Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
145
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Батыс, шығыс және оңтүстік Африка елдері.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сарамандық жұмыс №4

Тақырыбы: Африка.

Мақсаты: Африка құрлығын физикалық-географиялық тұрғыдан жан-жақты сипаттауға үйрету.

Көрнекілік: Атлас, глобус, Африканың физикалық және саяси карталары т.б.

Жоспары.

1. Солтүстік Американың шеткі нүктелері.

Солтүстік

Батыс Шығыс

Оңтүстік

2. Африка қандай климаттық белдеулерде орналасқан?

Африканың климаттық белдеулері

1. Экваторлық

2. Субэкваторлық

3. Тропиктік

4. Субтропиктік

3. Африканың өзендеріне алаптар бойынша сипаттама.

Африканың өзен алаптары

Атлант мұхиты Үнді мұхиты Ішкі тұйық

алабы алабы алап

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африка құрлығының физикалық-географиялық орнын қалай түсінгендерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Африка құрлығын қайталаған тұлға.

Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Тест сұрақтары арқылы Африка құрлығы қайталанады.

1.Африканың жер көлемі?

а) 30,3 млн. км.²

ә) 53,3 млн. км.²

б) 24,2 млн. км.²

в) 18,3 млн. км.²

2.Африканың батыс жағалауын қандай мұхит суы шайып жатыр?

а) Үнді

ә) Тынық

б) Атлант

в) Солтүстік мұзды

3.1855 жылы Виктория сарқырамасын ашқан зерттеуші?

а) В.Гамма

ә) Д.Ливингстон

б) Г.Стэнли

в) В.Юнкер

4.Н.И.Вавилов қандай мәдени өсімдіктің отаны Эфиопия жері деп дәлелдеді?

а) Күріш

ә) Жүгері

б) Картоп

в) Қатты бидай

5.Африканың оңтүстігіндегі шеткі нүктесі:

а) Гальинас

ә) Игольный

б) Пиай

в) Рока

6.Африканың ең биік нүктесі:

а) Килиманджаро

ә) Мак–Кинли

б) Аконкагуа

в) Джомолунгма

7.Ахаггар және Тибести таулы қыраттары қайда орналасқан?

а) Ливия шөлінде

ә) Намиб шөлінде

б) Сахарада

в) Кап тауларында

8.Африка платформасынан ертеде бөлінген, шығысындағы арал?

а) Крит

ә) Әулие Елена

б) Кипр

в) Мадагаскар

9.Африканың солтүстік–батысындағы тау:

а) Кап

ә) Атлас

б) Айдаһар

в) Тибет

10.Атлас тауларында дүние жүзіндегі қандай аса ірі кен орындары шоғырланған?

а) Фосфорит

ә) Көмір

б) Темір

в) Мұнай

11.Жаз айларында Сахара үстінде жылдық орташа температура қанша болады?

а) +20ºС

ә) +8 ºС

б) +35ºС

в) +47ºС

12. Африканың қиыр оңтүстігі мен солтүстігіне қандай ауа массалары әсер етеді?

а) Экваторлық

ә) Қоңыржай

б) Тропиктік

в) Арктикалық

13.Пассат желдері Африкаға қай жерден соғады?

а) Гибралтар бұғазы

ә) Мозамбик бұғазы

б) Қызыл теңіз

в) Гвинея шығанағы

14.Африкада климаттық белдеулер қанша реттен қайталанады?

а) 2

ә) 4

б) 3

в) 5

15.Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қандай климаттық белдеу қиып өтеді?

а) Субэкваторлық

ә) Субтропиктік

б) Субарктикалық

в) Қоңыржай

16.Африка ауданының 1/3 бөлігінің өзендері қандай алапқа жатады?

а) Тынық мұхиты

ә) Үнді мұхиты

б) Ішкі тұйық

в) Атлант

17.Африкадағы кеуіп қалған арналарды не деп атайды?

а) Сьерралар

ә) Пуналар

б) Прерийлер

в) Уәдтер

18.Африка өзендері қанша алапқа бәлінеді?

а) 4

ә) 3

б) 2

в) 6

19.Ақ ніл мен Көк ніл қай қаланың маңында қосылады?

а) Хартум

ә) Кейптаун

б) Каир

в) Мехико

20.Африка көлдерінің ішіндегі ең тереңі:

а) Тана

ә) Чад

б) Танганьика

в) Виктория

21.Конго қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын қандай табиғат зонасы алып жатыр?

а) Ылғалды экваторлық орман

ә) Сирек ормандар

б) Орманды дала

в) Шөлейт

22.Саванналарда қандай жануарлардың 40-тан аса түрі бар?

а) Зебра

ә) Бөкен

б) Буйвол

в) Бегемот

23.Намиб шөліне тән биіктігі 50 см., ұзындығ 2–3 м. болатын өсімдік?

а) Сүттіген

ә) Олеандр

б) Жүзім

в) Вельвичия

24.Сазды және құмды шөлдерде қандай топырақ тараған?

а) Сұр

ә) Сары

б) Қара

в) Қоңыр

25.Африканың қазіргі халқы қанша?

а) 3,1 млрд.

ә) 320 млн.

б) 700 млн.

в) 470 млн.

26.Африканың ең бойшаң халқы?

а) Нилот

ә) Тутси

б) Бушмен

в) Готентот

27. Африка елдері қанша аймаққа бөлінеді?

а) 3

ә) 4

б) 2

в) 5

28.Солтүстік Африка елдерін анықта.

а) Алжир, Либерия

ә) Сенегал, Гамбия

б) Сомали, Уганда

в) Намибия, Лесото

29.Оңтүстік Африка Республикасының астанасы?

а) Каир

ә) Алжир

б) Кейптаун

в) Ломе

30.Шығыс Африканың оңтүстігінде қандай тіл басым?

а) Араб

ә) Банту

б) Пигмей

в) Бушмен

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қайталау.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Аустралияның географиялық орны, жер бедері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Аустралияның географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары, таралып орналасуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Аустралия географиялық орны жер бедері, пайдалы қазбаларымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.