Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

8 Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою

Жараға микроб түсіп асқыну салдарынан ауыр инфекциялық аурулар пайда болады (газдан шіру, сіреспе).

Сондықтан жараланған кезде ең бірінші қанды тоқтату және жараны ластанудан сақтау керек.

Қан ағу.

Қанның ағуы жарақаттың ушығуы адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күретамырлық, ұсақ тамырлық және үлпершек болып бөлінеді.

Күре тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде организмнен өте көп қан кетеді. Қан ал қызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.

9 Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы 10 сурет. Қанның көк тамырдан ағуы

Көк тамырдан аққан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады.

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы медициналық көмектің негізгі міндеттерінің бірі. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі  зақымдалған күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу. Қан тамыры сүйектің жанына немесе үстінен өтетін тұстан жасаған оңай.

11 Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер

Саусақпен қанды тоқтату. Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жұлынынан қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын таңғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканың, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нығыз кесіндісін салып орайды (12а сурет).

Шықшыт күре тамырын беттегі жарадан қан аққан кезде сұқ саусақпен шықшыттың бұрышына қысады (12б сурет).

Самай күре тамырын баста қанауға бейім жара болғанда бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан самай сүйегіне қысады. Саусақты одан 1-1,5 см қашықтықта ұстау керек (12в сурет).

Тақымдық күре тамырды бұғананың астындағы шұңқырда бірінші қабырғаға қысады, бұл қан ағуға бейім жарақат. Иықта, иық буынының маңайында немесе қолтықтың астында болғанда қолданылады (12г сурет).

Иық күре тамырын, егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бөлігінде немесе білекте болса, екі басты бұлшық еттің бүйір жағынан ортан жілікке қысады (12д сурет).

Қолтық күре тамыры иықтың орта және төменгі бөлігінде. Жарадан қан аққан кезде ортан жіліктің шығыңқы басына қысады (иық буынның жоғары жағында сұқ саусақты тіреніш өте отыра қалған саусақпен күре тамырды қысады), (12 е сурет).

Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын орта және төменгі тұтас сан күре тамыры зақымданған кезде түйілген жұдырықпен баса отырып, маңдай сүйегіне қысады (12ж сурет).

12 Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу

Кәрі жіліктің күре тамырының ұшы зақымданғанда бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады.

Қанның аққан жері бойынша ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қан ағу аяққол, бастың маңайы жарақаттанғанда жиі кездеседі, ішкі қан ағу, жүрек, өкпе, бауыр, көк бауыр, ішекқарын тамырлары зақымданғанда пайда болады. Ішкі қан ағу кеуде, іш, бас, қуысынан сыртқа ағып шыққанда анық байқалады, ал қан жабық қуыстарға жиналса, көпке дейін білінбейді.

Аяқ қол буындарын бұғу арқылы қанды тоқтату: сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шұңқырындағы күре тамырды қысады, сол үшін үлкен саусақтарды тізе буынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады.

Қан тамырын саусақпен басу едәуір күшжігерді қажет етеді және оны күшті жақсы адам жасағанның өзінде 15-20 минуттан артық ұстап тұра алмайды. Сондықтан да тамырды саусақпен бірден басып, мүмкін болатын болса күйдіргі немесе бұрауды жылдам қою қажет.

Т амшылай аққан қанды тоқтату үшін кәдімгі тазартылатын таңғышты, мүмкін болса қысатын таңғышты, қою жеткілікті. Таңғышқа қан көбірек сіңсе, қайтадан орау қажет. Шынтақ буыны төңірегіндегі иық күре тамырын шынтақ буынында қолды ақырына дейін бүгу арқылы жабуға болады (13 сурет).