Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Қорытынды

Жалпы экономикалық цикл мағынасы оның фазалары студенттерге экономикалық әдістермен таныстырылды. Инфляция және жұмыссыздық категорияларының мәні оның формаларына сипаттамалар берілді. Жұмыссыздық: мәні, себептері және Оукен заңы қарастырылды.

12-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Экономикалық циклға әсер етеін факторларды анықтап, дағдарысқа қарсы іс-шараларды уақтылы пайдалануды қарастыру. Циклдың фазаларына тән қасиеттер. Экономикалық өсу типтері, факторлары және модельдері. Қазақстан Республикасында экономикалық өсуді анықтайтын көрсеткіштерді талдап, анықтаңыз. Жұмыссыздықтың түрлерін анықтап біздің елде қай түрі басым екенін қарастыру. Мемлекетте жұмыссыздық деңгейін есептеу. Жұмыссыздықпен күресу үшін мемлекетте қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр? Оукен заңы арқылы нені анықтаймыз? Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты қарастырып, талдау. Инфляция деңгейін есептеп, оның зардаптарын қарастыру. Инфляцияның пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

2.Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

3.Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600стр

4.Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

5.Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр

6.Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

13. Дәріс. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары.

Дәрістің мақсаты: мемлекеттің экономиканы реттеу құралдарымен танысу

1. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу

2. Қаржылық жүйе

3. Фиcкалдық саясаттың ролі

Негізгі ұғымдар: инфрақұрылым, қаржы, фискалды саясат, шығын түрлері, т.б.

Нарықтық экономиканың дамуында көптеген заңдылықтар айқындалады. Солардың бірі − шаруашылық жүйесінің құрылымы ұдайы күрделене түсуге үрдіс алған. Өз эволюциясының барысында нарықтық жүйе өзін-өзі түзетіп бірқатар әдістерді өмірге келтіреді (мысалы, - бәсекелестік қабілеті жоқ өндірістің жұтауы және оларды экономикадан “итеріп шығаруы”). Алайда нарықтық механизмге барлық келеңсіз факторлардың әсер етуін бейтараптандыру әр кезде мүмкін емес. Оған кейде сыртқы түзетулер қажет. Бұл міндетті де мемлекет өзіне алады. Экономика дамуының белгілі бір кезеңінде мемлекеттің реттеуші шаралары “Экономикалық саясат” деген атты иеленіп, тұтастай бір жүйеге айналған болатын. Бұл құбылысты былайша анықтауға болады: “Мемлекеттің экономикалық саясаты экономикалық үрдістерді реттеуге, оларға ықпал жасауға немесе олардың ағымын тікелей алдын-ала анықтауға бағытталған тұтас шараларды көрсетеді. Экономикалық саясат екі түрлі міндетті орындауға бағытталған: 1. рыноктың дұрыс дамуы үшін инфрақұрылымды құру және оны тиісті деңгейде ұстап тұру; 2. нарықтық тепе-теңдіктің «сыпайы» түзетілуі өзін өзі реттейтін нарықтық құрылым «жаңылыстық» берген кезде болады.

Инфрақұрылым − нарықтық экономикаға жұмыс істейтін қызметтер саласының жүйесі. Инфрақұрылымның құрамдас элементтері болып мыналар саналады:

1.Экономикалық объектілер: а) елдің валюталық жүйесі; б) мемлекеттің ақша-қаржылық жүйесі. 2. Материалдық объектілер: а) энергиямен қамтамасыз ету жүйесі; б) ұлттық экономиканың аумақтық-экономикалық құрылымы, в) жолдар, құбырлар, порттар, аэродромдар жүйесі. 3. Әлеуметтік объектілер: а) білім беру жүйесі; б) денсаулық сақтау жүйесі; в) ұлттың қолы жеткен білім беру, ғылым және мәдениет деңгейі.

Қазақстанның экономикалық саясатының басымды мақсаттары “Стратегия–2030” бағдарламасында анықталған. Экономикалық өсу қарқынын жеделдету үшін ҚР - ның үкіметі жуық жылдарда инфляцияның жылдық орташа деңгейін дәйектілікпен төмендетуді, басқаруға болатын бюджет дефицитін сақтауды және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қолдауды көздеуде. 2000 жылы, негізінен, экономикадағы құрылымдық реформа аяқталды, ЖІӨ-ге жекеменшік секторының үлестік өсуі жалғасты және экономика жоғары деңгеймен өсе бастады. Инфляцияның төменгі деңгейіне жету және соны ұстап тұру мақсатында ақшалай-несиелік және қаржылық реттеуді, еліміздің банк жүйесін нығайтуды және қаржылық секторды дамытуды жетілдіре түсу жөніндегі жұмыстарды жалғастырумен бірге ақша-несие және бюджет саясатын қатайту көзделуде.

