Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Изменен Оспан А.Ж.doc
Скачиваний:
312
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
35.37 Mб
Скачать

V тарау. Техникалық өлшеулер жөніндегі негізгі ұғымдар

Д.И.Менделеевтің – “Қашан өлшеуді бастаса, сол сәттен бастап ғылым басталады” – деген қанатты сөзі осы уақытқа дейін өзекті, жалпы адамзат іс–әрекетінде және ғылым өнімділік күшіне айналған сәтте қазіргі шаруашылықты үнемдеу, өлшеусіз мүмкін емес.

Өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегімен, тәжірибе арқылы физикалық шама мәнін табу.

Өлшеу өлшенетін біршаманың бірлік есебінде қабылданған, сондай бірдей шамаға қатынасы арқылы анықталады. Өлшеу нәтижесі болып, бірлікке сәйкес көрсетілген сандық шама мәні есептеледі.

Бақылау – өлшеудің жеке түрі, қашан босатылған шектік мәніне, физикалық шама мәні сәйкестігін белгілегенде анықталады. Қандай да болмасын өлшеулер, жіберілетін қателіктермен байланысты. Сызықтық және бұрыштық өлшеулерді жүргізгенде, нақты мөлшерлер деп аталатын – ол босатылған қателіктермен өлшеніп алынған мөлшер. Бөлшектердің, тораптардың және агрегаттардың өзара ауыстырымдылықтарын қамтамасыз ету, өлшейтін техникалардың жеткілікті түрдегі деңгейінсіз болмайтын шаруа. Машина құрылысындағы техникалық өлшеулер барлық технологиялық үрдістердің кіндік тамыры болып есептеледі. Өлшеу техникасының халжағдайы, машина өндірісінің үнеміне және олардың сапасына әжептәуір ықпалын тигізеді. Ғылыми түрде дәлелденіп негізделген сапа басқару жүйесі барлық қажетті өлшеу және бақылау құралдарының қанша керектілігін анықтап береді.

Машина құрылысында техникалық өлшеулерге қойылатын негізгі талаптар: дәлдік, жұмыс өнімділігін арттыру және алдын ала жарамсыз болуының алдын алу. Машина құрылысының бір саласы ретінде жөндеу өндірісінде техникалық құралдарға жоғарыдағыдай талаптар қойылады. Бірақ, машиналарды жөндеуде ақауларға байланысты арнайы өлшеулер жүргізуді қажет етеді жаңа бөлшекпен, бұрыннан тозғанмен, біріктірмелерді және жөндеу мөлшерлерін қолданғанда тексерумен. Бұның бәрі инженерлерден әрбір айқын жеке жағдайда негізделген әдістерді таңдаудың терең мәндерін түсінуді әрі кейбір жағдайда өлшеудің жаңа тәсілдерін табуды талап етеді.

.. Өлшеу құралдарын сұрыптау классификация

Және бақылауға алу

Барлық елдер көлемінде өндірісті кең түрде мамандандыру және түйсіктендіру кооперирование өзара ауыстырымдылықтың негізгі қағидасы, өлшеудің қажетті дәлдігін және бірлігін қамтамасыз етуді талап етед.

Өлшеу бірлігі – бұл өлшеудегі олардың белгіленген бірлікте көрсетілген нәтижелері, онымен қоса әрі нормаланған дәлдіктері.

Мөлшерлердің ұзындық бірлігі және оларды бақылау әдістемелері ғылыми түрде дәлелденіп жетілдірілген жүйе берілісі. Мемлекеттік өлшеу жүйесінің МӨЖ бір бөлігі болатын. Осы жүйеге сәйкес, барлық өлшеу құралдары үш түрге бөлінеді.

Эталондар – үлгі ретіндегі өлшемдер және аспаптар, өлшеу бірліктерінің ең жоғарғы дәлдігін сақтауға және қайта жаңартуға арналған. Оларға жататындар мемлекеттік метрдің түп тұлғасы, эталонды сандарымен өлшенетін ұзындық жиынтығы: бастапқысы, екіншісі, үшіншісі. Бастапқы эталон ұзындығын метрдің түп тұлғасымен тексереді, екіншісін – біріншісімен бастапқысымен, үшіншісін – екіншісімен.

Үлгі ретіндегі өлшемдер және аспаптар – лабораториялық және зауыттық өлшемдерді тексеруге, әрі түзету үшін арналған. – разрядты үлгі өлшемдерді үшінші эталонмен тексереді, – разрядты – – разряд үлгі өлшеммен тексереді.

Цехқа арналған өлшемдер мен аспаптар – бұйымдарды тексеру үшін қолданылады. Бұл өлшемдерді және аспаптарды өлшеу лабораторияларында үлгі ретіндегі өлшемдермен және аспаптармен тексереді.

