Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mekhanika_2123.doc
Скачиваний:
267
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
10.2 Mб
Скачать

Тәжірибені орындау тәртібі

  1. Құралды ток көзіне қосыңыз.

  2. Оң жақтағы жүкті ең жоғарғы орынға ауыстырыңыз да, оған қосымша жүк салыңыз және жүйенің тоқтағанын тексеріңіз.

  3. «Пуск» тетігін басып, жүйенің қозғалысқа келгенін, кронштейннің қосымша жүкті ұстап қалғанын, секундомердің уақытты өлшегенін және жүйенің тоқтағанын тексеріңіз.

  4. Оң жақтағы жүкті жоғарғы күйіне ауыстырып «пуск» тетігін кері басыңыз да, блоктың қайтадан орнына келгенін тексеріңіз.

  5. Оң жақтағы үлкен жүкке массасы m қосымша жүктің біреуін орналастырыңыз.

  6. Оң жақтағы жүктің төменгі қырын жоғарғы кронштейндегі сызыққа келтіріңіз.

  7. Бағанадағы шкалалардың көмегімен берілген бірқалыпты қозғалыстың жолын белгілеңіз де, сан мәндерін кестеге жазыңыз.

  8. «Пуск» тетігін басыңыз.

  9. Жүктің жолды жүріп өткен уақытын секундомерден жазып алыңыз. Өлшеуді 5 рет қайталаңыз. Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

  10. Қосымша m1 және m2 жүктері үшін 2-3 тәжірибелік өлшеулерді қайталап жасаңыз.

  11. Өлшеулері әр түрлі (S1 және S2) жолдар үшін S1 £ S2 шартына сүйене отырып жүргізіңіз.

  12. Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

  13. (7) өрнектің көмегімен үдеудің мәндерін кестеге толтырыңыз.

  14. Әр қосымша жүк үшін үдеудің мәнін есептеңіз.

  15. a=¦(m1× g) тәуелділігінің графигін салыңыз.

Жаттығу № 1

Бірқалыпты қозғалысты зерттеу және лездік жылдамдықты анықтау

Электромагнит тізбегіндегі токты қосып, жүйені сол жақтағы жүк төмен болатындай етіп орналастырады. Бұл кезде жүйені электромагнит ұстап тұрады. Жылжымалы сақинаны тік бағананың жоғары бөлігінен 30-40 см аралыққа орнатады. Қосымша жүктеме алынған мезгілден бастап, жүктер қозғала бастайды. Осы қосымша жүктемені алып қалатын қозғалмалы сақинаны әр түрлі биіктіктерге h1, h2, …, hn орналастыра отырып, оларға сәйкес t1, t2, …, tn уақыттарын өлшеп алады. Уақыттарды өлшейді де, - қатынастарын тексереді.

Бұл тексерген шамамыз лездік жылдамдық болады. Жүргізілген тәжірибені кестеге толтырыңыз.

Ара қашықтық

Уақыт сек

Орташа уақыт

Лездік жылдамдық V, м/с

1

15 см

1.

2.

3.

2

30 см

1.

2.

3.

3

40 см

1.

2.

3.

Жаттығу № 2

Бірқалыпты үдемелі қозғалысты зерттеу

а) Жол заңын тексеру:

Оң жақтағы жүкке қосымша жүкшелер салыңыз.

Электромагниттің тізбегін қосып, жүйені оң жақтағы жүк қыры бөліктің нөлдік шкаласымен дәл келетіндей етіп орналастырыңыз. Содан соң қабылдағыш үстелді оның беті оң жақтағы жүктің төменгі табанына сәйкес келетіндей орналастырыңыз. Тізбекті ажыратып, секундомерді іске қосып, жүктердің қозғалыс уақытын өлшеңіз. Өлшеуді әр бір жүктеме үшін және биіктіктің үш мәні үшін жүргізіңіз. Бұл жағдайда, яғни жүктеме өзгермегенде жүйенің үдеуі бірдей болуы керек және мына қатынастар үш реттен орындалуы керек:

Өлшенген және алынған нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

б) Жылдамдықтар заңын тексеру. =аt

Бұл қатынасты тексеру үшін оң жақтағы жүкке үшбұрышты жүкше салып, электромагниттің көмегімен тепе – теңдік күйде жүйені ұстап тұрады. Осы ілулі жүктің төменгі жағына белгілі бір аралыққа h жылжымалы сақинаны (үстелді) орналастырады. Осы сақинадан екінші бір аралыққа жүк тоқтайтын тетікті әкеліп бекітеді. Тізбекті ажырата отырып, жүктеме алынғанға дейінгі t уақытты және алынғаннан кейінгі уақытты өлшейді де, жүктердің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығын анықтайды. Ілулі жүк пен сақиналы платформа арасын арттырғанда бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы артады. Жүктеме өзгермегенде үдеу бірдей болады. Сондықтан

Жүкше m(г)

жол h(см)

Уақыт t (сек)

t (сек)

Үдеу, a (см/с2)

1

2

30

1.

2.

3.

2

2

45

1.

2.

3.

3

2

60

1.

2.

3.

Жаттығу № 3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]