Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Қорытынды

Дәріс барысында тақырыпқа тікелей байланыстылығына қарай Елбасының халыққа жолдауынан үзінділер келтірілді. Аймақтық саясаттар қарастырылды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, ҚР халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары сипатталып ашып көрсетілді.

13-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарына көңіл бөлу. ҚР халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары. Елбасының халыққа жолдауының маңызын түсіну керек. Аймақтық саясат туралы түсініктерді тереңірек қарастыру және экономиканың білім беру денсаулық саларының көрсеткіштерінің экономикалық талдай білу керек

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория.

2. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж

Дильдабекова Н.Д., Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория, Астана – 2004

3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030". Ел президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы, 1997.

4. ҚР-ның Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. //Егемендi Қазақстан. – 19 ақпан 2005 жыл.

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика //Егемендi Қазақстан.- 16.12.2004

15. Кеңестік дәріс. Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу

Дәрістің мақсаты: лектор дәріс уақыт аралығында қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді: халықаралық экономикалық қатынастардың маңыздылығы, абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы, халықаралық еңбек бөлінісі, т.б.

1. Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

2. Абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы

3. Халықаралық экономикалық интеграция

Негізгі ұғымдар: абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы, халықаралық еңбек бөлінісі, т.б.

Әлемдік (дүниежүзілік) шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде халықаралық қатынастармен өзара байланысқан ұлттық шаруашылықтардың қарама-қайшы тұтастығы. Сонымен, халықаралық экономикалық қатынас (ХЭҚ) - шаруашылықтық қатынас шеңберінде әлемдегі барлық елдердің өзара қатынастарының тәсілдері мен сипатын көрсетеді. Әлемдік шаруашылықтың жұмыс істеуі негізінде оның ХЭҚ-пен бірге халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ), яғни белгілі бір тауарлар мен қызметтер түріне елдердің маманданулары жатады, ал ол олардың халықаралық айырбасын немесе серіктесуін болжамдайды. Әлі күнге дейін бірде-бір ұлт саудадан залал шеккен жоқ (Б. Франклин).

Дүниежүзілік шаруашылық бұл бiр-бipiмен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы болып табылады. Осы шаруашылыққа дамыған және дамушы елдер енеді. Бұл процесс 16-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уақытқа созылды. 16-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттық мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы 20-шы ғасырдың басында жалпы дүниежүзілік сипатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды.

Статистиканың куәландыруына қарағанда, «үлкен жеті» елдерінің өте жоғары экономикалық мүмкіншілігі барлығын байқатады. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халқының 12%-нан астамын құрайды. Осы топтың үлесіне дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50 %-дан артығы, ауыл шаруашылығы өнімнің 25 %-дан астамы келеді. Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа тұрғынымен салыстырғанда, «жетілікке» енетін елдердің 6ip тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық-түлік келеді екен.

Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары өте жақын болып, «жаңа индустриалды елдер» тобын құрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур жатады. Бұл елдердің дамуына ipi шетел инвестициясы, әcipece, американ, жапония, батыс-еуропаның капиталдары - көмектесті. Соның арқасында өнеркәсіп өндірісі саласында ірі құбылыс жобалары жүзеге асты. Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады.

Өнеркәсіптік қатынастары аса дамымаған топқа 40-қа жуық елдер енеді. Дүниежүзілік шаруашылық аясында өтпелі кезеңнің экономикалық дағдарысынан шыға бастаған елдер де талпыныс жасауда. Нарықтық қатынастарды қалыптастырған Шығыс Еуропа және ТМД елдері тартылуда. Дүниежүзілік шаруашылықтағы 100-ден астам елдер дамымаған елдер қатарын құрайды. Жоғары дамыған елдердің индустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты) қоғамға өтуінде олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді.

Халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) теориясы және елдердің өзара экономикалық байланысының өсуі. Экономикалық ғылымда ХЕБ туралы төмендегідей негізгі экокномикалық теориялар қалыптасты. Оның негізгі ілімін А. Смит пен Д. Рикардоның ХVІІІ ғасырдағы абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның оқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте – екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек, бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.

Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ХЕБ-не көптеген факторлар әсер етеді. 19-20 ғасырдың басында ХЕБ дамытуда жаңа тенденциялар пайда болып, салыстырмалы артықшалық теориясына белгілі өзгерістер енгізуді талап етті. Ол швед экономистері Э. Хекшер мен Б. Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген. Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың – еңбек, капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы, «арзан еңбектің» артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (текстиль, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы – капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Американ экономисі В. Леонтьев 1953 жылы Э. Хекшер мен Б. Олин теориясына тағы бір фактор қосты. Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлісіне кәдімгідей әсер ететінін айтты.

Қазіргі кезде американ ғалымы, социолог Майкл Портнердің 1961 жылы ашқан «технологиялық алшақтық» теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды. Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануында жаңа көздерді жасайды. Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдер американ ғалым-экономистері – Р. Вернон мен Э. Линевилд алғашқы тұжырымдаған «өнімнің өнімшең циклы» теориясына ерекше мән беріп, практикада қолдануда. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады. Өнімнің пайда болуының бірінші фазасы кезінде монополия ішкі нарық сұранысын қанағаттандырады. Екінші фазада монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі фазадағы жағдайға қарағанда төмен болады. ХЕБ жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

ХЕБ-нің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. ХЕБ-нің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізат пен жанармай өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қаланың өсу урбанизациясын тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранысты кәдімгідей арттырады. ХЕБ негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы ХЕБ дегеніміз (бұл ұлтық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы, өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп және т. б. Бұл жағдайда жеке елдердің территориялық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, ХЕБ-нің байқалуы экспортқа тауар шығаратын елдердің индустриалдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.