Қолда бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың және ғылыми-техникалық әлуеттің негізінде қорғаныс-өнеркәсіп кешенін құрылымдандыру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау ойластырылуда. Бұл жағдайда жекеленген ғылыми-өндірістік бірлестіктердің бағыттары бойынша “талдау-жобалау-әзірлеу” деген тұйық циклды жасау мақсат етіп қойылуда, бұл республикамызды отандық өнімдермен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Экономикалық саясатқа қол жеткізудің құралдары мына төмендегілер бола алады: 1. Әкімшілік; 2. Институционалдық; 3. Экономикалық: а) қаржы жүйесі; б) ақша-несие жүйесі.

Осынау құралдар жиынтығы экономикада тұрақтылыққа , макроэкономикалық тепе-теңдікке жету үшін қолданылады. Бұл ретте экономикалық саясатты жүзеге асырудың әр түрлі нұсқалары бар: кейнсиандық, монетарлық. Өндірістің құлдырауы жағдайында кейнсшілер мыналарды ұсынады: а) жетімсіз сұранымның орнын толтыру үшін; бұл жағдайда бюджет тапшылығы мен инфляциядан қорықпай, тауарлармен қызметтерді сатып алуға мемлекет шығындарын көбейту керек; б) мемлекет қосымша жұмыс орындарын ашуы керек; в) арзандау несие беру және инвестицияны кеңейту мақсатында банк пайызының нормасына ықпал ету керек.

Экономиканың өрлеуі жағдайында кейнсшілер мыналарды жөн деп санайды:

а) тауарлар мен қызметтерге тұтас сұранымды азайту үшін мемлекеттік сатып алуды қысқарту және инвестиция көлемін төмендету керек; б) тұтынушылық және инвестициялық шығындарды қысқарту үшін салықтық ставканы көбейту керек; в) несиені қымбаттатуға шаралар қабылдау керек

Дискрециялық емес фискальдық (қазналық) саясат жанама тұрақтандырғыштар арқылы жүзеге асырылады. Оған салықтық жүйе, ең алдымен прогресивті салықтар жатады. Жанама тұрақтандырғыштар – бұл автоматты түрде іске қосылатын нормалар, ол үкімет тарапынан қандайда бір арнайы қадамдар жасаудың қажетінсіз-ақ күшіне енеді. Жалпы ұлттық өнімнің өсуіне орай өркендеу кезеңінде салықтық түсім автоматты түрде молаяды, ол экономикалық өрлеуді тежейді. Керісінше, жалпы ұлттық өнім құлдырау кезінде азайса, салықтық түсім автоматты түрде кемиді және бұл азаю экономикалық құлдырауды тежейді, баяулатады.

Дискрециялық фискальдық саясат. Бұл ұлттық өндірістің және жұмыспен қамтылудың нақтылы көлемін өзгерту, инфляцияны бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатында саналы түрде бюджетпен (салықтармен және үкіметтің шығындарымен) жүргізілетін саясаты. Мұндай шаралардың ішіне салықтық ставкалардың, салық түрлерінің және шығындар көлемінің өзгерістері кіреді. Оның мысалы ретінде қомақты сомаға тауарлар мен қызметтер сатып алу туралы үкімет шешімін немесе жалпы өнімнің көлеміне байланыссыз жаңа салықты ендіру ісін атап өтуге болады.

Кейнсиандық саясат екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен қолданыла бастады. Алайда осы жылдар ішінде мемлекеттік шығындардың өсуі нәтижесінде айтарлықтай бюджет дефициті жинақталды, ал инфляция 20 ғасырдың 60-70-ші жылдарының аяғында жорғалаудан шапқылауға көшті. Осы кезеңде кейнсиандық теория қатты сынға ұшырай бастады. Бұл сынды Чикаго мектебі мен оның жетекшісі М. Фридмен бастады. Оның теориясының басты идеясы: тек ақшаның ғана мәні бар, барлығы елдегі ақша массасының санына байланысты. Ақша, оның ойынша, шаруашылыққа ықпал ететін барлық импульстердің ішінде басты орын алады. Ол сұраныс мен ұсынысты ең қуатты экономикалық тетіктер және әулиеті ең пайдалы деп санайды. М.Фридмен мынандай байламға келеді: мемлекеттің экономика мен әлеуметтік салаға араласуы аз болуға тиіс және ол ақшалай ұсынымды бақылауға әкеп соғады. Егер мемлекет ақша ұсынысын қатаң бақылайтын болса, қолда бар ақша санының және несие ақшаның күрт көтеріліп кетуін болдырмаса, онда соның арқасында экономикалық дамудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Инфляциямен күресте монетарлық тұжырымдама айрықша тиімді.

