Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Қорытынды

Осы бөлімді қорытындылай келсек, дәріс өндіріс және оның құрылымын ашуға арналған. Дәріс нәтижесінде өндірістің негізгі категорияларын студенттерге жетік түсіндірілді, оның экономикалық факторларының маңыздылығы ашылды. Сонымен қатар еңбек бөлінісі мағынасы толық ашылып түсіндірілді және дәріске қорытынды жасалды.

2-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Қарастырылып отырған тақырыпты зерттей отырып, өндіріс және өндірістің түрлерінің мәнін толық аша білу керек. Өндіріске қажетті ресурстардың түрлерін, олардың мәнін, айырмашылығын ажырата білу қажет.

Тақырыпта өндірістің мәнін толық аша отырып, оған қажетті өндіріс фаторларын атаңыз. Әрбір өндіріс факторына қатысты жеке сипаттама беріңіз, олардың қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада алатын орны қандай?

Өндіріске кеткен шығындардың сызбасын анықтаңыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

  2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

  3. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600стр

  4. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

  5. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр

  6. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

  7. Дайындағандар Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ Қабдиев, В. Қ Досқалиева, Досқалиев С. Ә Экономикс. Оқу құралы. Алматы «Экономика» 1995 - 144 бет

  8. Экономическая теория. Учебник для вузов. под редакции. д.э.н Добрынина Л. И, д.э.н Тарасевича Л. С «Питер» 1999 - 542 стр

  9. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж

  10. Дильдабекова Н.Д., Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория, Астана – 2004

3. Ақпараттық дәріс. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. Экономикалық жүйенің типтері және оның даму заңдылықтары

Дәрістің мақсаты: Оқытушы дәріс уақыт аралығында осы тақырып бойынша студенттердің келесідей сұрқтарына жауап береді: меншік, меншік түрлері, меншіктік қатынастар, т.б.

  1. Экономикалық дамудың негізгі үлгілері

  2. Экономикалық институттар, оның мәні ролі және ерекшелігі. Трансакциялық шығындар.

  3. Меншік экономикалық, құқықтық және тарихи карегория ретінде. Меншіктің түрлері. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарды қайта құру.

Негізгі ұғымдар: экономикалық жүйе, меншік, институттар, трансакциялық шығын, т.б.

Экономикалық дамудың негізі үлгілері экономикалық жүйенің үш жіктелімі арқылы көрсетуге болады:

Ашықтық дәрежесі бойынша екіге:

Жабық экономикалық жүйе - барлық іскерлік операциялар мен мәмілелер бір ел ішінде жүргізілетін жүйе және онымен есеп айырысу осы елдің ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Ашық экономикалық жүйе - іскерлік операциялармен қатар халықтар сыртқыэкономикалық байланыстар арқылы жұмыс істейтін жүйе. Ол шетелдік валютаны пайдалануды талап етеді.

Меншік қатынастарының формалары бойынша:

  • Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

  • Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

  • Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

  • Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.

  1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

  2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

  3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

  4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

Экономикалық жүйе элементтерінің экоомикалық ықпал етуі институттар көмегімен жүзеге асырылады.

Институттар –экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара әрекетесуді реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат - трансакциялық шығындарды минимумға жеткізу болып табылады.

Институттар жасалуында мемлекеттің ролі зор. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің басты мінеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды шаруашылық жағдайлар тудыру.

Қазақстан Азаматтық кодексінде бірнеше категориялары бар:

Иемдену - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Пайдалану - мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай ақ одан пайда табудың іс жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік заң категориясы ретінде құқықтық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді.

Меншік субъектілеріне тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топтар, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары жатады. Объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, жұмыс күші және интеллект.

Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері:

1991-1992 - Реформалаудың басталуы, мемлекеттік орталықтан жоспарлы жүйеден нарықтық экономикаға өту. Кәсіпорынарды жеңілдікпен беру, ұжымдық және акционерлік меншіктердің қалыптаса бастауы, тұрғын үй купондарының пайда болуы.

1993-1995 - ҚР Президентінің 1993 жылы 5 наурызда шыққан жарлығымен бекітілген ҚР 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес жұмыстар жүргізіле бастады. 200-ден 5000 жұмысшылары бар орта кәсіпорындар ашыла бастады. Инвестициялық жекешелендіру купондарына жаппай жекешелендіру басталды. Аса жұмысшылары бар ірі кәсіпорындар пайда болды және жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Ауыл шаруашылығының жекеше процестері қалыптасты.

1996-1998 - ҚР Үкіметінің 1996 жылы 2 ақпанда қаулысымен бекітілген ҚР-ның 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру және қайта құрылымдаудың бағдарламасына сәйкес жұмыс істеді. Бұл тұста жекеменшік секторының басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту қарастырылды және меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендіруін қарастырды.

1999-2000 аралығында жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Осы тұста мемлекеттік мүлікті конкурстық негізде жекешелендіре бастады. Мемлекеттік акцияларды иемдену министрліктер мен ведомстволарға жүктелді.