Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Еңбексүйгіштік пен тәртіптілік

Еңбексүйгіштік –адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.

Шыңғыс Айтматов

Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады.

Шыңғыс Айтматов

Еңбекті сүйгенді елі сүйеді.

Жазылбек Қуанышбаев

Еңбектене білу – дұрыс өмір сүре алу деген сөз. Ж.Фабр.

Сұрау мәнді сөйлем – біреуден жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем. Мысалы: Жиналысқа кім қатыспады?

Сұраулы сөйлемнің соңында (?) сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін? ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба? б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы: – Осы ғой алған жоспары?

–Иә,осы. в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Сұрау мәнді сөйлем. Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны риторикалық шешендік сұрақ дейміз:. Мысалы:

Күнде жақсы бола ма, бір қылығы жаққанға?

Оқалы тон тола ма, ар-ұятын сатқанға? (Абай). Сұраққа жауап алу мақсатымен емес, кісінің сезімін қоса хабарлау үшін жұмсалатын сұраулы сөйлемдерді жұмсай білу керек. Олар — кісінің ойын мәнерлі түрде әсерлі етіп айтудың өте ұтымды амалы. Мысалы: Сіз де келеді екенсіз-ау? деген сұраулық интонациямен айтылады. Оны айтқан кісі басқадан жауап күтпейді, тек біреудің келгеніне әрі қуанышын, әрі таңданғанын білдіреді. Өз балаңа сенбегенде, енді кімге сенесің? деген де жауап күтпейтін сұраулы сөйлем, мұны есіткен (не оқыған) адам сөйлеуші балаға сену керек деген ойды күшейтіп, ,бір түрлі кейіспен айтқанын аңғартады.

6- тапсырма. Өлеңді оқып, жаттап алыңыз, сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз., дәптерлеріңізге көшіріңіз. Өлеңдегі автордың негізгі айтпақ ойын анықтаңыз.

Жалқаулық

Жалқаулық жаратқанға ұнамайды,

Қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды.

Балақ түріп, қарекет қылғандардың,

Бақыт келіп есігінен сығалайды.

Көршіңіз байып жатса қуаныңыз,

Қуанғаннан намысың құламайды.

Өйткені сізге бөліп бермесе де,

Қол жайып, еш нәрсеңді сұрамайды.

(Ш. Құдайбердиев)

СОӨЖ. Сабақтың мақсаты: Студенттерді ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету, : Сұрау мәнді сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тіл байлығын дамыту.

СӨЖ

14-сабақ

Тақырып: Салауатты –өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.

.Грамматика: Қарсы мәнді сөйлем

Арнайы лексикамен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.

Тірек сөздер:

Салауатты өмір салты,өмір салтын ұстану, дене күтімі, тазалық, тамақтану, зиянды әрекеттер, саяжай, шипажай, саябақ, спортпен шұғылдану, ұлттық спорт.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Оны өз сөзіңізбен жалғастырыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Денсаулыққа байланысты сөздерді көшіріп жазыңыз. -

3-тапсырма .

Есіңізде сақтаңыз!

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Абай

Әрбір жалқау кісі – қорқақ,.надан, арсыз келеді Абай

Жалқаулық... біздің қабілеттерімізді дамыту жолындағы ең зор кедергі.

Э.Делекруа

Жігіт адамға бас кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – кедейлік. Төле би

4-тапсырма. Салауатты өмір салтын жетілдіру үшін қандай ақпараттарды білу маңызды деп ойлайсыз?Бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да сөзімен неғұрлым көп тіркес құрастырыңыздар. Құрастырған тіркестеріңізді пайдаланып, сөйлемдер құрыңыз.

Сөйлемдеріңіз салауатты өмір салтымен байланысты болсын.

5- тапсырма.

6-тапсырма

Берілген сөз тіркестерінің қайсысы уақыттың жауы болып табылады? Сұрақтың 4 дұрыс жауабын анықтаңыздар.

Айналысына көмектесу

сабаққа дайындалу

ғылыми жұмыстармен айналысу

күнімен диванда жату

көп ұйықтау

спортпен шұғылдану

әдеби кітаптар оқу

танымдық тақырыпта сұхбаттасу

оқу залында отыру

ән айту

жалқаулық

жоспар құрмау

7-тапсырма. Мақал-мәтелдердің дұрыс баламасын табыңыздар.

8-тапсырма. Құрастырған сөйлемдеріңізді сурет мазмұнына сәйкестендіріңіз. Суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңыздар.

1. Кейбір адамдар бос уақытын кітапханада өткізеді. Себебі, кітап адамның рухани байлығын молайтады, әрі білімін кеңейтеді.

2. Кейбір студенттер достарыммен көп серуендеп, үй тапсырмасын уақытында орындамайды.

3. Кейбір адамдар айналасына көмектесуге де уақыт табады.

4. Кейбір адамдар ғаламторда көп отырып, уақытын босқа өткізеді.

9-тапсырма. Сурет мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді тауып, ойыңызды жалғастырыңыз.

1.Уақытты көңілді, қызықты өткізу керек .БІРАҚ

2. Уақыт дегеніміз ақша...... .БІРАҚ

3. ......................................, .БІРАҚ уақытты кері қайтаруға болмайды.

4. Уақытты бағалай білейік. .БІРАҚ

10-тапсырма

Уақытын бос өткізетін студенттерге қандай ұсыныс жазар едіңіз.

11-тапсырма . Мәтінді оқыңыз. Оны өз сөзіңізбен жалғастырыңыз.

Денсаулықтың мықты болуы үшін жүгіру өте пайдалы.

Ерте тұрып жүгіруге ерінбеңіз. Жүгіру – адам организмін жасартады, денсаулықты түзейді. Жүгірумен жыл мезгілінің кез-келген уақытында, ауа райы мен орынды таңдамастан шұғылдануға болады. Жүгіру – ең қарапайым жаттығу. Жүгіру денсаулықтың түзелуіне тез әсер етеді. Жүгіру көптеген ауруларға қарсы тұрады. Отыз градус аязда жүгірген адам өкпесіне суық тигізбейді, себебі бірнеше минут жүгірген соң-ақ өте қажет жылылықты өндіреді. Жүгіру кезінде барлық бұлшық ет жұмыс істейді. Жүректің жұмысы реттеледі. Артық салмақтан арыласыз, дене бітіміңіз әдеміленеді, көңіл-күйіңіз көтеріледі, тыныс алуыңыз дұрысталады.

12-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтыңыз. Денсаулық туралы айтылған пікірге қосыласыз ба? Сіз не айтар едіңіз?

Денсаулық дегеніміз не? Сіз денсаулығыңызды күте аласыз ба?

Үлкендерде кездесетін аурулардың шамамен 75 проценті бала кезде пайда болады. Қазір ересектермен салыстырғанда жастар ауруы

көп кездеседі. Осыдан біраз бұрын инфарк ауруы өте сирек болатын.

Қазір ғасырдың ең қиын ауруына айналып отыр.

Қазіргі балалар аз қозғалады. Оған себеп радио-телевизор хабарлары болуы мүмкін. Көп сериялы, шым-шытырық оқиғалы кинолар мен ойындар көбейді. Сондықтан қозғалыс азайды. Ал көп қозғалу денсаулыққа пайдалы.

СОӨЖ. Сабақтың мақсаты: Студенттерді ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету, : Қарсы мәнді сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тіл байлығын дамыту.

Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мәдени асыл мұрасы

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.