Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көқарастар мен шаралар жүйесі.

Жеке адамның ,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар. Қауіпсіздік ұғымының өзі әр елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше, оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымын ақша – нарық қатынастары енгізген капиталистік экономиканың ,дамуы бұзды. Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады. Ақша мен меншік адам баласының нарықтың капиталистік экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз етіп, оның жекелігі, тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді. Адам баласы одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа сүйей бастады. Алайда философ Джон Локк айтқандай, адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса, оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепілдік берілмейді. Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты. Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді. Ендігі жерде қауіпсіздік әскери фактор:әскер санымен, оның үйретілу дәрежесі, қару-жарақтың саны мен сапасы арқылы қамтамасыз етілді. XIX ғасрдағы және XX ғасырдың алғашқы жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан басқа тұрғыда түсінуге жағдай жасамады Экономика әскери машинаның “отынына” айналды, табиғи орта тек қана стратегиялық ресурстар көзі ретінде қарастырылды, адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды.

Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниедегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі философиялық категория деп қарауға бейім.

Осы айқындаманы тірек ете отырып, ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы, әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады, ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен: өзіне-өзі жеткіліктілігімен, әлеуетімен (иммунитет) өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп, соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.

“Мемлекет қауіпсіздігін оның қасиеті ретінде бағалау, әлбетте, жаңалық ашу емес, мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады, себебі бұл қасиетті жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ. Ал қауіпсіздік жағдайы осы қасиетті әр кездн сөз болғанда дәл белгілеуден басқа түк те емес.Өзгертіңкіреп айтсақ, мемлекеттің қорғана білу жағдайы- оның сәттегі қауіпсіздік деңгейі” .

Осыған орай қауіпсіздік екі түрге бөлінеді: 1.Қауіптің немесе әлдебір сілкініс мүмкіндігінің социумға болжамдық тұрғыдан қатер төндірмеуі .

2. Оның қауіп-қатерден анық қорғалуы ,одан сытылып шығып, қарсы тұра білу қабілеті.

"Қауіп” терминін анық қатер төнген кезде туындайтын беймаза ахуал немесе жағдай сондай-ақ осы жағдайды тудыруға септесетін әртүрлі шарт деп ұғынуға болады. Қатердің түрлері жинала келіп ұлттық қауіпсіздіктің базалық элементтерін құрайды,себебі қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін.

Демек, ұлттық қауіпсіздіктің тұғырын ұлттық мүдде, қатер және одан қорғану құрайды. Ұлттық қауіпсіздікке мынандай анықтама беруге болады “ұлттық қауіпсіздік ”-азаматтардың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесінің ахуалы мен даму үрдістері.Сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен өмір салтының анық және ықтимал қатерлерден қорғалу жағдайы. Дегенмен бұл жерде ұлттық өмір салтының қорғалу ұғымы деп, бір ұлттық немесе бір халықтың қауіпсіздігі ғана айтылып отыр. .Бұл ұғымның астарында, ең алдымен, мынандай мағына бар “аталған елдегі жеке ұлттық түзілім немесе бүкіл қоғам тарихи тұрғыдан қабылдаған заңдардың жөн- жосықсыз бұзылуы .

Ұлттық мүдденің жан-жүрегі жалпы адамзаттық құндылық басымдығынан туындауы ұлттық идея болып табылады. Ұлттық мүддені мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы, тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғамның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығы деп ұққан жөн. Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдық сипаты мен мазмұнын мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс

  1. Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы дегеніміз не?

  2. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымының дамуын не бұзды?

  3. Ұлттық қауіпсіздік туралы философ Джон Локк не деді?

  4. Ресейлік ғалымдар қорғана білу туралы не деді?

  5. Қауіпсіздіктің түрлерін атаңыз.

  6. Ұлттық мүдденің жүзеге асуына нелер кедергі жасап, оларға қауіп төндіруі мүмкін?

  7. Ұлттық мүдденің жан-жүрегі не деп ойлайсыз?

2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз. Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көқарастар мен шаралар жүйесі.

Жеке адамның ,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар. Қауіпсіздік ұғымының өзі әр елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше, оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымын ақша – нарық қатынастары енгізген капиталистік экономиканың ,дамуы бұзды. Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады.

Философ Джон Локк айтқандай, адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса, оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепілдік берілмейді. Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты. Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді. Ендігі жерде қауіпсіздік әскери фактор:әскер санымен, оның үйретілу дәрежесі, қару-жарақтың саны мен сапасы арқылы қамтамасыз етілді.

Ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы, әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады деді.

Қауіп - қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін.

Ұлттық мүдде деп мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы, тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғамның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығы деп ұққан жөн. Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдық сипаты мен мазмұнын мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс.

3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді мәтінді пайдаланып, толықтырыңыз.

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын .

... адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.

Қауіпсіздік ұғымының өзі әр елде әрқилы ұғынылып тарихи. .

.қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес , . Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымын .

өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады.

Философ Джон Локк айтқандай, .

ұлттар ұйысты.

ұлттық мемлекеттер дүниеге келді.

Ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы

деді.

Қауіп – қатерлер қауіп төндіруі мүмкін.

Ұлттық мүддені мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және .

4 –тапсырма. Өзіңіздің құқықтарыңыз туралы жазып көріңіз. Оны өз достарыңызбен талдап, толықтырыңыз.

5-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңыз. Сөйлемдеріңізді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

Ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау, тұжырымдама, конституциялық құқықтар,адамзат өрекениеті, экономикалық қауіпсіздік, капиталистік экономика,.ақша мен меншік.

6-тапсырма. «Менің құқықтарым» деген тақырыпта сұхбат құрыңыз.

Есіңізде сақтаңыз!