Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
145
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Антарктиданың географиялық орны?

2. Антарктиданың зерттелуі?

3. Антарктиданың жер бедері?

4. Антарктиданың климаты?

5. Антарктиданың биоресурстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы табиғат ресурстарының таралуын түсіндіру.

Жер ресурстары

Д.ж. жер қорының жалпы көлемі-13,1 млрд га немесе 131 млн км2. Мұның тек 1/3 бөлігі ғана ауыл шаруашылығына жарамды жер (4,8 млрд га). Өңделетін құнды жер әлемдік жер қорының тек 11%-ын ғана алып жатыр.

Тұщы су ресурстары

Тұщы су ресурстары гидросфераның жалпы көлемінің 2,5%-ын ғана құрайды екен. Планетамызда оның басты көзі болып өзен суы саналады. Жер шарының 60%-ға жуық бөлігінде тұщы су мөлшері жетіспейтін көлемде.

Орман ресурстары

Планетамыздың 30%-ға жуығын ормандар алып жатыр. Д.ж. ең көп орман алқаптары Оңтүстік Америка мен Азияда сақталған. Еуропада, әсіресе Австралияда ол тіптен аз күйде.

Д.ж. мұхит ресурстары

Мұнда аса мол биологиялық және минералдық, энергетикалық қуат көзі бар.

Рекреациялық ресурстар

Адамның денсаулығын түзеуге, сауығуына байланыста пайда болған.

Күн, жел ресурстары

Күн сәулесін, желдің күшін пайдалану арқылы энергия өндіру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Д.ж. халықтары мен елдері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға д.ж. елдерінің мемлекеттік құрылымы, саяси-әкімшілік құрылысы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. халықтары мен елдерімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызба.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

4. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.