Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Изменен Оспан А.Ж.doc
Скачиваний:
312
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
35.37 Mб
Скачать

3.5-Сурет.Құрастырма сызбада шектік ауытқуларды белгілеу

3 Тарауға түсініктемелер және бақылау сұрақтары

1. Өзара ауыстырымдылық

 взаимозаменяемость

. Шектік мөлшерлер

 предельные размеры

. Дәлдік шек

 допуск

. Жоғарғы ауытқулар

 максимальное отклонение

. Төменгі ауытқулар

 минимальное отклонение

6. Қондыру

 посадка

7. Саңылау

 зазор

. Керу

 натяг

. Қондырудың дәлдік шегі

 допуски посадки

1. Сызба

 чертеж

11. Сұлба

 схема

1. Нобай

 эскиз

  1. Өзара ауыстырымдылықтың міндеті?

. Өзара ауыстырымдылықтың ө.а. түрлері?

. Өзара ауыстырымдылықтың қысқаша даму тарихы?

. Қондырулар және дәлдік шектер жөніндегі негізгі ұғымдар?

. Нақты және нақтылы мөлшерді қалай түсінесіз?

6. Шектік мөлшерлер қалай анықталады?

7. Жоғарғы және төменгі ауытқулар, саңылау, керу, қондырулардың дәлдік шектері қалай анықталады  нөлдік сызық деген не?

. Сызбада шектік ауытқуларды қалай белгілейдіі?

IV тарау. Машина бөлшектерін қайта қалпына келтіргенде және жасап шығарғандағы өңдеу дәлдігі

Машинаның сапасы және оның сенімділігі, өміршеңділігі, көп жағдайда бөлшектерді жасап шығарғанда және жөңдеу үдерісінде қалпына келтіргенде бірінші кезекте өңдеу дәлдігіне байланысты. Машинаны әрі қарай дамыту, трактордың, автомобильдің, комбайнның және басқа машиналардың конструкциясын күрделендіру, жұмыс жағдайларын ұлғайту, үлестік күш салмағын көтеру, бөлшектің сапасына, оның ішінде әрі өңдеу дәлдігіне де жоғарғы талаптар қояды.

.. Қателіктердің түрлері және олардың

Пайда болу себептері

Машинаны жобалауда конструктор геометриялық құрама беттермен шектелетін және қажетті пайдалану сипаттамасымен қамтамасыз етілетін әрбір бөлшектің мөлшерін және белгілі формасын белгілейдіі. Бірақ–та өндірістік практикалық жағдайда станокта өңделген бөлшектер, берілген формадан және мөлшерден ауытқуы мүмкін. Сондықтан осыған байланысты белгіленген немесе нақтылы беттіктер деп айырады, өңдеу нәтижесінде алынған және босатылған дәлдікпен өлшенген сызбамен анықталған және нақты немесе ақиқатты деп бөледі.

Өңдеудегі дәлдік бұл сызбамен белгіленген, нақты геометриялық мөлшерлердің параметрлерге дәреже жағынан сәйкестігі.

Өңдеудегі қателіктер белгіленген нақты параметрлерден ауытқу немесе дәрежеге сәйкес келмеуі. Қате жіберушілікті – дәлдікке қарама-қарсы шама деп айтуға болады.

Өндірістік жағдайда бөлшектер дәлдігі үшін үйлесімді гармонический талдау қолдану қиын. Сондықтан геометриялық параметрлердің ауытқуын ірілетіп сұрыптау қабылданған: мөлшер ауытқуы беттердің орналасуының ауытқуы формалар ауытқуы толқын тәрізділік бет бүдірі.

Өңдеу дәлдігіне ықпалын тигізетін факторлар өте көп, сондықтан

өңдеудегі қателіктерді талдау үшін оларды топтастырамыз.

Станоктың дәлсіздігі. Өңдеу қателіктері шпинделдің соғылуымен, бағыттағыш станинаның, супорттың, жұмыс үстелінің түзу еместігінен, шпиндел кіндігіне супорт жылжуының перпендикулярлы және параллельді еместігінен, алдыңғы және артқы бабкалар кіндіктерінің түйіндесудіегі саңылауына дәл келмеуінен болулары.

Тетік приспособление дәлсіздігі. Ең негізгісі бөлшектерді өңдеуде бекітетін элементтердің дәлсіздігі, станокта орналыстырылған құрал–саймандардың орналасуын анықтайтын тетік дәлсіздігі.

Кескіш дәлсіздігі. Көптеген дәлсіздіктер өлшем құралдардан бұрғы, ұнғыштар зенкер, ұңғылар развертки, метчиктер, протяжкалар және т.б. және қаптал көріністі профильного фасонды кескіштер және ажарлау кругтары, фрезалар және т. б. саймандардан, өйткені тікелей және басқадай өңделетін беттің пішініне және мөлшеріне ықпалын тигізіп және басқадай реттеумен жөнделмейтіндер.

Барлық кескіштерге көбірек ықпалын тигізетін мөлшерлік тозуы, яғни кескіш бөлігінің тозуынан тұратын қателіктер.

Бөлшектердің дәлсіздіктері. Бөлшек, алдында болған операциялардан қалған қандай да болмасын операцияға жұмыстарға кезігетін өңдеу қателіктеріне ие болады. Бөлшектерді қайта қалпына келтіргенде бұл қателіктерге пайдалану үдерісіндегі тозумен пайда болған деформациялар және мөлшерлер әрі форма ауытқулары қосылады. Осы қателіктердің бәрі ең соңғы болған операцияда өңдеу дәлдігіне ықпалын тигізеді.

