Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Дискуссия тақырыбы : «Экономикалық мектептер және қазіргі кездегі экономикалық теория»

Дискуссияның мақсаты:

  • негізгі теориялармен және экономикалық мектептердің өкілдерімен танысу.

  • экономикалық мектептердің айырмашылығын анықтау,осы мектептердің және қазіргі кездегі экономикалық теорияның өзара байланысытылығын анықтау.

Дискуссияны жүргізу тәртібі:

Топ экономикалық мектептерге байланысты бірнеше топшаға бөлінеді. Әрбір топша алдын-ала бір мектеп туралы ақпарат жинап келеді. Олар экономикалық мектептердің өкілдерін, зерттеу обьектісін және негізгі бағыттарын қарастыру керек. Ойының процессінде студенттер қандай экономикалық мектеп қазіргі кездегі экономикаға көзқарастары сай келетінін дәлелдеуі керек.

Сабақтың аяғында оқытушы қай топша осы тапсырманы дұрыс орындап шыққанын анықтайды.

2-Тематикалық семинар.

Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері

Сабақтың мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әрүрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Экономикалық жүйені және оның түрлерін талқылау арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіну керек, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін меңгеру. Экономикалық жүйелердің жіктеу өлшемдері арқылы олардың әртүрлі болатындығын түсіну керек

Талдау сұрақтары:

  1. Қоғамдық өндіріс. Өндіріс. Бөлу. Айырбас. Тұтыну. Адам және оның шаруашылық іс-әрекеті.

  2. Маслоудың «қажеттліктер пирамидасын» пайдалану арқылы «қажеттіліктер» түсінігін талдаңыз. Неліктен адамдардың қажеттіліктері шексіз болады?

  3. Экономикалық ресурстар. Өндіріс факторлары. Экономиканың негізгі сұрақтары. Өндіріс ресурстарының шектеулілігі мен экономикалық таңдау. Тиімділік түсінігі. Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы.

  4. Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың негізгі принциптері (рационалдылық, шектілік, максималды пайда). Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың мазмұны және түрлері.

  5. Экономикалық жүйенiң мәнi, өлшемдері және түрлері және негізгі белгілері

  6. Экономикалық дамудың қазiргi заманғы модельдерi. Әлеуметтiк бағытталған рыноктық экономика концепциясы.

  7. Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.

  8. Экономиканың түрлі типтеріндегі мемлекеттің ролі.

Қайталау сұрақтары:

  1. Қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандыру үшін экономикалық субъектілер өздерінің шектеулі мүмкіндіктерін қалай таңдап, қалай пайдаланады?

  2. Экономикадағы адамның ролі туралы атақты экономист ғалымдардың қандай көзқарастары бар?

  3. Экономикалық ресурстарға / қорларға/ нелер жатады?

  4. Әр түрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешіледі?

  5. Барлық қажетті тауарлар қай экономикалық жүйеде молырақ өндіріледі?

  6. Өндіріс экономикалық тиімділікте деп қандай жағдайда айтылады.

3-Бағыт беруші семинар.

Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. Экономикалық жүйелер типтері мен олардың даму заңдылықтары.

Сабақтың мақсаты : Қоғамда меншік формаларының көп түрлі болуының заңды қажеттілігін түсіну. Меншік категориясын жан-жақты талдауға тырысу керек, әсіресе жеке меншіктің нарықтық шаруашылықтағы орны мен рөлін терең түсіну қажет. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін қарастыру

Экономикалық жүйелердің үлгілерін ашып көрсету, практикалық мәнін түсіндіру және оның қай елде қолданылатынын қарастыру

  1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

  2. Негізгі экономикалық проблемаларды атаңыз?

  3. Әртүрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?

  4. Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?

  5. Әкімшіл-әміршіл жүйенің ерекшеліктері қандай?

  6. Нарықтық экономиканың мәні неде? Неліктен Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды?

  7. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты қандай реформалар жүзеге асырылды?

Талдауға арналған сұрақтар:

  1. Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары

  2. Меншік теориясы. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде;

  3. Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және оның ерекшеліктері;

  4. Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен дамуының мәселелері.

Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі

негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.

Экономика; Өндiрiс; Ресурстардың сиректiгi;

Өндiрiс факторлары; Қажеттiлiктер; Игiлiктер; Байлық;

Айырбас; Қайта бөлу; Тұтыну; Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы.

4-Жүйелік семинар.