Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Изменен Оспан А.Ж.doc
Скачиваний:
312
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
35.37 Mб
Скачать

3.1 Қондырулар және дәлдік шектер жөніндегі негізгі ұғымдар

Бөлшектер, толықтай немесе жартылай бірөбіріне кірумен, біріктірмелер құрады.

Бөлшектің ішкі элементі қапсыратын - бұл тесік, бөлшектің сыртқы элементі қапсырылатын - білік.

“Тетік“ және “білік“ деген атаулар шартты түрде және тек қана тегіс жылтыр цилиндрлік элементтерге ғана арналған емес. Мысалы, шпонка білік біріктірмесінде, шпонка білік болып есептеледі, ал білік ойығы - тетік болады 3.. сурет.

Біріктірмелерде тұратын бөлшектер - мөлшерлермен сипатталады.

Мөлшер - сызықтық шаманың сандық мәні диаметр, ұзындық, биіктік және б. өлшем бірлігінде қабылданған. Мөлшерлер машина-құрылысында миллиметрмен көрсетіледі.

Мөлшерлердің шартты белгілеуі бас әріппен болса, тесіктерге жатады, ал біліктерге кіші әріппен латын алфавиті бойынша белгіленеді. Тетік мөлшері - D, білік мөлшері - d.

Мөлшерлерді беріктілікке, қаттылыққа және ескіруге усталость есептеп анықтайды немесе конструкторлық оймен соображений таңдайды, сосын ең жақын дұрыс қатарлы сызықтық мөлшерге дейін жеткізіп МЕСТ 66і6- СТ СЭВ 514-7 бойынша толық сан қылады.

3.-Сурет. Қапсырылатын және қапсыратын беттер мысалы

Бұдан әрі есептеулікте осы негізгі мөлшер қатысады, нақтылы номинальный, лайықты мөлшер деген атаумен Dn, dn. Қарапайым дұрыс мөлшер нормальный біріктірме құрастыратын тесік үшін де, білік үшін де бірдей: Dndn.

Нақты действительный мөлшер Dе, dе - жасалған бөлшектің қателіктерін қоса өлшеумен белгіленген, қалыпұстам құжаттармен бұйымдарды қабылдау үшін арналған мөлшер. Егер де өлшеу бұйымдарына қабылдауға немесе дәлдікке арналған талаптар қойылмаса, онда есептеліп алынған мөлшер өлшенген деп аталады. Бөлшектердің нақты мөлшерлері бір станокта бір құрал-сайманмен жасалса да бір-бірінен айырмашылықта болады, өйткені олардың ауытқу мәніне реттеуге келтірмейтін көптеген себептер ықпалын тигізеді.

Өңдеу кезінде нақты мөлшерлердің шашырауынан құтылуға болмайды, сондықтан да шашырау ауқымын шектеуге болады, шектік мөлшерлер ең жоғары, ең төменгі деп белгленед DЕЖ, DЕТ, dеж, dет.

Шектік мөлшерлер деп екі босатылған шектік мөлшерлерді атайды, олардың арасында немесе олардың өздері нақты мөлшерге тең болулары керек.

Ең жоғарғы және ең төменгі шектік мөлшерлер айырмасын дәлдік шек деп атайды Т:

ТDЕЖ-DЕТ; Td dеж-dет ..

Дәлдік шек бұл аралық, қайсының шектігінде жарамды бөлшектердің нақты мөлшерлері жатуға тиісті. Ол тек қана оң шама бола алады.

Шектік мөлшерлерді сызбада нақтылы мөлшердегі шектік ауытқулар мәндерімен белгілейдіі. Шектік ауытқулар - шектік және нақтылы мөлшерлердің алгебралық айырымы. Жоғарғы және төменгі ауытқулар деп бөледі.

Жоғарғы ауытқулар ES, es - ең жоғарғы шектік мөлшер мен нақтылының алгебралық айырмасы:

ES DЕЖ-Dn; es dеж-dn ..

Төменгі ауытқулар EI, ei - ең төменгі шектік пен нақтылы мөлшерлердің алгебралық айырмасы:

EI DЕT-Dn; ei dет-dn ..

Қондыру посадка - бөлшектер біріктірмелерінің саңылаумен немесе керумен пайда болған мөлшерлермен анықталатын сипаттамасы.

Саңылау S - тесік мөлшерімен D және білік мөлшері d­ арасындағы оң айырмасы:

S  D - d ..

Біріктірмелерде саңылау қашан тесіктің мөлшері біліктен үлкен болғанда болады әрі үлкен немесе кіші болсын бөлшектердің өзара жылжуларын қамтамасыз етеді.

Керу N - білік мөлшері d мен тетік мөлшері D арасындағы оң айырымы:

N  d - D ..

Керу бөлшектер біріктірмелерінің өзара беріктілігін сипаттайды.

Жоғарыда айтылғаннан керуді теріс саңылау деп қарастыруға болады:

S  D - d; N  d - D ..

S  - N; N  - S

Білік және тесіктің нақты мөлшерлер дәлдік шектер шектігінде шашырауы жинастырылатын біріктірмелер керулерімен және саңылауларының мәндерінің шашырауына әкелуі мүмкін. Біріктірмелер сипаттамасына талдау жасау үшін керу мен саңылаудың шектік мәндерін білу қажет. Саңылау және керудің шектіктерін аналитикалық түрде келесідей формуламен анықтауға болады:

SЕЖ  DЕЖ -dет  ES - ei;

S

..

ЕТ  DЕТ -dеж  EI - es;

NЕЖ  dеж - DЕТ  es - EI;

NЕТ  dет - DЕЖ  ei - ES.

Қондырулар дәлдік шегі Т - ең жоғарғы және ең төменгі саңылау немесе керу аралары айырымы

Т  SЕЖ - SЕТ; Т  NЕЖ - NЕТ

басқа жағынан

Т  SЕЖ - SЕТ  DЕЖ - dет - DЕТ - dеж  ..

 DЕЖ - DЕТ + dеж - dет  TD  Td

Сондай-ақ

Т  NЕЖ - NЕТ  dеж -DЕТ - dет - DЕЖ 

 DЕЖ - DЕТ  dеж - dет  TD ‹ Td.

Сонымен, қондырулар дәлдік шегі білік пен тесіктің дәлдік шек қосындысына тең:

Т  TD‹ Td ..