Станоктың, тетіктің, құралдың деформациялары. Серпімді деформациялар, станокта, тетікте кескіш күштер салдарынан пайда болғандарды, қосылыстар деформациясы – біріктірмелер қосылған жердегі деуге болады шпинделді, үстелді, суппортты қысқанда және бөлшектер денесі деформациясы шпинделдің, станинаның бүгілуі және т. б.. Бұл деформациялар мөлшерлері станоктың қаттылығына байланысты және оның конструкциясынан әрі жасауындағы сапасына байланысты.

Бөлшектер деформациясы. Ең алдымен қатты емес бөлшектерді өңдеуге деформацияны есепке алған дұрыс, ұзын біліктерді, жұқа қабырғалы цилиндрлерді сақиналарды және т.б. Бұндай жағдайда өңдеудегі қателіктер бөлшектерді бекіткендегі қысу күшінен және өңдеу үдерісіндегі кесу күші салдарынан пайда болады.

Мысалы, күрделі бөлшектерді өңдегенде қима аудандарының күрт өзгеруінен цилиндр блоктарының, блок қалпақшасының, қораптар берілісі тұлғасы ең маңызды мәні болатыны ішкі кернеу деформациясынан.

Металлл қабаттарын сыдырғанда бөлшектер материалдарының ішкі күштер кернеуінң тепе–теңдігі бұзылады, соның салдарынан өңделетін бөлшекке және беттіктерге кернеудің таралуынан олардың қалыптары өзгеруі мүмкін.

Температуралық деформациялар. Механикалық өңдеу үдерісінде бөлшектің, тетіктің, станоктың кейбір бөліктерінң өзгеру бірдей болмайды. Онымен қоса материалдар әр түрлі сызықтық ұлғаю коэффициентіне ие. Соның салдарынан беттердің алғашқы өзара орналасу жағдайлары бұзылады, одан әрі ол өңдеудегі қателіктерге әкеп соғады.

Аспапты өлшемге қоюдағы дәлсіздіктер. Мөлшер мәніне алғашқы кескіш аспапты бекіту ықпалын тигізеді, онымен қоса қайтадан тозып айырбастағанда бекітудің дәлсіздігі.

Мөлшерді өлшеудегі дәлсіздіктер. Өлшем құралдарын немесе аспаптарды приборы жасаудағы қателіктер әрі дәлсіздіктер – өлшеуде кеткен барлық өңдеу қателіктерінің көзі болады, өйткені бұлардың барлығының нәтижесін біздер өлшеудегі деректермен салыстырамыз.

Осылардың бәрі сызбада берілген бөлшектер параметрлерінің ауытқуына себепкер болады. Бір партия бөлшектерді өңдегенде дәлсіздік тудыратын әрбір себептер, бір бөлшектен екінші бөлшекке ауысқанда бірдей емес.

Жоғарыда келтірілген әрбір фактордың әрқайсысының тигізетін ықпалын жеке-жеке бағалау үшін экспериментальды-аналитикалық әдіс қолданылады, ол - әрі күрделі және көп уақыт қажет ететін әдіс.

Статистикалық зерттеу әдісі экспериментальды-аналитикалық әдіске қарағанда жеңілірек, әрі барлық факторлардың ықпалын бағалауға болады. Бұл әдісті өндірістік жағдайда кең түрде қолданады.

.. Мөлшер дәлдігі

Өңдеу кезінде, бір партиядағы бөлшектердің нақты мөлшерлер арасында өзара қателіктер пайда болу нәтижесінде бір–бірінен

өзгешеліктер болады, яғни мөлшерлердің шашырауы болады. Мұны ойөрім ықтималдығын және математикалық статистиканы қолданып шешеміз.

Қателіктер жүйелі және кездейсоқ болуы мүмкін.

Жүйелі қателіктер бір бөлшектен, екінші бөлшекке ауысқанда заңдылықпен өзгереді немесе таңбасымен және мәнімен тұрақты. Жүйелі қателіктердің қайнар көзі болатындар, мысалы, станок бағыттаушысының түзу еместігі, өлшем құралдарының дәлсіздігі, жасап шығарудағы дәлсіздіктер. Жүйелі қателіктердің мәндерін және таңбаларын алдын-ала болжауға және есепке алуға болды, бірақ оны жою қолдан келмейді.

Кездейсоқ қателіктер – мәнімен және таңбасымен тұрақсыз. Алдын-ала және олардың мәнін және таңбасын әрбір жеке жағдайда ескеруге болмайды, себебі олар ешқандай көрінген заңдылықтарға бағынбайды.

Негізінен кездейсоқ қателіктердің қайнар көзі станок – тетік–құралбөлшек серпімді деформация жүйесі, материалдардың механикалық қасиеттерінің бірдей еместігі, әдіп припуск мөлшері және т.б. болады. Бұлардың бәрін тек теория ықтималдығы әдістерін қолданып қана бағалауға болады.

Өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде дөрекі қателіктер есепке алынбайды. Жаңадан жасалғанда және қайтадан қалпына келтіргенде қателіктерден құтыла алмаймыз, бөлшектерді көп немесе аздаған өңдеу дәлдіктерін қамтамасыз ету арқылы белгіленген геометриялық параметрлер ауытқуынан шектейді. Мөлшер дәлдігі өңдеуге белгіленген дәлдік шекпен анықталады.

Бөлшектердің бір партиядағы дәлдігі, математикалық статистикада қолданылатын шамалармен сипатталуы мүмкін. Әр түрлі ықпалдарын тигізетін факторлар өте көп болған жағдайда, өлшеудің және жасаудағы жаңа қателіктерін олардың мәндерін алдына болжау қиын. Сондықтан осының бәрін талдау үшін ықтималдық теориясы мен математикалық статистикасы ережелері қолданылады.