Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

20 Сурет. Сан мен сирақ сынған кезде иммобилизациялау сынықтары болады

Жамбас сүйектерінің сынуымен қатар жамбас органдары зақымдалуы мүмкін. Жамбас сүйектерінің зақымдануы төрт топқа бөлінеді. Жамбас жүзікшесінің бұзылуынсыз болған сынық кезінде көбінесе сынған жердің айналасы сырқырайды. Сыныққа жанасқан бұлшық еттің кернеуі сырқырауды күшейте түседі. Мысалы, құймышақ сүйегі сынған кезде сырқырау зақымдалған сүйекті сипаған кезде де, сондайақ бұлшық еттің кернеуі немесе созылуы кезінде де пайда болады.

Жамбас жүзікшесінің тұтастығы қоса бұзылатын сынықтардың анық белгісі бар, бұл тірек қызметінің бұзылуына, қанның көбірек кетуіне және анық байқалған сырқатқа байланысты, аратұра естен тануға соқтырады.

Жамбас шұңқыры сүйектерінің сынуы буын шеміршегін қоса зақымдайды. Зақымдану дәрежесі үлкен болған сайын ауру асқынып кетеді. әсіресе, сынықтардың қозғалуы, шеміршек шұңқырындағы жамбас буынының таюы қатар болатын сынықтар кезіндегі сырқырау дәрежесіне төзуі өте қиын.

Жамбас буындарының сынығы сегізкөзмықын сүйек буындалатын жердегі жамбас сүйектерінің ажырауы кезінде пайда болады.

Алғашқы медициналық көмек- жамбас сүйектері сынған кезде таңғыш байлау, көлік иммобилизациясы, ауруды басатын дәрідәрмек (промедол, морфин) беру арқылы көрсетіледі.

Зембілге салынған кезде аяқтарды жартылай бүгіңкі күйге келтіреді. Санды қажетсіз оңдысолды қозғаудың қажеті жоқ, оны сырқат үшін ыңғайлы күйде қалдырады.

Сырқаттың жамбасын дәкімен қатты тартпай орап тастаған дұрыс.

21 сурет. Жамбас сүйегі сынған кезде сырқатты әкету

Терінің айтарлықтай беріктік қасиеті бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.

Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы дәрі ектіру керек.

Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді. Олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.

Тарамыстың созылуы секірген, құлаған ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері  буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиындығы.

Буынның шығуы  бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарымқатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.

Буынның шығу белгілері: домығу, буынның табиғи емес пішіні, өзгеруі, буынның төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компресс қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап жатқызуға тырысыңыз.