Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор Қасым Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Әлкебаева Д.

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

«Қазақ тілі» пәні мемлекеттік міндетті пәндер модулі аясында гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы факультеттердің орыс бөліміндерінде оқытылады. Аталған пәннің типтік оқу бағдарламасын жасау барысында жоғары білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2013 ж. 16 тамызындағы №343 бұйрығы), Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 д. 11 шілдедегі №151-І Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2011 ж. 29 маусымдағы №110 Жарлығы басшылыққа алынды.

Саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени әлеуеті артқан, халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналып, әлемдік деңгейдегі халықаралық одақтар мен ұйымдардың мүшесі болған бүгінгі Қазақстан Республикасы болашақта дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарынан көрінуді мақсат тұтады. Сондықтан қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, рухани, мәдени өресі кемел, білікті, тілдік құзіреттілігі жоғары маман даярлығымен тығыз байланысты. Бұл ретте оғары оқу орындарында қазақ тілінің жүйелі оқытылуы – ҚР-ның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік маңызы бар бағыттардың бірі. Қазақстан халықтарын біріктіруші фактор ретінде танылған мемлекеттік тіл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту», - деп жазылған. Демек, халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге сүйене отырып, ЖОО-да қазақстандық, сонымен қатар шетелдік студенттерге қазақ тілін заманауи технология, үздік әдіс-тәсілдер негізінде жүйелі, яғни деңгейлі үйретіп оқыту – заман талабы.

«Қазақ тілі» пәнінің Типтік оқу бағдарламасын құрастыру барысында ғылыми негізділік, жүйелік, пәнаралық байланыс, тілдерді салыстыру, салғастыру қағидалары басшылыққа алынды.

ЖОО студенттеріне қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік біліктіліктің лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық, стратегиялық және мәдениәлеуметтік субъективті біліктілік сияқты компоненттерін дамытуға назар аударылды.Лингвистикалық біліктілікке қол жеткізу мақсатында тіл үйренушінің лексика-грамматикалық дағдыларын жетілдіру, қазақ тілінің грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктерін қолданып, әдеби нормада еркін сөйлеп жаза білу дағдыларын шыңдау мақсаты қойылды. Қазақ тілінің функционалды грамматикасының сөйлеу әрекетінлегі қызметі тұрғысынан түсіндірілуіне баса назар аударылды. Грамматикалық материалдар аудиторияның ерекшілігіне, оқытушының тілдік даярлық аясында өзге тілдердің грамматикасымен салғастырыла, салыстырыла үйретіліп, мемлекеттік тілді практикалық және кәсіби мақсатта қолдануға мүмкіндік беретін тілдік дағды, машықтарға қол жеткізу көзделді. ЖОО студенттерінің қоғам өмірінің барлық саласында өзге қоғам мүшелерімен қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасап, түрлі мәселелер бойынша өзіндік көзқарас, пайым, пікірлерін білдіруіне мүмкіндік беретін әлеуметтік тілдік білікті дамытуға көңіл бөлінді.

Дискурстық білік дағдыларды жетілдіретін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты тілдік бірліктерді өзара байланыстыра қолдануды оқып үйретуге ерекше мән берілді. Тілдің тұлғаның тілді қолдану барысында ажіберілетін қателерді болдырмау үшін өзіндік іздесінісін дамытатын стратегиялық біліктерді арттырату көзделді.

Қазақ тілін оқып үйрену арқылықазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен ұлттық ойлау жүйесін меңгеруге бағыттайтын мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілікті жетілдіруінің маңызы ескерілді.

Нәтижесінде, тіл үйренуші жеке дара және топтық, ұжымдық бірлестікте жұмыс істей отырып, мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолдануға дағдыланды. Тіл үйрену процессін тежейтін психологиялық кедершілерді жеңе отырып, қоғам мүшелерінің арасында өзара сенім, сыйластық, түсіністікке қол жеткізеді. Тіл үйренуші қазақ тілінде жарияланған БАҚ, интернет сайт материалдарымен түпнұсқада танысып, түрлі мәселелерге қатысып өзіндік көзқарас, ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алады. Тіл үйренуші қоғам өміріне еркін араласуға, заң, нормативті, актілер мен ережелерді, ғылыми еңбектерді өздігінен қазақ тілі арқылы оқып, білуге, қажетті жағдайларда оларды қолдануға қол жеткізеді.

Қазақ тілін үйрету барысында Тілдерді меңгертудің халықаралық старданттарында (Страсбург, 2001) белгіленген тілді меңгеру деңгейлері басшылыққа алынады. Атап айтқанда: В1, В2 – кәсіби дағдар тілі деңгейі, С1,С2 – мамандық тілі деңгейі.

Реквизит алды: А1, А2 – негізгі деңгейлері.

Реквизит жалғасы: қазақ тіліне қатысты элективті пәндер.

Қазақ тілі пәні бойынша аталған бағдарламаны құрасытру барысында қарастырылған деңгейлер бойынша төмендегі шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық компетенциясының талаптары ескерілді. Олар:

В1 – күнделікті өмір тіршіліктерін сипаттайтын тақырыптарды радио, телехабарларды түсініп сол тақырыптарда өз ойын жеткізе білу;

В2 – ұзақ диалогтарда сұрақтарға шапшаң жауап беріп, пікірталас жүргізе алу және өз ойын жеткізу және фильмдерді түсіну;

С1 – тілде жатық сөйлеп, күрделі және астарлы айтылған ойды түсініп, өз ойын жинақтай алу;

С2 – барлық естіген, оқыған ақпаратты толық түсініп, ойланбастан әңгімені жалғастырып, алынған ақпаратты талқылау.

Сөздік қор бірліктері – В1, В2 деңгейлері үшін шамамен 254-3929 сөз;

С1, С2 деңгейлері үшін шамамен 3930-5060 сөз.

Шартты түрде қысқартылып қолданылған сөздер:

БС – барыс септігі

ЖЖ – жіктік жалғауы

ЖС – жатыс септігі

ТЖ – тәуелдік жалғауы

ШС – шығыс септігі