Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Қорытынды

Дәрісте экономикалық дамудың мәні анықталды, меншік ұғымымен таныстырылды. Меншіктің түрлері. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарды қайта құру және т.б. меншіктік қатынастардың мәніне көңіл бөлініп.кәсіпкерлік, оның ұйымдастыру формаларына талдау жасалды. Сонымен бірге Экономикалық жүйелер және оның типтері, заңдылықтарын дәрісте толық қамтылды.

3-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Бұл тақырыпта меншік пен иемдену терминдерінің айырмашылығын ажырата білу керек, ол үшін ең алдымен қай термин бірінші пайда болғанын анықтап зерттеу қажет. Меншіктің мәнін, оның түрлерін, түрлерінің сипатын толық аша білу.

Қазақстан Республикасында меншіктің қандай түрлері бар? Жекешелендіру қай кезден басталады, неше кезеңнен тұрады, оның қандай тәсілдері бар осының барлығының сипатын анықтап айқындау.

Қазақстан Республикасында жүргізілген жекешелендіру саясаты елге қандай жетістіктер береді?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

  2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

  3. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600стр

  4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж

  5. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр

  6. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

4. Дәріс. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлық өндіріс. Ақша.

Дәрістің мақсаты: қоғамдық шаруашылық формаларын анықтап, тауарлық шаруашылықтың мәнің ашу, тауар қасиеттерімен танысу, ақшаның айналым заңын ұғу.

  1. Қоғамдық өндіріс нысандары ұғымының сипаттамасы. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары: натуралды және тауарлы

  2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері. Тауарың қасиеті. Құн және баға.

  3. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері. Ақшаның айналым заңы

  4. Нарықтық шаруашылық жүйесінің теориялық негіздері

Негізгі ұғымдар: өндіріс, тұтыну, айырбастау, бөлу, тауар, ақша, айналым заңы, т.б.

Шаруашылықтың бірінші тарихи нысаны натуралды шаруашылық. Онда өндіріс пен тұтыну тікелей қосылған, ал қызметті ұйымдастыру патриархалды дәстүр мен еңбекке экономикадан тыс мәжбүр ету негізінде іске асады.

Шаруашылық

Натуралды Тауарлы

Өндіріс Тұтыну Өндіріс Бөлу Айырбас Тұтыну

Натуралды шаруашылық - бұл адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру экономикалық қатынастарының жүйесі.

Қасиеттері:

1.Тұйық шаруашылық.

2.Тікелей шаруашылық нысандары. Өндіру тұтыну қатынастарының байланыстылығы.

3.Әмбебап еңбек.

Алайда «өндірдік- тұтындық»- қағидасы бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылық - пайдалы өнімдер нарықта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру экономикалық қатынастарының жүйесі.

Қасиеттері:

1.Ашық шаруашылық.

2.Еңбекті бөлу.

3.Жанама шаруашылық байланыстары.

Тауар өндіру және айырбастау негізінде жүзеге асырылады, бұл заң тауар өндірісі жағдайында тауар өндірушілер арасындағы байланыстарды қоғамдық еңбекті бөлумен, көтермелеуді реттейтін объективті заң - құн заңы.

Құн - тауарға сіңген және айырбас кезінде айқындалатын қоғамдық еңбек.

Тұтыну құны – тауарлардың қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны – тауарлардың басқа тауарларға айырбастау қасиеті.

Сатушының және сатып алушының да экономикалық жағдайы нарықтың конъюнктурасына тәуелді болады.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

  • жеке меншіктің пайда болуы;

  • тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

  • еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

  • қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

  • экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

  • адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

  • басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

  • Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

  • Пайдалануға өте ыңғайлы

  • Мүлтіксіз сақталынуы

  • Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

  1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

  2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

  3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

  4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

  5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

  6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

Нарықтық экономиканың мәнi. Ары қарай біз ендi ’’нарық дегенiмiз не?’’ деген сұраққа жауап iздеуiмiз керек. Осы сауалдың жауабын анықтап алмай басқа сауалдарға жауап беруiмiз қиынға түседi. Мысалы: «Кең мағынада нарық айналымың өрiсi, тауарды сатып алу және сату мен байланысты барлық экономикалық катынастар жиынтығы”. ”Нарық – тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы» және т.б. Нарықтық экономиканы мәнін түсiнгенен кейiн мынадай сұрақтарға жауап беруiмiз керек. Неге Қазақстанда нарықтық экономикаға өту ауыр әлеуметтiк қиындықтарды туғызды? Неге осы жолда қазiргi дамыған елдердiң бiрiнiң нақты тәжiрибесiн игерiп, осы қиындықтардың әсерiн жеңiлдетуге болар ма еді? Осы сұрақтарға жауап беру үшiн нарықты экономикаға көшудiң негiзгi шарттарын қарастыру керек. Нарықты экономикаға көшу бiр жылдық жеңіл iс емес. Қазiргi дамыған елдердегi нарықты экономика, оның құрылымдары, институттары жүздеген жылдар бойы қалыптасып, жаңарып және әртүрлi даму сатыларынан өткен. Нарық механизмдерiнiң (құрылымдарының) түрлерi және қолдану әдiстерi әр елде әртүрлi. Ол әр елдiң өзiнiң тарихи даму, экономикасының құрылымдық, ұлттық, мәдени және тағы басқа ерекшелiктерiне байланысты.

Нарықтық жүйе, негізінен 5 принципке негізделеді: жабайы (аяқасты) реттілік, экономикалық еркіндік, бәсеке, жеке меншік, еркін бағаның кұрылуы.

Нарықтық жүйе жағдайыңда материалдық ресурстар үкіметтікі емес, жеке адамдар мен жеке институттардың меншігін құрайды. Жеке меншік, еркіндікпен қатар, әріптестерді заңды келісім-шарт жасауға міндеттейді, жеке адамдарға немесе кәсіпорындарға өз қалауларынша материалдық ресурстарды иемденуге, бақылауға, қолдануға және іске жаратуға мүмкіндік береді. Жеке меншік құқығымен құдіреттенген иегерлер экономикалық ресурстарды толық пайдаланады. Өйткені - алу үшін тұтынушы қажет еткен нәрселерді өзіне лайықты бағаларымен өндіру де керек. Жеке меншіктің артықшылығы және оның ынталандыру рөлі А. Смиттің жоғарыда аталған еңбегінде түңғыш рет жан жақты сипатталынған болатын.