Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Изменен Оспан А.Ж.doc
Скачиваний:
312
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
35.37 Mб
Скачать

2 Тарауға түсініктемелер

1. Ұнамды сандар

 предпочтительное число

. Ішпектер

 подшипники

. Басқыштаушылық

 градация

. Түпнұсқалы ерекше бөлшектер

 оригинальные детали

. Алда болатын стандарттау

 опережающая стандартизация

6. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі КҚБЖ

 ЕСКД  единая система конструкторской документации

7. Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі ТҚБЖ

 ЕСТД  единая система технологической документации

Бақылау сұрақтары

  1. Жіктеу мен шарттаңбалаудың атқаратын міндеттері?

. Жалпы одақтық өнім жіктегіштері қалай бөлінеді?

. Жалпы одақтық жіктегіштер және белгілеу салалары қалай жетілген?

. Ұнамды сандардың атқаратын міндеттері?

. Арифметикалық прогрессияның кемшіліктері?

6. Геометриялық прогрессия жетістіктері?

7. Ұнамды сандардың неше қатары қарастырылған?

. Симплификациялау деген не?

. Типизацияның атқаратын міндеті?

1. Бірыңғайлау, агрегаттау, бірыңғайлау дәрежелерінің атқаратын міндеттері?

11. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі және технологиялық қ.б.ж. атқаратын міндеттері?

3 Өзара ауыстырымдылықтың негізгі қағидалары

3.. Өзара ауыстырымдылықтың анықтамалары

Қазіргі заман талабына сәйкес машина, жабдықтар, аспаптар жасау өндірісі және оларды пайдалану әрі жөндеу бөлшектердің, құрастырма бірліктердің және агрегаттардың өзара ауыстырымдылық қағидаларына негізделеді.

Өзара ауыстырымдылық деп бөлшектердің машинада қосымша өңдеу операцияларынсыз, белгіленген техникалық жағдайға сәйкес өз міндетін атқару қасиетін айтады.

Демек, бұл бөлшектер стандартталған болуы керек яғни6 қандай да болмасын ереже нормаға сәйкес келетін. Сондықтан да өзара ауыстырымдылық стандартқа негізделеді және бірыңғайлау және агрегаттау жұмыстарын жүргізгенде, ең бір қажетті жағдай болып есептеледі.

Алғашқы уақытта өзара ауыстырымдылыққа пайдалану кезінде сынғандарын немесе тозғандарын жаңа бөлшекпен тез ауыстыру арқылы қол жеткізеді. Бұл6 әрине6 машинаны пайдалануды және жөндеуді тездетті, жеңілдетті, арзандатты. Бірақ та, ірі сериялы және жалпы өндіріс дамуымен қатар өзара ауыстырымдылықты машина

өндірісінде де кеңінен қолдана бастады. Қазіргі көпшілік машиналарды, оның ішінде тракторларды, комбайндарды конвейерде жинастырады,

өзара алмасатын бөлшектерді жасап шығарудың арқасында ғана қол жетті.

Қандай да болмасын агрегатты жинастыруға немесе орналастыруға кететін қажетті уақытты дәлме дәл анықтауға болады, өйткені ол бірте-бірте тұрақты болады. Әрбір конвейердегі жұмыскер өзіне белгіленген жинастыру жұмыстарының толық жиынтығын берілген уақытта орындайды да келесі кезектегі жұмыс постыларына жіберіледі, ал ең соңғы постыдан, конвейерден жинастырылап біткен машина шығады. Бұл белгіленген тәртіп тек қана жинастыруға толық өзара ауыстырымдылықты бөлшектер, құрастырма бірліктер және агрегаттар ешқандай қиюластырусыз болып түскен жағдайда орындалуы мүмкін. Өзара ауыстырымдылықтың бұндай түрін-толық өзара ауыстырымдылық деп атайды. Толық емес шектелген өзара ауыстырымдылық болған жағдайдағы жинастыру, бөлшектерді алдын-ала топтауға сұрыптау селективтік құрастыру немесе жекелей орын толтырғыштар қолданып әрі оларды қиюластыру арқылы жүргізеді.

Бөлшектердің өзара ауыстырымдылығын тек қана конструкторлық және жасау технологиясын бақылаудың әрі пайдаланудың барлық кешенді шешімдерін шешу арқылы қамтамасыз етеді. Сондықтан да өзара ауыстырулық ұғым қағидаларына келесідей анықтама берген дұрыс болады.

Өзара ауыстырмалық - бұл конструкторлардың, өндірістің, әрі бұйымдарды пайдалану мен жөндеудің, бөлшектерді құрастырма бірліктерді және агрегаттарды жинастыруды қамтамасыз ететін немесе жөндеуде алмастыратын олардың жасалу талабына қарамай, басқадай сапа параметрлеріне және геометриялық, механикалық әрі электрлік дәлдіктеріне қойылатын, онымен қоса жұмыс істейтін бұйымдардың пайдалану көрсеткіштері экономикалық белгіленген шектікте болуларын керек ететін қағида.

Күрделі бұйымдар құрамына кіретін бұйымдар, құрастырма бірліктер, агрегаттар және кооперация түйсікерлер арқылы келетіндер үшін ішкі және сыртқы өзара ауыстырмалықтар болып бөледі.

Сыртқы өзара ауыстырмалық негізгі пайдалану көрсеткіштерін мысалы, электрқозғалтқыш үшін, ол қуат және біліктің айналым жиілігі және біріктірілетін беттердің мөлшерін әрі формасын сипаттайды.

