Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.35 Mб
Скачать

1. Инвестициялар былай бөлінеді:

а) Жалпы жеке ішкі инвестициялар үстіміздегі жылғы өндіріс барысында қолданылатын машиналарды, жабдықтарды және өндіріс құрылыстарын алмастыру үшін арналған барлық инвестициялық тауарларды өндіруді, плюс экономикадағы капитал көлеміне қосылған қандай да болмасын таза қосылымды қамтиды. Демек, жалпы инвестиция орнын толтыру сомасында, инвестицияның өсуінде қамтиды;

б) таза жеке ішкі инвестициялар – осы жыл бойы өзінің орны бар үстеме инвестициялар.

2.Таза инвестициялар және экономикалық өсу. Жалпы инвестициялар мен амортизациялардың осы жылғы өндіріс барысында пайдаланылған еліміздің капитал көлемімен арасындағы ара қатынас экономиканың өрлеу, тоқырау немесе құлдырау жағдайында тұрған- тұрмағандығын көрсететін жақсы индикатор болып табылады. Екінші схемада үш жағдайдың әр қайсысы көрсетілген.

3. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы кәсіпорын түпкілікті (ақырғы) өніміне және тікелей сатып алынатын ресурстардың барлығына әсіресе жұмысшы күшіне шығатын барлық мемлекеттік шығындарды қамтиды, барлық мемлекеттік трансферт төлемдер шығарылып тасталады.

4. Таза экспорт - бүл отандық тауарлар мен қызметтерге деген шетелдік шығындардың шетелдік тауар шығындарынан асып түсудегі айырмашылығы.

Қорытынды

Осы бөлімді қорытындылай келсек, кәсіпорынның шеңберлі айналымымен толық таныстырылды, кәсіпорындағы негізгі және айналмалы қорлардың қалыптасуы қарастырылды. Дәрісте негізгі және айнымалы капитал (қор), негізгі капиталдың табиғи және моральдық құнсыздануы, амортизация, кәсіпорынның айнымалы қорлары, инвестициялар ұғымдары кеңінен ашылып қарастырылды, яғни дәріс өз мақсатына жетті.

7-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада шағын бизнестің дамуы өте маңзды рөл ойнайды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму формалары, шағын бизнестің дамуына әсер ететін факторларды анықтап қарастыру. Франчайзинг мағынасын ашып, біздің елде франчайзинг қолданыла ма, зерттеу.

8- тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары

Дәрістің мақсаты: қазіргі кездегі және дәстүрлі көзқарастарды талдау мен оны шешуде мәселенің пайдалылық функциясының құрылымын қарастыру.

  1. Кәсіпорын, оның түрлері,қызметтері

  2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Тұрақты, өзгермелі шығындар. Орташа шығындар. Шекті / қосымша/ шығындар.

  3. Фирманың табысы. Бухгалтерлік, экономикалық пайда

Негізгі ұғымдар: акционерлік қоғам, концерн, серіктестік, шығындар, табыс түрлері, т.б.

Кәсіпорынның ұжымдық-құқықтық формаларына:

  1. Ақционерлік қоғам. Жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралдарды және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапершілігі оның акцияларының құнымен шектелген.

  2. Серіктестік- адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Кәсіпорынның ұжымдық-экономикалық формаларына:

  1. Концерн – көп салалы монополистік өнеркәсіп бірлестігінің қазіргі экономиалық жағынан үстем нысаны. Өндірісті әртараптандыруға сүйене отырып, концерндер өздерінің құрамында ондаған, жүздеген әр түрлі кәсіпорындарды, ғылыми-зерттеу мекемелерін, оқу орталықтарын және орасан зор экономикалық кешеннің қызметін қатамасыз ететін басқа да көптеген буындарды біріктіреді. Концернге кіретін кәсіпорындар сөз жүзінде дербес кәсіпорындар болып қалады, бірақ іс жүзінде концернді басқаратын қаржы алпауыттарының бақылауына бағынады.

  2. Қауымдастық – бір немесе бірнеше шаруашылық қызметтерді бірлесіп атқару мақсатымен кәсіпорындардың шарт арқылы құрылған бірлестігі.

  3. Консорциум- заемдарды бірлесіп тарату үшін, үлкен ауқымдағы қаржы және коммерциялық операцияларды жүргізу үшін бірнеше банкілердің немесе өнеркәсіп орындарының арасындағы уақытша келісім. Білескен қаржы және коммерциялық операцияларды жүргізу туралы келісімге қол жеткізілген ұйымдардың бірлестігі.

  4. Синдикат – кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік және заңды дербестігін сақтай отырып, бүкіл коммерциялық қызметті жүзеге асыруды мойнына алады.

  5. Картель – монополистік бірлестіктер нысандрының бірі, оған қатысушылар монополиялық пайда табу мүддесін көздеп, баға туралы, өткізу рыногы туралы, өніріс көлемі туралы, патенттер алмасу туралы, жұмыс күшін жалдау шарттары туралы келісім жасасады (бұл орайда, өндірістік және коммерциялық дербестік сақталады).

Корпорация деп бір занды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акционерлік қоғам деп аталады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:

• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

  • акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;

  • басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамаңдарды шақыра алады;

• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етейді.

Бизнес үйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:

  • акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі - корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;

  • экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;

• меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, ме- неджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.

Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ ар-тықшылыктары одан көп.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа жөне ірі бизнес болып болінеді.

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.


Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міңдеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардьщ амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы.

Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) жоне қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа болуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорыннын тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады

Өзгермелі шыгьшдарга осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар ди-намикасымен танысайық. Бұңда үш жағдай болуы мүмкін:

  1. Өзгермелі шығындар пропорционадды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса

  2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс колемінің салыстырмалы кобеюінен аз болса, оңда дегрессивтік өзгермелі шығындардьщ болғаны

  3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі, өндірістің көлемінен артық болса

Кәсіпорынның жалпы шыгындары деп— оның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы түсініледі

ТС=FС+VС

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасыңдай шамаға өсіп отырады.

Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығаруға үшін жүмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы информация, өте маңызды. Орташа шыгындар АТСбұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

АТС=ТС\Q

Шекті шыгындар бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді.

Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:

  • орташа тұрақты шығындар;

  • орташа өзгермелі шығындар;

  • орташа жалпы шығындар.

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

  1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

  2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

  3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

    1. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

  1. МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

Q Q = өндірілген өнім саны.

3. АС = ТС ,

Q АС – орташа жалпы шығындар.

  1. АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар.

Q

  1. АVС = VС АVС – орташа өзгермелі шығындар.

Q

Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

  1. Жалпы табыс – ТR = PxQ

  2. Орташа табыс – АR = TR = P

Q

  1. Шекті табыс – MR = ТR

Q