Жеке ХЕБ-і дегеніміз елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандырылуын айтамыз. ХЕБ-нің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелінуі тән.

Ерекше ХЕБ-і деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз. Осы аталған технологиялық кезеңі - өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып табылады.

ХЕБ-нің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше ХЕБ-нің басымды болу тенденциясы айқын байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері деталді және кооперациялық мамандырылуымен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, Американың «Форд Моторс» концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шетел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай «Рено» (Франция), «Фиат» (Италия), «Тойота» мен «Ниссан» (Жапония) концеріндерінде және т. б. байқалады.

Өндіргіш күштердің өсуі, ХЕБ-нің тереңдеуі шаруашылық өмірді интернационалануына алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интернационалануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік масштабтағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанармайды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанармайды тұтыну АҚШ-та 1/3 есе құраса, Батыс Еуропада шамамен 2/3, Жапонияда 4/5 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарықтың шеңбер ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда – 10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда – 20-25% шығарылады екен (7, 78,48,83,91 беттер).

Өндіргіш күштерді интернационаландыру бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. ХЕБ-нің жетістігін қолдана отырып дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек. ХЕБ-нің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастар қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады. Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі – халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.

Ал, 1992 жылы Солтүстік америка жалпы нарығы (НАФТА) құрылды. Оған: АҚШ, Канада, Мексика елдері мүше болды. Олардың ұйғаруынша: Канада – табиғи (орманды) ресурстарды, Мексика – мұнай мен арзан жұмыс күшін жіберіп отырады.

Сондай-ақ, 1991 жылы желтоқсан айында бұрынғы Кеңес Одағына кірген республикалар егеменді мемлекеттер Декларациясын қабылдап, тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) құрылды. Жаңа реформалау жағдайында олардың араларында қалыпты экономикалық қатынастар түрі осы кезге дейін табылған жоқ. Экономикалық әріптестіктің тиімді үлгісінің қалыптасуын Еуразиялық төрттіктің: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия (1996 ж.) шартынан байқаймыз. Бірақ қазіргі кезеңде бұл интеграциялық одақта да қайшылықтар дұрыс шешімін таппай тұр.

Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылды. 2005 жылға дейін біздің экономикаға 30 млрд. АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т. б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз, Украина елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынастарда болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.

Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.

Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеді. Әсіресе экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда көлемінің оң сальдосы 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. ҚР сыртқы саудасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД елдері ауқымында қана шектелсе, ал қазір (2004 ж.) біздің тауар айналымының құрылымында Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Сонымен қатар ҚР ТМД елдерімен де кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2003 жылы ТМД-на кіретін елдерге Қазақстанның экспортының үлесі 21,1 % болса, ал импорт – 46,8 % болған екен. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып әлі күнге ТМД елдері жатады, оның ішінде біріншісі – Ресей.

Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жіберді. Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы. 1997 жылы қаңтар айында ТМД елдер үкімет басшыларының мәжілісінде интеграциялық даму бағдарламасының жобасы қаралды. Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынадай принциптері қаралған: кеден кедергілерін жоюы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – «микродеңгейдегі интеграция» деген айдар тағылды. Шаруашылық субъектісінің әртүрлері осы аталған негізде «микродеңгейдегі интеграцияны» жүзеге асырады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір өткерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы-өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар ел президенті Н. Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынды. «Бұдан былайғы интеграциялануымыз, - деп атап айтты Ел басымыз, - біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске,экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол» (4).

Қазақстан қазіргі таңда әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, ғаламдық бәсекелес арнасына еркін түрде кіріп кетті. Алдымызда әлі талай қиындықтар мен асулар кезігеді, оларды жеңуіміз үшін бүкіл қазақстандықтардың тиімді іс-қимылын Президенттің жолдауындағы жоспарларларды іс жүзінде жүзеге асырылуына жұмылдыру керек.

“ҚАЗАҚСТАН – 2030” СТРАТЕГИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ

Он алтыншы бағыт – Қазақстанды одан әрі индустрияландыру негіздерін қалыптастыру

Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық рыноктың осы заманғы талаптарына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз.

Біріншіден, экономиканың өндірістік қуаттармен жарақталуы және еліміздегі негізгі қордың ескіруі проблемасының ауқымын толық көлемінде бағалайтын талдау жүргізу және негізгі құрал-жабдықтарды, өндірістік инфрақұрылым мен технологиялық үдерістерді түбегейлі жаңартуға бағытталған нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу керек.

Екіншіден, неғұрлым басымдықты салалар мен кәсіпорындарды және оларды осы заманғы негізде индустрияландыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар жүйесін анықтап алу керек.

Үшіншіден, одан әрі индустрияландыру барысында жетекші рөл атқаруға тиіс жеке меншік секторды мемлекеттік ынталандыру құралдарын әзірлеу қажет.

Үкіметке 2008 жылдың соңына дейін Индустриялық – инновациялық стратегияны дамыту бағытында Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалық жаңа деңгейге көтеру стратегиясымен етене ұштасатын нысаналы жұмыс жүргізуді тапсырамын.