Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Қорытынды

Дәрісті қорытындыласақ, бәсекенің маңыздылығы түсіндірілді. Нарықтың негізгі категориялары және заңдары, бәсеке түрлеріне сипаттамалар дәріс кезінде мысалдармен талдау жасалды. Монополия ұғымы қарастырылды және оның нарықтағы орыны ашып түсіндірілді.

6-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Тақырыпты қарастыру барысында жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарының айырмашылықтарын ажыратып, нарықтардың ерекшеліктерін анықтау. Жетілмеген бәсеке нарығына жататын монополия, олигополия, дуополия нарықтарының белгілері мен сипаттарын қарастыру. Нарықтың негізгі элементтері сұраныс, ұсыныс заңдарын меңгеріп, оларға әсер ететін факторларды анықтау.

Икемділіктің мәнін ашып, оның түрлерін қарастыру. Нарықтағы тепе-теңдік баға қалай қалыптасады?

  1. Ақпараттық дәріс. Капитал (қорларының) айналымы және толық айналымы.

Дәрістің мақаты: Кәсіпорынның шеңберлі айналымымен танысып, кәсіпорындағы негізгі және айналмалы қорлармен танысу

1. Кәсіпорын капиталының шеңберлі айналымы

2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.

3.Негізгі және айнымалы капитал (қор). Негізгі капиталдың табиғи және моральдық құнсыздануы. Амортизация. Кәсіпорынның айнымалы қорлары. Инвестициялар.

Негізгі ұғымдар: негізгі және айналмалы қорлар, амортизация, тозу, кәсіпкерлік, шеңберлі айналым

Кәсіпорындардың әрбір кезеңдегі өндіретін капиталы үш қызмет түрінде қалыптасады:

1. Ақша капиталы - кәсіпорын өндірістік қорларды сатып алу үшін және еңбек күшіне қажетті еңбек ақыны өтеу үшін құрылады.

Ақша капиталы → өндірістік қор + еңбек капиталы.

2.Өндіргіштік капитал - өндірістік қорлардың құны және жұмысшы күшінің құны өндіргіштік қажеттіліктер процесінде болады.

3.Тауар капиталы – қалытасқан , бірақ кәсіпорын сатпаған немесе ұсынбаған өнімдерді қарастырады. Қызметі өнімді сатып, пайда түсіру болып табылады.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалды форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытын қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

А - Т ... Ө ... Т1 - А1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

А - Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - өндіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өңдіру функциясын атқарады:

... Т1 - А1

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, көсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айнальімы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d1

Мұнда А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдьщ айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдык құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасыңда толық кайтып түскеңде капитал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларьша сәйкес, каиитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

Кәсіпкерлік – заңмен рұқат етілген, меншік, жалданған мүлік есебінен табыс табу мақсатымен жүргізілген шаруашылық немесе басқадай қызмет түрлері.

Кәсіпкер- иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде өз бастамасымен шешімдер қабылауға және кез-келген іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы заңды ұйым немесе жеке азамат.

Кәсіпкерлік істі бастамас бұрын:

  1. Не өндіремін?

  2. Қалай өндіремін?

  3. Кім үшін өніремін?

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • Дербестік және тәуелсіздік;

  • Экономикалық ынталық;

  • Шарушылық тәуесел және жеке жауапкершілік;

  • Жаңашылдық, т.б.

Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың кұны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғаңдай) ақшалай формада тұтас қайтады.

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан кызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:

  • жүмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

  • табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады:

  • техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

  • құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.

Моралдық тозу — бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмеңдеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Моралдық тозудың екі түрі болады:

  • еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

  • құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентабелділігі жоғары болады.

Аталған екі жағдайда да негізгі капиталдың құны жойылады, төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).