Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Изменен Оспан А.Ж.doc
Скачиваний:
312
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
35.37 Mб
Скачать

12.1. Ойма қосылыстарының негізгі өлшемдері

және олардың өзара ауыстырымдылыққа тигізетін ықпалы

Метрикалық оймалардың негізгі өлшемдері МЕСТ 1 анықталған және кескінді оймаға МЕСТ 11 бойынша, диаметрімен және адымы бойынша МЕСТ 1 СТ СЭВ 1 таралған.

Ойманың нақтылы өлшемі болып сыртқы диаметр есептелінеді, бірдей сыртқы үшін болт, шпилка, винт және т.б. және ішкі гайка, оймалы тесіктер және т.б. оймалар үшін 1.1- сурет.

1.1- Сурет. Метрикалық оймалар параметрлері және кескіндері

Ойманың сыртқы диаметрі d D  бұл салынатын немесе елестетілетін цилиндр диаметрінің жанамасы сыртқы ойма шыңына қарай бағытталған немесе ішкі ойма ойығына бағытталған.

Ішкі ойма диаметрі d1 D1  бұл елестетілетін цилиндр диаметрінің жанамасының сыртқы ойыққа немесе ішкі ойма шыңына қарай бағытталған бағыты. Бұл өз кезеңінде ойма қосылыс беріктілігінің басты міндетін атқарады, өйткені болттың қаупт қимасын анықтайды.

Ойманың орташа диаметрі d D  бұл цилиндрлі елестетілетін ойма мен кіндіктілі диаметр, қайсысының құрастырушысы ойма кескінін, ен жырашығын нақтылы адымының жартысына тең нүктесінде қилатын.

Бұл диаметр оймалы қосылыстар жинастырылуын анықтайды және оймалардың өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ететін басты параметр болып есептелінеді.

Биіктік Н  бастапқы үш бұрыштың биіктігі, кескін қабырға бүйірлерінің қиылысуында пайда болған.

Кескіннің жұмысшы биіктігі Н1  сыртқы және ішкі ойма кескін қабырғаларының түйіскен биіктігі, қайсылары ойма өсіне перпендикулярлы бағытталған.

Оймалар адымы Р және ойма кескін бұрышы   1.1-суретте көрсетілген, әрі жарты бұрыш /  де оң жақ және сол жақ.

Ойма қазанақ көтерме бұрышы   бұранда жанама сызығында пайда болған бұрыш, ойма диаметрінің ортасында жатқан, ойма өсіне перпендикуляр жатқан жазықтық арасында. Көтерме бұрыш

tq   Р/d 1.1

Қашан бұрыш  келтірілген үйкеліс коэффициентінен кіші болғанда, ойма  өздігінен тежеуші болады. Метрикалық ойманың статикалық жүктеме жағдайында өзіндік тежеуіш қоры көп болады, ал діріл болған жағдайда арнайы тіреуіш құралдарын қажет етеді.

Оймалы қосылыстар жұмысына адым ауытқулары, кескіш бұрышы және орташа диаметрі ықпалын тигізеді, өйткені ойма қосылыстарының түйісу сипаттамасын, әрі беріктілігін, ілгермелі қозғалыстың дәлдігін және де басқадай пайдаланудың сапаларын анықтайтындар. Барлық бұл параметрлерге дәлдік шек белгілеу және бақылау жүргізу өте күрделі және көп еңбек шығынын қажет етеді.

Жоғарыда келтірілген үш параметрлердің өлшеуге ең жеңіл түрі орташа диаметр болады. Себебі адым ауытқулары, кескін бұрышы және орташа диаметрлер арасында геометриялық байланыс бар, үткені орташа диаметр дәлдік шегі адым ауытқуының және кескін бұрышына жетіспейтін кемшіліктердің орнын толтыруы қажет. Адым қателігінен  Р 1. а сурет  ойма кескіні орташа а нүктесінен в нүктесіне ауысады. Адым қателігінің бұл орнын толтыру және бұралуды қамтуы үшін орташа диаметрді р  ға кішірейту керек, сонда сыртқы ойма кескіні орташа диаметр бойынша с нүктесіне жылжиды, сол уақытта бұралуды қамтуы қамтамасыз етіледі. Суреттен көрінгендей метрикалық оймалар үшін диаметрленген адым қателігі орнын толтыру

р  ctq /Рn  1,  Р 1.

Диаметрленген орнын толтыруды анықтау үшін, Рn ауытқуының ең үлкен мәнінен бастаған дұрыс.