Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
145
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Еуразияның табиғат зоналары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуразияның қоңыржай, субтропиктік, тропиктік белдеулердің табиғат зоналары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Еуразияның табиғат зоналарымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Б.Ү.Ү. кестесі.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Еуразияның табиғат зоналары?

2. Еуразияның табиғат зоналарының таралып орналасуы?

3. Табиғат зоналары дегеніміз не?

4. Еуразияның арктикалық табиғат зоналары?

5. Еуразияның субарктикалық табиғат зоналары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Еуразияның қоңыржай белдеуінің табиғат зоналарын түсіндіру.

Тайга

Тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Топырағы күлгін. Қарағай, шырша, май қарағай, саиырсын, бал қарағай өседі. Жануралардан Зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан, уссурий жолбарысы кездеседі.

Аралас және жалпақ жапырақты ормандар

Материктің батысында Орал тауына дейін тұтас белдеу жасап, Қиыр Шығыстағы жағалық бөлікте қаиты жалғасады. Емен, жөке, амур барқыт ағашы, жабайы жүзім, лиана, корей самырсыны, бал қарағай, шырша, сібір май қарағайы, шамшат, үйеңкі т.б. өседі.

Орманды дала және дала

Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр Шығыста қайта жалғасады. Өсімдіктерден қайың, көктерек, селеу, боз, бидайық т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, саршұнақ, дала күзені, дала тышқаны т.б. кездеседі.

Шөлейт және шөл

Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны тұтс жолақ түрінде қамтып, Монғолия мен Қытайдың тау аралық ойыстарында таралған.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы субтропиктік белдеудің табиғат зоналарын түсіндіру.