Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі

Қазақстан- көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны -17 миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанның 14 облысында 130 ұлттың өкілдері тұрады.

Қазақстан- батысында Каспий ойпаты, шығысында Алатау тауларына дейін 3000 шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь –Шань шыңдарына дейін созылып жатыр.Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады.

Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.  Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің, екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (46°30' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°20' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізіарқылыӘзірбайжан,Иранелдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен зерттелген.Ауыл шаруашылығы өндірісі аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланысты. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.

 Оңтүстік Қазақстан — республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары — мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі.Оңтүстік Қазақстан — ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.

Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің көбі (көкөніс, жеміс) Қазақстантанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс-жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1,5-2 ай ерте піседі.

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары өте жақсы дамыған. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады.

Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану, т.б. мәселелерімен Көкшетау қаласында орналасқан .Орман-тоғайлар қыста климаты суық,жазы жылы жақтарда болады.Мәңгі жасыл ағаштардың қыста да жапырақтары түспейді.Олар әлемнің солтүстік аудандарындағы ормандарда өседі.

Отын өнеркәсібі саласындағы жетістіктер ел экономикасын дамытудағы рөлі зор. Каспий қайраңында мұнайдың қоры шоғырланған. Онда болжам бойынша жалпы геологиялық қоры- 4,5 млрд.тонна.Газ өнеркәсібі Қазақстандағы отын өнеркәсібінің ең жас саласы.

Көмір өндіру саласы Қазақстан Республикасының ертеден қалыптасқан отын өнеркәсібінің дәстүрлі саласы. 

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырышқорғасынмыскүмісалтынкадмийсүрме,күшәлатеміркүкіртвисмутиндийгалийселентеллурсынапқалайытанталниобиймолибденвольфрамтитанникель,кобальткөміржанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.

Ақтөбе Облысы Қазақстанның ең маңызды өнеркәсіп ауданы болып табылады. Оның көлемі шамамен 300 мың шаршы км. Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Бұл аймақ шығыс пен батыста әр жағынан үш облыспен шектеседі. Шығыс жағында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары. Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. 

Солтүстік Қазақстан негізінен теміртас көмір өндіруге, электр қуатыферроқорытпаалюминий өндірісіне, мұнай өңдеуге маманданған. Сонымен бірге мұнда АӨК-ң ауыл шаруашылығы салалары (астық және мал шаруашылығы), тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған.

Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбестбоксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі саналатын, алюминий тотығын өндіретін республикадағы жалғыз Павлодар алюминий зауытына жіберіледі.Мұнай өнімдерін өңдеуден шығаратын зауыт Павлодарда жұмыс істейді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарса, Павлодарда - тракторлар, Макинскіде - олар үшін қосалқы бөлшектер, ал Қалқаманда - бульдозерлер шығарылады. Солтүстік Қазақстанда куатты электр стансалар Екібастұз және Майкүбі алаптарында тек Қазақстанды ғана емес, ЖЭС-терін қамтамасыз ететін қоңыр және тас көмір өндіріледі.Құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады (Астана мен Қостанай). Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы Тамақ және жеңіл өнеркәсіптердің дамуына ауыл шаруашылық базасының бай болуы ықпалын тигізеді. Тамақ өнеркәсібі салаларының (ет, ұн тарту-жарма, сүт, май шайқау) аймақ экономикасында алар орны ерекше.

- Мәтінді оқып,мазмұын талдаңыздар.

- Өзара сұхбат құрастырыңыздар.

- Аса ірі өндірістік қалаларды білесің бе ?

- Солтүстік Қазақстан негізінен не өндіреді ?

- Оңтүстік Қазақстан қандай аудан ?

- Ландшафттану деген не ?

- Қазақстан аумағы қандай ?

- Шығыс Қазақстан облысы немен айналысады ?

- Өзің тұратын аймақ қандай ?

- Қазақстанның табиғаты қандай ?

СОӨЖ

Өлең жолдарын оқып, жаттап алыңдар.

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,   Бетінде күннің нұры балқыған көл.   Жарысып саф күмістей ақ көбігің,   Мәп-мәйда мөлдірінде қалқыған көл.   Сасық деп еркелетіп ат қойған көл...   От-суға иең тұрсын жат тойған көл,   Назданып жүйрік мініп, тарлан шүйіп   Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл...

Мағжан Жұмабаев