Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Изменен Оспан А.Ж.doc
Скачиваний:
312
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
35.37 Mб
Скачать

1 Мемлекеттік стандарттау жүйесі және оның мәні

1.1 Стандарттаудың пайда болуы мен дамуы

Адамзат қоғамының пайда болуымен бірге ереже қолданып және анықтау керектігі туды. Көне жазба, жыл санау, есептеу жүйесі, ақшалар белгісі, салмақ және өлшем бірлігі мұның бәрі стандарттаудың бірінші қадамдары.

Өндірістің дамуымен бірге стандарттау да дамыды, өз кезегі келгенде өнгіш күштердің тым тезірек өсуіне мүмкіндік жасады. Бір қалыпты өлшеммен өңделген тастарды қолдану Көне Мысырда дұрыс геометриялы сыртқы пішіні бар ғимарат салуға мүмкіндік туғызды. Аумақтары бірнеше тонна тастар, өңделгендері дәл нақты және бір-бірімен қиюластырғандары таң қаларлықтай, тіпті қазірдің өзінде араларынан ине өткізуге болмайды.

Биіктігі  метр Вавилон мұнарасы құрылысына  млн. стандартты кірпіштер қолданылған, бұл кірпіштерді құйғанда және күйгізгенде белгілі бір тәртіптің болғандығын байқатады.

Қайта өрлеу дәуірінде кең дамыған қарым-қатынастардың кең дамуы, мұхитта жүзетін сауда кемелерінің және оларды қорғайтын соғыс кемелерінің керектігін дәлелдеді. Венецияда XV ғасырдың өзінде кеме жасау құрылысы ағымда ұйымдастырылады. Бірыңғайланған біртүрлі (бірдей) сауда және соғыс кемелерінің тұлғасы жіңішке каналға суға түсіріліп, оның екі жағына материалдар және бөлшектер бөлінген жұмысшылар орналастырылады. Канал бойымен жылжуына қарай сауда кемесі керекті жабдықтармен толтырған, ал соғыс кемелері қару-жарақтарымен каналдың ең шетіне жеткенде, кемеге тұщы ауыз су, азық-түлік артылып, команда туын көтеріп мұхитқа шығып кете беретін болған. Сауда және соғыс кемелерінің жүзу жылдамдықтарының бірдей болуына қарай, олар соғыс болған жағдайда бірімен бірі әрқашан бірге болатын болған.

Ресейде стандарттаудың бастауын 535 жылғы IV Иванның зеңбірек оғы өлшемін тексеруге арналған енгізген айналмалы калибрге арналған стандарт Жарлығын жатқызуға болады.

Ұйымдық жағынан Кеңестік стандарттау 5 қарашада 935 жылы тіркеледі. Қорғаныс және Еңбек Кеңесінің жанынан стандарттау Комитеті ұйымдастырылған мезгіл. Стандарттау Комитетінің бірінші төрағасы В.В.Құйбышев болды, ол кісі стандарттауды халық шаруашылығын қайта құрудың және ұтымды етудің ең маңызды құралы деп түсінді. Бізге жай стандарттар емес, өндірістің сипаттамасын өзгерте алатын шығармашылық стандарттар керек деп атап өтті. Бұл мәселе қазірде де көкейтестілігін жойған жоқ.

Мемлекеттік стандарт қай республикада болмасын барлық стандарттық саладағы жұмыстардың ең жоғарғы органы болып есептеледі. Ол стандарттау және метрология бойынша ғылыми-зерттеу институттарының тармағын пайдаланады және бұл жұмысқа салалық ғылыми-зерттеу институттарын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен жоғарғы оқу орындарын қоса өзара жұмылдырады.

Стандарттау – нақты бар міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет.

Стандарт – уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

Ғылым мен техниканың қазіргі заман талабына сай дамыған уақытында стандарттау өмірдің барлық саласын, оның ішінде өндірісті және тұрмысты да тегіс қамтыды және әрбір адам оның не екенін сезіну арқылы өзінің көз алдына елестете алады. Бірақта, қысқаша ғылыми стандарттаудың анықтамасын беру мүмкін емес.

. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Стандарт түрлері мен категориялары. Стандарттау объектілері

Стандарттаудың негізгі мақсаттары – техникалық алға дамуды тездету, қоғамдық өндірістің және еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру, соның ішінде басқару мен инженерлік жағын, өнімдердің сапасын жақсартып және оны қолайлы деңгейде ұстау. Бұл мақсаттарды ең бастысы деп белгілеуге болады. Еліміздің қорғаныс талабына сай өнімді үйлесімді ету – стандарттаудың негізгі мақсаты.

Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.

Ұйым стандарты (ҰС) – ұйым бекіткен стандарт;

Ұйымдық стандарттар мекемеде белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі, ал белгіленуі 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте – Ұйымдық стандартты белгілеу тәртібі

Белгілеу мазмұны

Белгілеудегі белгілер саны

1

2

Құжат индексі

ҰС

Қазақстан Республикасының қысқартылған атауы

ҚР

Жалпы жіктеуіш бойынша (МКЖЖ). Мекеменің коды немесе кәсіпорынның (СТН, 8 сан)

ХХХХХХХХ

Мекеменің меншік түрі (ЖСШ, АҚ, 2 немесе 5 сан)

ХХ немесе ХХХХХ

Реттік тіркеу нөмірі (3 сан)

ХХХ

Стандарттың бекітілген нөмірі (4 сан)

ХХХХ

Ұйымдық стандарттардың белгіленуінің мысалы: ҚР ҰС 20098024 ЖШС-011-2004.

