Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

3.Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар;

1. Кіріспе дәріс. Экономикалық теорияның пәні және әдісі

Дәрістің мақсаты: Экономика ұғымымен танысу, даму тарихымен, Экономикалық теория логикасымен және мәселелерімен танысу. Қажеттілік және игілік ұғымдарының негізін білу.

1. Экономикалық теория, саяси экономия және экономикс ғылымдарының өзара байланыстылығы. ЭТ даму тарихы

2. ЭТ курсының логикасы және құрылымы, заңдары, категориялары

3. Негізгі экономикалық ұғымдар: қажеттілік, экономикалық игілік, ресурстардың тапшылығы; экономиадағы негізгі үш мәселе: не? Қалай? Кімге?

Негізгі ұғымдар: Экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика, саяси экономика, мектептерінің ұғымы, т.б.

Экономикалық теория туралы алғашқы түсініктер Ксенофон, Платон, Аристотель сияқты ойшылдардың еңбегіндепайда болған. Ксенофон экономикалық теорияға- «үй шаруашылығы», «ойкос»- үй шарушылығы, «номос»- заң. Аристотель екіге бөлді: 1.экономия, 2.хремотистика- баю, пайда табу шеберлігі.

Саяси экономия «полис»- мемлекет, «ойкос»- үй шаруашылығы, «номос»- заң. Саяси экономияның негізін салушы Монкреттен 1615 жылы шыққан «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрген.

Экономикс жылдары ой пікірлері пайда бола бастады. Экономия оқулығының авторы Пол Самуэльсон.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.

Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық теория адамның шектеусіз қажеттіліктерінің қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстардың мәні экономиялық категория мен экономикалық заңдарда қарастырылады.

Экономикалық заңдар - бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталанатын байланыс.

Экономикалық категория - экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Экономикалық теория құрылымы:

1.Микроэкономика

2.Макроэкономика

3.Салалық ғылымдар

4.Салааралық ғылымдар

5.Дүниежүзілік экономика

6.Тарихи экономикалық ғылымдар

7.Саяси экономика

Микроэкономика - экономикалық ғылымдардың бір бөлігі жекелеген салалар, кәсіпорындар, үй шаруашылығы, сондай-ақ жекелеген нарықтар, нақты баға, нақты тауарлар, қызметтер сияқты оқшауланған экономикалық бірліктерді зерттейді.

Салалық ғылымдар - салалардың топтастырылған механизмін оқытады.

Макроэкономика біртұтас ұлттық экономиканың құбылыстарын, болмысын оқытатын ғылым.

Салааралық ғылым - география, демография, статистика, экономикалық математика сияқты әдістемелерді талдау негізін қарастырады.

Дүниежүзілік экономика дүниежүзілік нарықтың қызметтерін талдайды. Халықаралық экономика. Нарық түрлері жергілікті, ұлттық, дүниежүзілік.

Тарихи экономикалық ғылымдар экономикалық теория даму кезеңдерін қарастырады.

Маслоудың теориясында барлық қажеттіліктер бес топқа бөлінген:

1.Физиологиялық.

2.Қауіпсіздікті қажет ету.

3.Әлеуметтік байланыстарды қажет ету.

4.Өзіндік құрметті қажет ету.

5.Өз өзін дамыту қажеттіліктері.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін материалдық игіліктер, қызметтер қажет.

Игілік - бойында жағымды қасиеті бар, адамның мүдделер мен мақсаттарына жауап беретін зат.

Игіліктер сиректік категориясынан көрінеді. Экономикалық категория игіліктердің сипаттамасы. Ол игіліктер қорларының оларға деген қажеттіліктерден аз екедігін білдіреді.

Ресурстар - тауарлар мен қызметтер өндіру кезіндегі адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті пайдаға әзірленген игіліктер. Ресурстар шектеулі болғандықтан не, қалай, не үшін өндіру керек деген сұрақ туындайды.