Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Тж жөнiндегi қр орталық атқарушы органның өкiлеттiгi

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ҚР Агенттiгiнiң:

 Агенттiк құдыретiнiң саласын реттейтiн заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;

 Үкiмет құрамына кiрмейтiн министiрлiктерге, орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнiнде нұсқаулар беруге;

 өз құзыретiнiң шегiнде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргiзу мәселесi бойынша шешiм қабылдауға;

 ҚР үкiметiне ТЖ аймағындағы авария, апат, зiлзала, салдарын жою, қоғамдық тәртiптi сақтау мен объектiлердi қорғауды қамтамасыз ету үшiн құқық қорғау органдарының, қарулы күштердiң әскери бөлiмдерi мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалардың күштерi мен құралдарын тарту туралы ұсыныс енгiзуге;

 өз құзыретiнiң шегiнде аттестация жүргiзуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргiзуге, сондайақ тиiстi жұмыс түрлерiн жүргiзу үшiн рұқсат беруге

 объектiлердiң жұмысын доғаруға немесе тоқтатуға, адамдардың өмiрiне қауiп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшiру шараларын жүргiзуге;

 егер объектiлiк кәсiби авариялыққұтқару қызметтерi мен құрамалардың даярлығы мен жәйкүйi белгiленген нормативтерге сай келмеген жағдайда, ұйымдардың қызметiн толық немесе iшiнара тоқтатуға

 бүкiл республика аумағында бiрыңғай радио жүйелерi белдеуiн ұстауға

 ТЖды ескерту және жою жөнiндегi мәселелерi бойынша журналдар, режимдiк анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар.

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия  тұрақты жұмыс iстейтiн орган. Комиссияның мақсаты:

 төтенше жағдайдағы ескерту және iс әрекеттер жөнiндегi жүйенi құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

 орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және шаруашылық объектiлерiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдан сақтандыру, болдырмау, ауыртпалығын төмендету және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру және бақылау;

 төтенше жағдай кезiнде құтқаруiздестiру және авариялық құтқару қызметтерiн, құралдарын және халықтың тiршiлiк жүйесiн құру.

«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы  жылғы  мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылу және жұмыс iстеу принципiн, орталық, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкiлеттiгiн және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтады.

Халық пен шаруашылық объектiлерiн қорғау АҚтың бiрiншi кезектегi мiндетi және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай кезiндегi залалды азайту мақсатында халықтың iсәрекеттерi мен шаруашылық объектiлерiн және аумақты өз уақытында дайындаудың тиiмдi әдiстерiн ғылыми түрде анықтау негiзiнде жүргiзiледi.

АҚ-тың негiзгi мiндеттерi:

 басқару, хабарлау және байланыс жүйесiн ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзiрлiкте ұстау

 АҚ күштерiн құру, оларды даярлау және ТЖ кезiндегi iсәрекетке тұрақты әзiрлiкте ұстау

 орталық, жергiлiктi және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерiн даярлау және халықты үйрету

 радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау

 АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету

 шаруашылық салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмысын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу

 қорғаныс ғимараттарының қажеттi қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-тың өзге бөлiгiн жинау және әзiрлiкте ұстау

 халықты, орталық, жергiлiктi және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өмiрiне төнген қауiп пен қалыптасқан жағдайдағы iс әрекет тәртiбi туралы құлақтандыру

 құтқаруiздестiру және өзге кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiк қамын ұйымдастыру және оларды қауiптi аймақтан алып кету

 азықтүлiктi, су көздерiн, тамақ шикi затын, жемдi, хайуанаттар мен өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

АҚты ұйымдастыру принциптерi мен тәртiптер.

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтықөндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ шараларын орталық, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары, ҚР жергiлiктi өзiнөзi басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштерi, ҚР азаматтары жүргiзедi.

АҚ қа даярлық пен өткiзу жөнiндегi шараларды жүргiзудiң тәртiбiн, көлемi мен мерзiмiн ҚР Үкiметi анықтайды.

АҚ шараларын кешендi және саралай жүргiзу мақсатында маңыздылық деңгейiн ескере отырып, ҚР Үкiметi анықтаған тәртiппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргiзiледi.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi жауапкершiлiк орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледi.

АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтер.

АҚ шараларын орындауды қамтамасыз ету үшiн мына органдар құрылады:

 ТЖ жөнiндегi ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрылымдық аумақтық органдары

 орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚ бөлiмдерi (қызметкерлерi)

 ұйымдарда  АҚ штабтары немесе АҚ бастығына тiкелей бағынатын АҚ пен ТЖ жөнiндегi қосалқы мамандар.

ТЖ басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары лауазымдары бойынша тиiстi АҚ бастықтарының орынбасарлары сол мекемедегі ТЖға жауапты мекемедегі ТЖ­ болып табылады.

АҚ арнайы шараларын орындауды және осы мақсаттағы күш пен құралды даярлауды қамсыздандыру үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтерi, сондайақ қажет жағдайда АҚ бастығына тiкелей бағынатын ұйымдардың АҚ және ТЖ қызметтерi құрылады.

АҚ және ТЖ қызметтерi ҚР Үкiметiнiң қаулысымен, облыс, қала аудан әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.

АҚ және ТЖ республикалық қызметтерiнiң тiзбесiн ҚР Үкiметi анықтайды. Олар туралы ереженi ҚР орталық атқарушы органы бекiтедi.

АҚ және ТЖ нүктелерiнiң, күштерi мен құралдарының, қызметтерiнiң әзiрлiгi жөнiндегi жауапкершiлiк орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледi.

Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда АҚ көшiру шараларын ұйымдастыру мақсатында көшiру, көшiруқабылдау комиссиялар құрылады.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау

Бейбiт уақытта (зiлзала, авария мен апат қауiпi немесе болған кезде) және жау шабуылы қауiпi кезiнде төнген қауiп туралы халыққа дер кезiнде және сенiмдi хабарлауды, сондайақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшiн электр сиреналары мен өндiрiстiк гудоктар және «Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескерту дабылының берiлгендiгiн бiлдiретiн өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөнiндегi басқарманың (бөлiмнiң) шұғыл хабарын тындаған соң, берiлген ақпаратқа сәйкес iсәрекет ету керек.

Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауiп төнген кезде де «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы берiледi, оның артынша халықтың алдағы iсәрекетi мен панаханалардың орналасқан жерi туралы ақпарат берiледi.

Бақылау сұрақтары:

1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мәні, мақсаты және мазмұны қандай?

2. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсын игеру барысында нені міндетті түрде шәкірт білуге тиіс?

3. ҚР-ның Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай саласындағы заңдарының рөлі мен маңызын ашып көрсету?

4. ҚР-ның Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

5. ҚР-ның авариялық – құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы заңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

6. ҚР-ның Азаматтық қорғаныс туралы заңы қашан қабылданды?

7. ҚР-ның Өрт қауіпсіздігі туралы заңы қашан қабылданды және оған түсінік беру?

8. ҚР-ның Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңы қашан қабылданды және оның мәні неде?

9. ҚР-ның Төтенше жағдай туралы заңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

10. ҚР-ның Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңы қашан қабылданды және оның мазмұнын ашып көрсету?

11. ҚР-ның «Соғыс жағдайы туралы» заңы қашан қабылданды және оның мәні неде?

12. ҚР-ның Терроризмге қарсы күрес туралы 3аңы қашан қабылданды және ол нені қарастырады?

13. ТҚ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері түсінігіне сипаттама беру?

14. АҚты ұйымдастыру принциптерi мен тәртiптерi қандай?

Тест сұрақтары:

1. Азаматтық қорғаныс деп –

А) басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау мақсатында өткізілетін шаралар жиыны

В) соғыс уақытында халықты төтенше жағдайлардан қорғау, сонымен қатар әскери жиындар өткізетін шаралар кешені

С) бейбіт және соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерінен қорғау

Д) халықтық шаруашылық объектілерінен және ел аумағын төтенше жағдай факторларынан қорғау

Е) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларынан

2. Тіршілік қауіпсіздігі деп –

А) адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы

В) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға бағытталған шаралар

С) төтенше жағдайлардың салдарынан ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдану құралдарының қолданылуына бағытталған шара

Д) төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шара

Е) ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тәртіптер мен іс-әрекеттер

3. Курстың негізгі мақсаты:

А) еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау, залалды әсерлерден қорғау, ТЖ салдарын, болжау және бағалау

В) техносферада адамды табиғи пайда болған қауіптерден қорғау

С) жер сілкінісі, су тасқыны т.б. тосын жағдайларды ескерту

Д) дауыл, құйын, опырылма т.б. тосын жағдайларды болжау және бағалау

Е) адам тұратын жерлерде флора мен фаунаны сақтау

Е) табиғи және техногеді сипаттағы ТЖ ескертетін адамдар ұжымы

4. Қазақстан Республикасының «Азаматық қорғаныс туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

А) 1997 жыл 7-шілде

В) 1997 жыл 7-мамыр

С) 2001 жыл 25-қазан

Д) 2000 жыл 30-тамыз

Е) 1995 жыл 7-мамыр

5. Азаматтық қорғаныс курсының негізгі мақсаты:

А) апаттарды алдын ала болдырмау

В) қауіпті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету

С) халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Д) жұмыс әрекетінде қауіпсіз жағдайда халықты үйрету

Е) экономика объектілерін қолданғанда жөндеу және қайтадан құру жұмыстарын жасау

6. ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

А) 1996 жыл 17-маусым

В) 1996 жыл 5-шілде

С) 1997 жыл 5-шілде

Д) 1998 жыл 8-қыркүйек

Е) 1996 жыл 5-шілде