Елімізде өлшеудің дұрыстығы және бірлігі мемлекеттік стандарт басқаратын министрлік пен ведомстволардың метрологиялық қызметтерінен тұратын бірыңғай метрология қызметінің арқасында қамтамасыз етіледі. Метрологиялық қызметінің іс-әрекеттері өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарт жүйесімен анықталған,оның нөмірі  санынан басталады МЕСТ .–.

Өлшемді жасау және бірлігін сақтаудың басты орталығы біздің елдеө метрология қызметінің бүкілодақтық ғылыми–зерттеу институты. Оның кең мемлекеттік тексеру лаборатория тармақтары, барлық ел көлемінде өлшеу техникасына мезгілімен тексеріс және заңдылығына қажетті бақылау жүргізіп отырады.

Ғылыми–өндірістік бірлестік “Агроаспап”, Мемлекеттік өнеркәсіптің метрология қызметі жөнінде бас кәсіпорын міндетін атқарады.

Өлшеу құралдарын тексеру өлшеу техникасында Мемлекеттік қадағалаудың ең маңызды формасы болып есептеледі. Тексеру – өлшеу құралдарының қателіктерін экспериментальді түрде анықтап және олардың әрі қарай қолдануға жарамдылығын белгілеу. Өлшеу құралдарының, дұрыстарына-түзу екенін айқындайтын таңба қояды және керек болған жағдайда тексергені туралы куәлік береді.

Кәсіпорындарда, шаруашылықтарда, мекемелерде – метрологиялық қызмет құрастырылмаған болса, онда метрологиялық бақылаудың міндетін басқа бөлімдерге немесе жеке техникалық дайындалған адамға жүктейді. Олар жылдың күнтізбелік кестесі бойынша барлық техникалық өлшеуіштерді тексеріп әрі бақылап отырады.

Барлық өлшеу құралдары қолдануға арналған сипаттамалары, конструкциясы құрылымы және бақылауы бойынша үш топқа бөлінуі мүмкін: өлшемдер, өлшейтін аспаптар, өлшейтін қондырғылар және жүйелер.

Өлшемдер меры – өндірісте кеңінен қолданылатын өлшемдердің ұзындық бірлігі ретінде сандарымен өлшенетін жазық–параллельді өлшем ұзындықтары. Ал бұрыштық бірліктерді игеру үшін бұрыштық өлшемдерді қолданады.

Өлшемдерге – машина құрылысында мөлшерлерге бақылау құралы ретінде калибрлер жатады өлшеу үшін емес. Калибрлердің кең тараған түрлері пробка, скоба.

Өлшейтін аспаптар және құралсаймандар. Жеңіл түрлеріне өлшейтін құрал–саймандар, ал күрделі түріне аспаптар жатады.

Өлшеу құралдарын қолдану сипаттамасына қарай әмбебапты және арнайы белгіленген деп бөлуге болады.

Әмбебапты өлшеу құралдары – сызықтық және бұрыштық шамалардың конструкцияларына, әрі іс–әрекеттеріне қарай келесідей түрлерге бөлуге болады:

–ең жеңіл өлшеу құралдары сызғыштар, кронциркулдар, нутромерлер ішкі өлшем

–сызықтық нониусымен штрихталған ашылмалы құралдар штангенқұрал–сайман, әмбебапты бұрыш–өлшем

–микрометрлік құрал–саймандар микрометрлер, микрометрлік ішкі өлшемдер және тереңдік өлшемдер

–күйнекті–механикалық аспаптар индикаторлар, микрокаторлар

–күйнектілі–оптикалық және оптикалық аспаптар оптиметрлер, құрал–сайманды микроскоптар, проекторлар, өлшейтін микроскоптар

–пневматикалық аспаптар төменгі және жоғарғы қысымды ротаметрлермен

–электрленген аспаптар, қондырғылар және жүйелер электр контактілі және индуктивті датчиктер.

Арнайы белгіленген өлшеу құралдары келесідей топтарға бөлінеді:

–жазықтылықтарды, түзу сызықтылықтықтарды және көлденеңділіктерді бақылау құралдары тексергіш сызғыштар, деңгейлік плиталар

–беттіктердің бедерлерін өлшейтін құралдар профилометрлер, профилографтар, қосақталған микроскоп, интерферометрлер

–ойма өлшеу құралдары оймалық микрометрлер, адым– өлшемдер және т.б.

–конустық дөңгелектерді және тісті цилиндрлік элементтерді онымен қоса червякті берілістерді өлшеу құралдары штангелі– тіс өлшегіш, нормалмер, биениемер соққы өлшем, орта аралық өлшем және т.б.

Өлшейтін қондырғылар өлшеуіш құралдарды және көмекші қондырғыларды атқаратын міндеттеріне қарай бірлестіріп, ақпарат ретінде бақылаушыға жеткізетін қондырғылар.

Өлшейтін жүйелер – өлшейтін қондырғылардан ерекшелігі – бақылаушыға жеткізіп қоймай, алынған өлшеу нәтижелерін автоматты түрдегі басқару жүйелеріне қолдануға болады.

.. Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық