Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.

4.Тұсаукесер жасаңыз

5-тақырып.

Лексика: Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері.

Грамматика: Көсемше етістік.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру

Көсемше - өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категорияКөсемше де етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті шақка байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

Көсемшенің жұрнақтары :

  • Шарт: майынша, мейінше

  • Мезгіл: ғанша/генше, қанша/кенше

  • Өткен шақ: ып, іп, п

  • Осы шақ: а, е, й

  • Мақсатты келер шақ: ғалы/гелі, қалы/келі

Мысалдар:Материалды дұрыс меңгермейінше тапсырманы орындау мүмкін емес.Қоранның төбесі ашылып қалыпты (М. Ә.)— Анау өрмекшіні көресің бе, не істеп жүр?— Көремін, өрмек тоқып жүр (Ы. А.). Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді (Ы. А). Абай да Жұмабай да қызыға тыңдасты (М. Ә.). Төл үйдің пешін жапқалы Назыкеш төбеге шығып еді (Ғ. М.). Бірақ көзінде жайнай жанған от білінді (М. Ә.).

Көсемшенiң жұрнағы бар мақал-мәтелдер: 1. Дұшпан кулдiр[iп] айтады, Дос жылат[ып] айтады. 2. Досы көптi жау алма[й]ды, Ақылы көптi дау алма[й]ды. 3 Асқар тау алыстан көрiн[е]дi. 4. Сын тузелме[й],мiн тузелме[й]дi. 5. Ат баспа[й]мын деген жерiн уш басар, Ер татпа[й]мын деген дәмiн уш татар. 6. Ақылды адам айтқызба[й] бiл[е]дi, Ақсұнқар қаққызба[й] iл[е]дi. 7. Адамды тусiне қара[п] таныма, Iсiне қара[п] таны.

Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. (Дәптерге орындайды)

1. Таң----------------------жымыңда+п тұр

2. Жұлдыз----------------ағар+ып атты

3. Ай------------------------жау+ғалы тұр

4. Боран-------------------сыңғырла+й соғылды

5. Қоңырау---------------жарқыра+й+ды

6. Жаңбыр----------------гуілде+й соқты

Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

   Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

   Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

   Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

   Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

   Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

   Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Ең тәтті де – тіл,  Ең ашты да – тіл,  Ең жұмсак та – тіл,  Ең катты да – тіл.

Тіл – ұлттың жан дүниесі.  Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

Тіл  Ұлы, құдіретті;  Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;  Біздің болашағымыз – ана тілінде!  Рухани байлық.

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:

  • мәдени әрекет,

  • мәдени орта,

  • мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және

  • мәдени ұйымдар мен ұжымдар.

Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер:«Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы» - деген. 

Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады.

Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның

мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.

Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі

Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндемеграфика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер.