Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Қорытынды

Қорытындылай келе осы тақырып бойынша қоғамдық шаруашылық формалары анықтап, тауарлық шаруашылықтың мәні түсіндірілді, тауар қасиеттерімен таныстырылды. Ақша ұғымына түсінік беріліп ақшаның айналым заңын қарастырылды.

4-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Экономикалық жүйе мәні мен типтерінің сипатын ашып, олардың типтерінің тарихын зерттеу. Экономикалық жүйенің шешетін негізгі мәселесін қарастыру. Әрбір экономикалық жүйеге тән ерекшеліктерді бөліп, олардың айырмашылықтарын анықтап ажырата білу.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға қай уақытта өтті және ол мемлекетке қандай өзгерістер әкелді? Қазіргі таңда Қазақстан қандай экономикалық бағытта ұстаным ұстап отыр?

5. Кеңестік дәріс. Нарық: түрлері, құрылымы, моделдері. Сұраныс және ұсыныс.

Дәрістің мақсаты: оқытушы келесідей ұғымдарға: нарық ұғымымен танысып, сұраныс және ұсыныс заңдарын талқылау, бәсеке студенттердің сұрақтарына жауап береді.

1. Нарықтың негізгі категориялары және заңдары

2. Сұраныс және ұсыныс теориясы, әсер етуші факторлары. Нарықтық тепе- теңдік

Негізгі ұғымдар: нарық, сұраныс, ұсыныс, бәсеке, т.б.

Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

  • сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

  • экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

  • рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады,ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылытын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

  2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да сатып алушы да болып табылады

  3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше

  4. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.

  5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.