Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.

4.Тұсаукесер жасаңыз

8-тақырып

Лексика: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.

Грамматика: Қалау мәнді сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Іс-әрекетті орындаушы адам талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды. Қалау рай көбінесе етістіктің түбіріне -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: білгім келеді, айтқым келеді, санағым келеді.

І

ІІ

ІІІ

Менің барғым келеді

Сенің барғың келеді

Сіздің барғыңыз келеді

Оның барғысы келеді

Біздің барғымыз келеді

Сендердің барғыларың келеді

Сіздердің барғыларыңыз келеді

Олардың барғылары келеді

1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

І) 1. Мен келсем, ... . 2. Киноға барсаң, ... . 3. Сіз телефон соқсаңыз, ... . 4. Ол дайындалса, ... . 5. Біз айтсақ, ... . 6. Сендер шаршасаңдар, ... . 7. Сіздер біраз күтсеңіздер, ... . 8. Олар ән айтса, ... .

ІІ) 1. ..., көзім ауырады. 2. ..., олар да қатыссын. 3. ..., сәлем айтыңыз. 4. ..., көктем ерте шығады. 5. ..., нан ала сал. 6. ..., театрға барайық. 7. ..., сабақ болмайды. 8. ..., сізді күтіп аламын.

2-тапсырма. Сөйлемдердіқазақ тіліне аударыңыз.

1. Давайте я выучу это стихотворение. 2. Ты подожди меня здесь. 3. Вы (сіз) позвоните мне вечером домой. 4. Пусть он представит себя. 5. Давайте в эти выходные сходим в театр. 6. Вы (сендер) сейчас идите в актовый зал. 7. Пусть они подготовятся к собранию. 8. Вы (сіздер) будете участвовать на конференции.

3-тапсырма. Қалау райды пайдаланып, «Болашағымды қалай елестетемін» деген шағын әңгіме жазыңыз.

4-тапсырма. «Емханада» тақырыбына сөйлесу құрастырыңыз.

5-тапсырма. Етістіктің райларын ажыратып, жағын, түрін анықтаңыз.

Мен АТУ-да оқимын. Болашақта жақсы маман болғым келеді. Сондықтан алдыма мақсат қойдым. Жақсы студент болғың келсе, сабаққа кешікпе, көп оқы. Ата-анаң да саған көмектессін. Бәріміз сессияны сәтті тапсырғымыз келеді. Емтиханға бірге дайындалайық. Тапсырманы түсінбесең, менен сұра. Ол жауабын білсе, айтады. Мен демалысқа шықсам, Астанаға барамын.

6-тапсырма.

Мәтінді оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары

Азаматтық құқық — құқықтың мүліктік қарым-қатынастарды және солармен байланысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды, мыс., азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, абыройын, іскерлік беделін қорғау және т.б. реттейтін саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қарым-қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды Тұлғалар,мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-территория бөліністер болып табылады Азаматтыққұқық олардың тең құқылығын, меншіктеріне қол сұғылмауын, жеке ісіне кімнің болса да өктемдікпен араласуына жол берілмеуін, азаматтық құқыларының кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқыларының қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауы қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз мүдделерін көздей отырып, азаматтық құқыларын ерікті түрде иеленеді және оларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында Азаматтық кодекс әрекет етеді. Азаматтық заңнама неден тұратыны Азаматтық кодекстің 3-бабында көрсетілген. Азаматтық кодекс екі: жалпы және ерекше бөлімінен тұрады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданып, 1 наурыздағы Қаулысымен қолдануға еңгізілген болатын. Республикада азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген заңдар, заңға қосымша нормативтік актілер қабылданған және қолданымға еңгізілген.

Азаматтық құқық ұстанымдары Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 2- бабында айқындалған.

Азаматтық құқықтың тағы бір қағидаты- меншілікке қол сұғылмау. Меншік иесі заңмен шектелмеген кез келген мақсаттарға қолжеткізу үшін өз мүлкін және қалауы бойынща еркін пайдалануға құқылы(Азаматтық кодекстің 188-бабы) .

Қазақстан мемлекетінің азаматтығын алу үшін заңда төрт негіздеме көрсетілген:

- туу бойынша;

- Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесі бойынша;

- ҚР-ның мемлекетаралық шарттарында көрсетілген тәртіппен;

- Осы заңда көрсетілген басқа да негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан азаматтығын қабылдаудың өзіндік шарттары бар. Яғни, Қазақстан Республикасы азаматтығына Қазақстан аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұрып келген адамдар не Қазақстан азаматымен некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға адамның осы заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Қазақстан азаматтығына қабылданудан мынадай жағдайларда бас тартылады:

- Егер адам халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса;

- ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;

- ҚР аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

- Мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;

- Мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздырған болса;

- ҚР-ның мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

- Бүлікшіл әрекеті үшін сотталған болса;

- Сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;

- Басқа мемлекеттің азаматы болса.

Осындай әрекет жасаған адамдардың өтініштері қабылданбайды.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

- Мәтіннен етістіктерді тауып, талдаңыз.

- Мәтінді оқып мазмұнын талдаңыз.

- Мәтін бойынша өзара сұхбат құрастырыңыз.

- Өз еліңнің нағыз азаматы болуды қалай түсінесің? Өзара пікірлесіңіз.