Ішкі өзара ауыстырмалық бұйымға, агрегатқа, құрастырма бірлікке кіретін бөлшектердің мөлшерлерін сипаттайды. Мысалы, ішкі топтастырылған өзара ауыстырмалыққа піспек сұққысы поршневой палец және піспек-сап шатун жоғарғы қалпақшасы жатады.

Функционалды өз міндетін атқаратын өзара ауыстырмалық тек қана жинастыруды қамтамасыз етуден басқа жөндеуде қандай да болмасын бөлшектерді және тораптарды узлы әрі олардың экономикалық ыңғайлы атқаратын қызметін қамтамасыздандыратын өзара ауыстырымдылық формасы. Мысалы, өзара алмасатын тісті дөңгелек, машина құрамында қиюластырусыз өз орнын табатын, берілген айналым моментін беруге тиісті онымен қоса басқадай тісті дөңгелектермен сабақтасып белгілі берілістер қатынасына және жеткілікті техникалық ресурсқа ие болатын.

Өзара алмасатын трактор гидрожүйесінің насосы өте дәл қосылыстар мөлшерінен басқа, белгіленген өнімділікке, қажет болған жағдайда керекті қысым тудыратын әрі жеткілікті техникалық ресурсқа ие болуы керек.

Функционалды өзара ауыстырымдылық ф.ө.а.­ тек қана келесідей жағдайда болады, егер де геометриялық параметрлерімен мөлшерлер дәлдігі, беттердің орналасуы, формасы, бет бедері; кинематикалық параметрлерімен машинаның тораптарын немесе бөлшектердің қозғалу заңын анықтағанда; бөлшектердің физикалық-механикалық қасиеттері көрсеткіштерімен әсіресе олардың беттік қабаттарының барлығының өзара ауыстырымдылықтары қамтамасыз етілгенде ф.ө.а. қол жетеді.

Өзара ауыстырмалық қағидасы арқасында кәсіпорындарды мамандандыру және түйсіктендіруді кең түрде іске асыруға болады, өз кезінде өндірісті құрамалы механикалы-автоматтандыру үрдісімен, оған қоса арнайы мамандандырылған өнімді жабдықтарды қолдану арқылы, еңбек және қаржы үнеміне қол жетеді.

Арнайы мамандандырылған зауыттар барлық машинақұрылыс зауыттарына метиздар гайка және болттар шарикті-роликті подшипниктер шығарады. Автотрактор электржабдықтарын, дизелді жанармай аппаратурасын, онымен қоса трактордың гидро-көтергіш жүйелерінде арнайы мамандандырылған зауыттарда жасап шығарады.

Қазіргі заман талабына сәйкес трактор немесе автомобиль жасау кооперациялы зауыттарсыз қолдан келмейтін шаруа. Қандай да болмасын трактор немесе автомобиль зауыттары өзара ауыстырмалық бөлшектерді, агрегаттарды басқадай он шақты мамандандырылған зауыттардан кооперация арқылы алады.

Мысалы, МТЗ-8 тракторы конструкциясына әр түрлі жұмыстары бірлескен смежные зауыттардан түскен 75 бөлшектерді, құрастырма біріктірмелерді, агрегаттарды қолданады.

Ауылшаруашылық өндірісі жағдайында машиналарды пайдаланып және жөндеуде өзара ауыстырмалық ерекше орын алады. Далада жұмыс істейтін трактордың, автомобильдің, ауылшаруашылық машинасының бір бөлшегі істен шықса, барлық агрегаттың жұмысын тоқтатады. Жөндеу шеберханасынан алыста істен шыққан бөлшектерді қайта қалпына келтіру тек қана өзара ауыстырмалық қор бөлшектерін қолданумен ғана қалпына келеді. Өзара ауыстырмалық қағидасының бұзылуы, бөлшектерді өз орнына «қиюластыру» қажеттілігі машинаны көп уақыт істен шығарып, дала жұмыстарын ұзаққа созып, көптеген шығынға қалдырар еді. Сондықтан да машина-трактор паркін дұрыс пайдалану, далалық жағдайда бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды өзара ауыстырымдылықсыз қолдану қолдан келмейтін шаруа.

Ауыл шаруашылығы техникасын экономикалықтиімділікпен жөндеу, тек қана мамандандырылған немесе орталықтанып қайта қалпына келтіретін зауыттарда жасалған өзара ауыстырмалық бөлшектер қорын қолданумен болады. Қор бөлшектері өндірісін жөндеу зауытында жүргізгенде еңбек, қор және материалдар шығыны ұлғаяды. Көптеген бөлшектер, мысалға, автомобиль немесе трактор двигателінің піспегін поршень жөндеу кәсіпорындарында жасауға мүмкін емес, өйткені олардың өндірісіне арнайы күрделі жабдықтар қажет. Сондықтан да ауылшаруашылық өндіріс жағдайында машина жөндеу кәсіпорындарын өзара ауыстырмалық қор бөлшектермен үзбей қамтамасыздандырғанда ғана мүмкін. Жөндеу кәсіпорындарын мамандандыру және тозған бөлшектерді тораптарды және агрегаттарды қайта қалпына келтіру орталықтандырылғанда машина жөндеуде өзара ауыстырмалық ерекшеліктерін одан әрі қолдануға жол ашады.

Ауылшаруашылық машиналарының, тракторлардың, автомобильдердің конструкцияларын әрі дамыту, олардың сенімділігін және өміршеңділігін ұзарту, кейбір сабақтаспаларды дәлдендіріп жасау арқылы, өзара ауыстырмалықтың ауыл шаруашылық техникасын пайдаланғанда және жөндегенде алатын орнын одан әрі көтереді.