Қазақстан Республикасында нормативтік-техникалық құжаттардың келесі категориясы анықталған:

  • мемлекеттік стандарт;

  • салалық стандарт;

  • республикалық стандарт;

  • техникалық шарт.

Мемлекеттік стандарт (МЕСТ) - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қолы жетімді стандарт;

Техникалық шарт (ТШ) – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат;

Халықаралық стандарт (ИСО) – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттар жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

Аймақтық стандарт (ҚР СТ) - стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат.

Стандарттаудың объектілеріне жататындар: нақты өнімдер, нормалар, ережелер, талаптар, әдістер, терминдер, белгілеулер және өндірістік технология тағы басқа ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы, сонымен қатар халықаралық сауда-саттықта көп рет қайталанып қолданылатындар.

Кәсіпорында стандарттаудың объектісі бола алатындар, мысалы:

- жасалатын бұйымның құрастырма бөлігі болатын құрастырма бірліктер және бөлшектер;

- өндірісті ұйымдастыру мен басқару саласындағы ережелер мен нормалар, сонымен қоса өнімнің сапасын басқару;

- технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар;

- технологиялық нормалар, талаптар мен типтік технологиялық сұлбалар схемы;

- кәсіпорындарды тексеру сұлбалары.

Өнімдерге атқаратын міндеттеріне сәйкес келесі стандарт түрлері тағайындалған: техникалық шарттарына (жағдайлар); жалпы техникалық талаптарына; өлшемдері мен параметрлеріне; типтеріне, негізгі параметрлері мен өлшемдеріне; құрлымы мен өлшемдеріне; маркасына; сұрыптылығына; қабылдау ережесіне; бақылау әдістеріне сынақ, талдау, өзгеру; таңбалау маркировка ережесіне, буып-түюге, тасымалдау мен сақтауға; пайдалану және жөндеу ережелеріне; типтік технологиялық үрдістеріне.

Жалпы техникалық және ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар түр-түрге бөлінбейді.

.3 Стандартты әзірлеудің, бекітудің және енгізудің кезеңдері

Жобалаудың арқасында стандарттау мәселесімен айналысатын барлық мекемелердің іс-әрекетін байланыстырады, сонымен қатар стандарттаудың ең жоғары тиімділігіне және жинақтылығына қол жеткізеді.

Ұйымдастыру-әдістемелік біркелкілігі үшін стандартты әзірлеудің барлық категориясына төрт кезең саты белгіленген:

-ші кезең саты - стандартты әзірлеу және техникалық тапсырманы бекіту;

-ші кезең саты - стандарттың жобасын әзірлеу (алғашқы нұсқасы) және сын пікір жинауға жөнелту;

3-ші кезең саты - сын пікірлерді өңдеу, стандарттың жобасын әзірлеу (соңғы нұсқасы) және оны бекітуге ұсыну;

4-ші кезең саты - стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу.

Стандартты бекіткенде оның енгізу уақыты белгіленеді, яғни күні, айы, жылы күшіне енген күннен басталады. Егер де белгіленген нормалар, көрсеткіштер, талаптар, оның таратылатын саласына сай қолданылса, онда стандарт күшіне енгізіледі деп есептеледі.

Мемлекеттік стандарт және оның қарамағындағылар стандарттар мен техникалық шарттардың енгізілуі мен талаптарын мемлекеттік және кооперативтік өнеркәсіпте, ауылшаруашылық кәсіпорындарында, жобалау және конструкторлық ұйымдарда, көлікте және сауда да, денсаулық сақтау мекемелерінде және байланыс, өнімдерді өткізумен айналысатын мекемелер базасы мен қоймаларында мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) жүзеге асырады.

Өнімді жоспарлау сатысында, сынағанда, өндіргенде, сақтағанда, тасымалдағанда, қолданғанда және өнімді жөндегенде стандартты және техникалық шарттарды сақтау үшін мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) өткізеді.

Министрліктер ведомстволар­ өнімнің сапасы, стандарт пен техникалық шарттың енгізілуі мен сақталуын, сонымен қатар кәсіпорындарда өлшеу құралдарын қолдану және олардың күтім жағдайына, ғылыми-зерттеу институтында, конструкторлық және басқа да мекемелерде ведомстволық бақылау жүргізеді.

Мемлекеттік стандарт  мемлекеттік, салалық және республикалық стандартты тиісті министрліктерге, министрлер кеңестеріне және республикалық мемлекеттік жоспарлау комитеттеріне бекітіп қояды, ал олар өз кезінде бас негізгі, базалық және басқа да стандарттау жөніндегі мекемелер немесе кәсіпорындарға бекітеді. Бұл мекемелер мен кәсіпорындар жүйелі түрде бес жылда бір рет өздеріне белгіленген стандартты тексереді, ғылыми-техникалық деңгейін анықтайды және қажеттіліктің туындауына байланысты ондағы ескірген көрсеткіштерді, нормаларды, сипаттамаларды, талаптарды, терминдерді, анықтамаларды, белгілеулерді жаңартып, жетілдіріп отырады.

Стандартты қайта қарау ұсынысы халық шаруашылығын және еліміздің қорғанысын әрі қарай дамыту үшін талаптарды қамтамасыздандыру мен негізделуін қажет етеді. Стандартқа өзгерістерді тек оны бекіткен мекеме ғана енгізеді. Бекітілген стандартқа енгізілген әрбір өзгеріске бекіткен мекеме ғана реттік нөмірі мен енгізілген мерзімін белгілейді. Стандарт қайта қаралғанша немесе алынып тасталғанша, егер де шектеу мезгіліне шек қойылмаса, онда оған енгізілген өзгерістер күшінде болады.