Дамыған елдердегі қалыптасқан экономикалық саясаттың тәжірибиесі мынаны көрсетеді: «мемлекеттік реттеу» терминіне қарағанда «экономикалық саясат» түсінігінің мәні кеңірек. Экономикалық саясатты жүргізе отырып, мемлекет бастаушы, негізгі буын болып көрінеді. Алайда бұл рөлде мемлекеттің кәдімгі үлкен оркестрдің дирижері болып көрінетіндігін дұрыс түсіну керек. Макроэкономикалық реттеу бойынша әрекеттердің табыстылығы – мемлекеттің тоталитарлық үкіметінде емес, оның жүргізілген саясатқа орай барлық қатысушылардың бірлескен әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра білу мүмкіндігіне байланысты. Олардың басын біріктірмей, мемлекет оркестрі жоқ дирижер рөлінде көрінетін болады.

Экономикалық саясат әрқашанда белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырудың үрдісін байқатады. Өмір қоғамның даму үрдісінде бір мезгілде көптеген мәселелерді шешу қажеттілігін көрсетіп отыр. Әбден сәтті шыққан құрылым келбеті мынадай түрде көрінеді. Барша қоғамның барынша жақсы тұрмыс, молшылыққа жетуін көздеген экономиканың негізгі мақсатын ғаламдық, жоғары деңгейде белгілеу қажет. Алайда практика бұл түсініктің теориялық жағынан соншалықты күрделі екендігін көрсетіп отыр. Мұның мәні, тұрмыс жағдайы туралы айта отырып, осы мақсатты нақтылы, санмен тұжырымдау қиын. Бұл мақсат айтарлықтай дәрежеде салыстырмалы сипатта болады. Экономикалық саясатты іс жүзінде жүзеге асыру барысында тұрмыс-жағдай мәселесі өзінің тікелей статистикалық нұсқасында тіпті аталмайды да. Негізгі мақсаттан басқа екінші деңгейлі тәрізді мақсаттардыңда болуы мүмкін. Экономикалық әдебиеттерде олар кейде мемлекеттік функциялар белгілерін алады.

Нақтылы экономикалық бағыттардың ықпал ету қатарына жатқызылатындары мыналар:

  • қаржы (бюджет, қазналық) саясаты;

  • ақша-несие (монетарлық) саясаты;

  • әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары;

  • болжамдау.

Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын «мақсаттар пирамидасы» деген ұғыммен атау қабылданған. Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді. Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі жағдайлармен байланысты. Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуының өзі белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әртүрлі топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әрқилы түсініктер болады. Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір мақсатты орындау екіншісінің орындалуын тежейді немесе тіпті, жалпы оған жету мүмкін де болмайды. Бірқатар нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру үшін олардың қисындарын қалыптастыра отырып, экономистер оны «мақсаттардың дуалы қөпбұрышы» деп атаған.

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:

  • мемлекеттік бюджет,

  • банктік және мемлекеттік несие,

  • экономиканы тұрақтандыру қоры,

  • зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,

  • әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,

  • валюталық қор,

  • мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,

  • мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

  • мемлекет және оның институттары,

  • компаниялар, кәсіпорындар,

  • үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардыңқаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

  1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

  2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

  3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

  4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

  • ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

  • субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

  • сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

  • дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

  • Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады.

  • Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

  • қоғамдық өндірістің құлдырауы;

  • ақша эмиссиясы;

  • мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

  • тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

  • әскери шығындарының өсуі;

  • шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

  • көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

  • мемлекеттік несие;

  • салық салу жүйесін қатайтады;

  • мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

  1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

  2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

  3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.

  4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.

  5. Салық жеңілдіктері.

Салық қызметтері:

  • Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

  • Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

  • Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

  • Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

  • Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық жүйесінің принциптері:

  1. Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

  2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

  3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

  4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшермесі тұрақты болуы.

  5. Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланысты салықтық бірнеше түрлері бар.

Салық сипаты тұрғысынан:

  • Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

  • Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

Лаффер қисығы.

бюджетке салық түсімі

М

400

300

L N

200

100

0 15 30 45 60 75 салық өсімі

(%)

Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.