Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mekhanika_2123.doc
Скачиваний:
267
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
10.2 Mб
Скачать

Өлшеулер жүргізу реті

Өлшеулер тербелістер мен уақытты автоматты есептейтін ELWRO қондырғысында жүргізіледі.

а) Қондырғыны желіге қосып, 10-15 минут қыздырыңыз. “Пуск” батырмасын басыңыз. Осыдан кейін қондырғы жұмысқа дайын. Рамканың инерция моментін анықтаңыз. Ол үшін рамканы азғантай бұрышқа ауытқытып, қоя беріңіз де “Сброс” батырмасын басыңыз. Тербеліс сандарын санау автоматты түрде басталады. Санау терезесінде 19 саны пайда болған соң “Стоп” батырмасын басыңыз. Тербеліс саны мен уақыт есептелгеннен соң есептеуіштер автоматты тоқтайды. Рамканың тербеліс периодын Т0 табыңыз. Өлшеуді 5 рет қайталап, орташа мәнді есептеңіз.

Инерция моментін табу үшін сымның серпімділік коэффициентін білу керек. Бірақ оны инерция моменті оңай есептелінетін (мысалы, цилиндр немесе диск) денені қолданып, есептеуден алып тастауға болады. Тербеліс периоды:

Онда қосымша жүгі жоқ рамка үшін:

ал, цилиндрлі немесе параллелепипеді бар рамка үшін тербеліс периоды:

Осыдан

Цилиндрді рамкаға салыңыз. Ол үшін рамкаға цилиндрді қойған соң ақырын сақтық жасап, екі саусағыңызбен, рамка жұдырықтары цилиндр бетіндегі саңылауға енетіндей етіп, рамканы қысыңыз да, бекітуші бұрандаларды бұрап бекітіп жоғарғы жұдырықты босатыңыз. Рамкаға цилиндрді тік орнатыңыз және тербеліс периодын өлшеңіз. Өлшеуді 5 рет қайталап, оның орташа мәнін табыңыз.

Рамкаға цилиндрді горизонталь орнатыңыз. Қайтадан тербеліс периодын өлшеңіз. 5 рет өлшеуді қайталап, орташа мәнін табады.

Рамкаға дискі орнатыңыз. Тербеліс периодын дискімен өлшеңіз. Өлшеуді 5 рет қайталап, орташа мәнін табыңыз.

Дискі мен цилиндрдің өлшемдерін өлшеңіз және олардың инерция моменттерін тауып, рамканың инерция моментін анықтаңыз. Нәтижелерін кестеге жазыңыз.

Тік цилиндр

Көлденең цилиндр

Диск

Iтік

Iкөлд

Iдиск

Io

Ттік

Ткөлд

Тдиск

Рамкаға параллелепипедтің біреуін орналастырыңыз. Рамканың параллелепипедпен тербеліс периодын тауып, параллелепипедтің инерция моментін анықтаңыз. Өлшеуді параллелепипедтің төмендегі орындары үшін жүргізіңіз:

1. Параллелепипедті оның аз қырларының ортасында орналасқан саңылауларға бекітіңіз (z осіне қатысты).

2. Параллелепипедті оның үлкен қырларының ортасында орналасқан саңылауларға бекітіңіз (x және y остеріне қатысты).

3. Параллелепипед оның үлкен қырларының ортасы өтетін саңылауларға бекітіңіз (Ixy инерция моменті).

4. Параллелепипедті оның қарама-қарсы бұрыштары арқылы өтетін саңылауларға бекітіңіз (кіші диагоналы бойынша).

Барлық өлшеуді 5 рет қайталаңыз. Әр жағдай үшін тербеліс периодтары мен инерция моменттерінің орташа мәнін табыңыз.

Нәтижелерін кестеге жазыңыз:

Iz

Ix

Iy

Ixyz

Ixy

Ixz

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]