оның сөйлемдегі синтаксистік қызметіне тікелей байланысты. Қимыл-есімнің керек, қажет, тиіс сөздерімен тіркескен түрі міндеттілік мәнді білдіріп, жақсыз сөйлемдер құрауға түрткі болады. Мысалы, Біздің жиналысқа баруымыз керек. Сіздің осында келуіңіз қажет. Қимыл есімдер тиіс модальдық сөзімен тіркескенде предикаттанып, баяндауыш қызметін атқара алады. Мұндай жағдайда қимыл иесі атау септігінде тұрады да, қимыл-есім көбіне барыс септік жалғауын қабылдайды. Мысалы: Біз келуге тиіспіз (тиістіміз). Сіз келуге тиіссіз (тиістісіз). Ол келуге тиіс (тиісті). Қимыл есімдерге - лық, - лік әсіресе - шы, - ші жұрнақтары жалғану арқылы туынды зат есімдер жасалады. Мұндай жағдайда қимыл-есім туынды түбірге негіз болады. Мысалы: жазушы, сатушы, оқушы, оқулық, жалғаулық т.б. Сонымен, Қимыл есімдер тиісті тұлғада түрленуіне қарай, белгілі сөздермен тіркесуіне орай сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене алады.

1-тапсырма.Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, қимыл есімді сөздерді табыңыз.Жасалу жолын түсіндіріңіз.

1.Гүлнар әзірге емі жоқ сырқаттың емін табуды арман еткен (С.Мұқанов) 2.Жауын бірде себелеуін, бірде төгуін қоймайды (С.Мұқанов).3.Ырылдауы мен арсылдауын ғана молайтып тұр (М.Әуезов).4.Ол қажуды,ерінуді білмейтін (Ж.Бектұров).5.Жоқшылық жалтаруды да,жол табуды да үйретер (мәтел). 6.Амантай тобы тығыла беруді қойып,көрініс беруге топтанып, Меңіреуден далаға шығып жүруге айналды(С.Мұқанов).7.Ал мынадай тас қараңғы түнде олардың жабыла қарқылдауын бірінші рет естіді(Ә.Орынбаева). 8.Одан ары тәжікелесіп тура беруді ар санады ма, Ақан жедел басып,үйіне кіріп кеткен(О.Бөкеев).9.Мен өтірік айту дегенді, көзге күлімдеу дегенді, біреуге жарамсақтану дегенді білмеймін (Х.Есенжанов).10.Бұл өңірде ол-қыста-жазда,күндіз-түнде,ақ боран жауында адасу дегенді білмейтін сахараның көреген көзі (М.Әуезов).11.Ол жұртққа ұқсап көлденең көзден қымсыну дегенді білмейді(Ә.Кекілбаев).12.Қазір ат жегуді өтінемін (Х.Есенжанов).13. Әсіресе алғашқы жылы мал қыстатуды абыройлы өткізуге Нұрекеңнің үлкен ықпалы болды (С.Тәнекеев).14.Жүкшілер де Жұманның жөн сілтеуін күтіп тұр (Ғ.Мұсірепов).15.Сондықтан саған хат жазуды дұрыс деп таптым ( Б.Бұлқышев)

2-тапсырма.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырып, қимыл есімді сөздердің жасалу жолын түсіндіріңіз.

Жабу, жасау, бояу, сабау, тіреу, бару, келу, жүру, санау, бұрғылау, алмау, қалмау,

егеу, қашау, көсеу, қысау,жайлау, бақылау.

3-тапсырма.Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Осындай кең байтақ елде ...... мен үшін мақтаныш.2.Біз жыл сайын жазғы демалысымызды .... ұмытпаймыз.3.Менің досым тау шаңғысымен .... жақсы көреді.4. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын .... мүмкіндік береді.5. Археологтардың ....Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген.6.Бұрын біз әр ісімізді... , ... әдетке айналдырған едік.7. Өзенде ... , жүзуден ... әр баланың өткен шағының естелігі.8.Еліміздің көрікті жерерін ....туристер көп келеді.

Керекті сөздер:тұру,жоспарлауды,айналысуды, дамытуға, айтуы бойынша, нақтылауды, ақылдасып істеуді,шомылу, жарысу,тамашалауға

4-тапсырма.

Сұхбатты оқып, талдаңыздар.

Айдар:География сөзінің мағынасы қандай?

Дүрия: География (гр.γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр.γαία — «Жер» және гр.γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу» — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.

Айдар:Иә, есіме түсті.Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылымдар кешені.

Дүрия: Географиялық ғылымдардың зерттеу нысандарын айтшы.

Айдар: геосфера(биосфера,атмосфера,литосфера,гидросферажәне жер қабаты) жәнегеожүйелерді(ландшафтты, табиғи аймақтарды,

биогеоценоздыт.б.) белгілі бір территорияның аймақтың, нысанның, құбылыстың немесе процестің уақыт пен кеңістікке байланысты ерекшеліктері туралы білім жиынтығы (мысалы, мұхиттар мен құрлықтар географиясы,Қазақстан географиясы, дала географиясы,әлеуметтік география,тарихи география).

Дүрия:Ал мен еліміздің орманды алқаптары туралы мынадай ақпарат жинадым. Көлемі жағынан Қазақстан Ормандарының жартысынан астамын шөлді аймақтардағы сексеуілді Ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара сексеуіл мен ақ сексеуіл) өседі.

Айдар:Осы біз де Қазастанның әр түкпірінен келіп отырған жоқпыз ба?

Дүрия:Иә,Айдар дұрыс айтасың.Онда еліміздің әркім өз туған жерінің табиғатын, жер қойнауы байлығы, ерекшелігі жөнінде сипаттасын.

Айдар:Ал, ендеше бастайық!

5-тапсырма.

Мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыздар.