Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау.

К еудеге спиральды немесе крест тәріздес таңғыш қояды.

32 Сурет. Кеудеге спиральды және масақ 33 сурет. Иық буынына таңғыш қою

тәріздес таңғыш қою

Спиральді таңғыш үшін ұзындығы 1,5 метрге жуық бинттің ұшын түйеді, сау білекке таңып, кеуденің оң жағынан қисық күйінде қалдырады. Бинтпен арқанның төменгі жағынан спиральдік жүріспен оңнан солға кеуде клеткаларын орайды, бұдан кейін бинтті сол қолтыққа орай отыра оң иық арқылы бос ұшымен байланыстырады.

Крест тәріздес таңғышты кеудеге 2-3 айналдыра орап төменгі жағына қояды, содан соң арқа жақтан сол білекке оң білектің төменгі жағы арқылы орай отыра әкеледі, бинтті тағы да кеуде клеткасының түбіне әкеледі, содан соң білектерді ауыстыра таңғышты кеуде клеткасының жанынан айналдыра орап, соңғы орамдағы бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді. Кеуде клеткаларының ішкі жарасына мүмкіндігінше жылдамырақ сыртқы тазартылған жағымен резинадан істелген жабдықты орау қажет, ал оған жеке таңу пакетіндегі тазартқыш жастықшаларды қойып, қатты байлап тастайды. Пакет жоқ болса, герметикалық таңғышты, жапсырғышты пайдалану арқылы қоюға болады. Жапсырғыш жолақтарын жарадан 1-2 см жоғары етіп теріге желімдейді, сөйтіп жараның бүкіл үстін жабады. Жапсырғышқа тазартылған салфетка немесе 3-4 қабатты тазартылған бинт қояды, бұдан кейін мақта қабатын қатты байлап тастайды. Алғашқы медициналық көмек жараға тазартқыш таңғыш қоюдан басталады. Түскен тазарту органдарын түзеуге болмайды, оларды тазартылған жастықшамен жабады және сақтықпен қыспай, шеңберлі таңғыш қояды.

Қолға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі.

Иық пен білекке бинтті төменнен жоғары орай, бүктей отыра спиральды таңғыш қояды. Шынтақ буынға таңғышты шынтақ шұңқыры арқылы бинтті екіүш ораудан бастайды және бұдан әрі бинтті спиральды орамдармен айқастыра орай оны білекке және иыққа шынтақ шұңқырында айқастыра байлайды. Иық буынына таңғышты кеуденің қолтық шұңқырының сау жағынан және иыққа, қолтық шұңқыры арқылы зақымдалған иықтың артынан сыртқы жақ үстіне сау қолтық арқылы арқаның үстімен кеудеге апарады және бүкіл буынды жапқанша бинт орамдарын қайталай отыра оның үшін түйреуішпен кеудеге бекітеді.

Қ олға, білек пен аяққа спиральды, масақ тәріздес, крест тәріздес таңғыштар қояды. Саусаққа спиралды таңғышты білезік төңірегін ораудан бастайды, бұдан әрі бинтті қол шашағының асты бойынша тырнақтың маңайына апарады және бинттің спиралды орамдарын аяғынан негізіне дейін және керсінше ораммен қол шашағының асты бойынша бинтті білезікке бекітеді.

34 сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ 35 сурет. Іштің төменгі жағына және

буынына таңғыш қою шап төңірегіне масақ тәріздес

таңғыш қою

Алақан немесе қол шашағының асты зақымданған кезде крест тәріздес таңғышты білезікке орап бекітуден бастап бұдан әрі, білезіктің асты бойынша алақанға жеткізіп қояды.

Дененің төменгі жағында спиралдық таңғыш сырғып кетеді, сондықтан іш пен шап төңірегіне масақ тәріздес таңғыш қойылады, ол іш төңірегін айнала ораудан басталады, бұдан кейін бинт орамы санның үсті бойынша оның жанынан өтеді және бұдан әрі іштің маңайынан шеңберлі орамдар қайталанады.

Сирақ пен санға білекпен иықтағыдай спиралды таңғыш қояды.

Тізе буынға таңғышты тізе астындағы шұңқыр арқылы шеңберлі орамды жүргізе бастайды, бұдан кейін бинт орамдары кезекпен жоғары  төмен жүргізіліп тізе астындағы шұңқырға айқастырылады.

36 сурет. Тізе буынына таңғыш қою

Өкше маңайына таңғышты (37 сурет), оның шығып тұрған бөлігі арқылы бинттің алғашқы орамымен қояды (1), бұдан әрі кезекпен бинттің алғашқы орамын жоғары (2) және төмен (3) рет орайды, ал оны бекітіп байлау үшін бинтті қиғаштай (4) сегіз тәріздес (5) байлайды.

Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қояды (38 сурет). Бинттің алғашқы байлайтын орамын жіліншіктен жоғары жүргізеді, бұдан әрі төмен табанға және табанның айналасына апарады, бұдан кейін табанның астымен бинтті өткізіп жіліншіктен жоғары апарып табанға қайтарады, бұдан кейін жіліншікке апарып бинттің ұшын шеңберлі ораммен жіліншіктен жоғары бекітеді.

37 сурет. Өкшенің айналасына 38 сурет. Сирақтабан буынына сегізтаңғыш қою тәріздес таңғыш қою

Бақылау сұрақтары:

  1. Талықсу жарақаты ненің әсерінен пайда болады?

  2. Коллапс жарақатының белгілері және алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

  3. Адам қандай жағдайларға байланысты естен танады?

  4. Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету шаралары?

  5. Күре тамырдан қан қандай жағдайда ағады?

  6. Күре тамырдан аққан қанды тоқтатудың әдістері қандай?

  7. Қан тоқтататын күйдіргі және бұрау қою тәртібі қалай жасалады?

  8. Аяққол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек?

  9. Табан сүйектері мен сирақтабан буындары сынған кезде алғашқы көмек қалай жасалады?

  10. Омыртқаның сынуы кезінде алғашқы көмек?

  11. Буынның шығуы кездегі алғашқы көмек?

  12. Күйік түрлері қандай?

  13. Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек?

  14. Химиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек?

  15. Үсік шалу кездегі алғашқы көмек?

  16. Улы заттармен улану кезде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

  17. Электр тоғымен немесе найзағаймен жарақаттанған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек?

  18. Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға таңғыш қою арқылы қорғау шаралары?

  19. Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету шараларын қарастыру?

  20. Tepiнi және тыныс алу органдарын қорғау құралдары және олардың атқаратын қызметтері қандай?

  21. Қан құю туралы түсінікті қарастыру?

  22. Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу кезінде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

Тест сұрақтары:

1. Қан тамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің қауіптісі?

А) капиллярлық

В) веналық

С) артериялық

Д) паренхиматоздық

Е) құлақтан қан кету

2. Коллапс?

А) өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының әлсіреуі

В)төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы

С) ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болуы

Д) организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну

Е) оттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы

3. Асептика дегеніміз?

А)жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі

В)оттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы

С) көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда қорғау әдістері

4. Естен тану қандай екі кезеңнен тұрады?

А)бастапқы кезең және екінші кезең

В)алғашқы кезең және соңғы кезең

С)бастапқы кезең және соңғы кезең

Д)бірінші кезең және екінші кезең

Е)соңғы кезең және екінші кезең

5. Антисептика дегеніміз?

А)жараға түскен бактерияларды,микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою

В) жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі

С) өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының әлсіреуі

Д) ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болуы

Е) төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы

6. Антисептиктер ретінде нені қолданады?

А) хлорамин ертіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі

В)спирт, көміртегі қышқылы

С) күкірт қышқылы, көміртегі қышқылы

Д) сутегі; күкірт қышқылы

Е) йод, азот қышқылы

7. Күйік түрлері?

А) термиялық, химиялық, сәулелік

В) химиялық, физикалық, биологиялық

С) физикалық, термиялық, сәулелік

Д) биологиялық, химиялық

Е) сәулелік, азондық

8. Иіс тию белгілері?

А) бас ауыру, айналу, барабара есінен айырылу

В) құсу, бас айналу

С) іш ауру, бас ауру

Д) іш ауруы; құсу

Е) барлығы

9. Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды не дейміз?

А) жара инфекциясы

В) гепатит

С) эффузия

Д) паратит

Е) дизентерия

10. Сүйектің сынуы қандай түрге бөлінеді?

А) ашық және жабық

В) қатты және жеңіл

С) ашық және қатты

Д) жеңіл және ашық

Е) жабық және жеңіл