Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
145
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Оңтүстік Американың табиғат зоналары?

2. Оңтүстік Американың табиғат зоналарының таралып орналасуы?

3. Табиғат зоналары дегеніміз не?

4. Оңтүстік Американың ерекше қорғалатын аймақтары?

5. Адам әрекеті әсерінен табиғат зоналарының өзгеруі?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Оңтүстік Американың табиғат зоналары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Оңтүстік Американың халқы және елдері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Американың халқы және елдері, ұлттық, діни, тілдік құрамы, басқару жүйелері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Оңтүстік Американың халқы және елдерімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Оңтүстік Американың табиғат зоналары?

2. Оңтүстік Американың табиғат зоналарының таралып орналасуы?

3. Табиғат зоналары дегеніміз не?

4. Оңтүстік Американың ерекше қорғалатын аймақтары?

5. Адам әрекеті әсерінен табиғат зоналарының өзгеруі?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Оңтүстік Американың халқын түсіндіру.

Үндістер

Оңтүстік Американың байырғы халқы. Қазір бүкіл құрлық халқының 10%-ын ғана құрайды.

Метистер

Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар. Анд елдерінің негізін құрайды.

Мулаттар

Африкалықтардың еуропалықтармен некелесуінен пайда болған.

Самбо

Африкалықтардың үндістермен некелесуінен пайда болған

Креолдар

ХІХ ғ. келеген Испандықтар мен Португалдардың ұрпақтары.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Оңтүстік Америка елдерін аймақтар бойынша түсіндіру.