Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
145
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Еуразияның ішкі сулары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуразияның арктикалық, субарктикалық климаттық белдеулерінің табиғат зоналары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Еуразияның табиғат зоналарымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Еуразияның өзендері?

2. Еуразияның көлдері?

3. Еуразияның батпақтары?

4. Еуразияның жер асты сулары?

5. Еуразияның қазіргі заманғы мұз басуы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Еуразияның арктикалық және субарктикалық табиғат зоналарын түсіндіру.

Арктикалық шөл

Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура -400С-тан төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып тұрады. Аралдарда мұз басып жатыр. Өсімдіктерден мүк, қына, балдырлар өседі, Жануарлардан ақ аю мен ақ тұлкі кездеседі.

Тундра мен орманды тундра

Толық жетілмеген батпақты топырақтағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын, климаты қатал белдеу. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Тундрада ең көп тараған өсімдік-бұғы мүгі. Оңтүстікке жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады. Мұнда жануарлардан солтүстік бұғысы, бұлан, қоңыр аю, қоян, саңырау құрды кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен қалған қойөгіз тіршілік етеді.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Еуразияның табиғат зоналары?

2. Еуразияның табиғат зоналарының таралып орналасуы?

3. Табиғат зоналары дегеніміз не?

4. Еуразияның арктикалық табиғат зоналары?

5. Еуразияның субарктикалық табиғат зоналары?