Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Қосымша патрондар

Газқағарлардың ҚӘУЗ-ден қорғаудағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оларға қосымша патрондар (ДПГ-1, ДПГ-3) еңгізілген. Олар ГП-5, ГП-6 азаматтық газқағарлар жиынында пайдаланылады. Суретте ГП-газқағары ДПГ-3 қосымша патронымен бірге.

ДПГ-3 газы жиынтығы газқағармен бірге аммиактан, хлордан, диметиламиннен, нитробензолдан, күкірт сутегінен, күкірт қышқылынан, синил қышқылынан, тетраэтилқорғасыннан, фенолдан, фосгеннен, фурфуролдан, флорлы сутегінен, хлорлы цианнан және этилмеркаптаннан қорғайды. ДПГ-1 сонымен қатар азоттың, хлорлы метилдің қостотығынан, сутегі мен этилдің тотығынан қорғайды.

ДПГ-1 немесе ДПГ-3 қосымша патрондар жинағына жалғайтын түтікше мен қоспа кіреді. Патронның цилиндрлік қалпы бар және сыртынан ГП-5, ГП-6 сүзгілік-жұтқыш қораптарына ұқсас.

ДПГ-1 патронының ішінде шахтаның екі қабаты, арнайы жұтқыш пен гопкалит бар. ДПГ-3-те жұтқыштың тек қана бір қабаты бар.

Ауа ағынына қарсылық 30 л/мин. Жұмсалған кезде 10 мм су ст. аспайды. ДПГ-1 патронының массасы 50 кг жуық. ДПГ-3 патронының массасы 35 кг-ға жуық.

ДПГ-1 және ДПГ-3-тің қосымша патрондары ГП-6, ГП-5, ГП-5М азаматтық газқағарларға арналған. ҚӘУЗ бойынша қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% және қоршаған ортаның температурасы -300С-тан +400С-қа дейін болған кезде 0,5 сағаттан 5 сағатқа дейін.

Гопкалиті патрон көміртегі тотығынан қорғау үшін қызмет етеді. Ол қосымша патрон ретінде газқағарда пайдаланылуы мүмкін. Құрылымы бойынша ДПГ-1 немесе ДПГ-3-ті еске түсіреді.

Ол гопкалитпен және құрғатқышпен жабдықталады.

Гопкалитті патрон. Көміртегі тотығынан (оксидтен) қорғауға арналған газқағарлар үшін қосымша патрон, құрылымы бойынша ДПГ-1 мен ДПГ-3-ті еске түсіреді.

Ол құрғатқышпен және гопкалитпен жабдықталады, құрғатқыш хлорлы кальций сіңірілген силикагель сияқты ылғал кезінде өз қасиетін жоғалтатын гопкалитті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған.

Гопкалит – мыс тотығы мен марганец қостотығының қоспасы, көміртегі тотығы қышқылданған кезде усыз көмірқышқыл газына дейін ауадағы оттегі есебінен көміртегі тотығын қышқылдандыру кезінде катализатор рөлін атқарады.

Құрғатқыш хлорлы кальций сіңген силикагель сияқты. Ол гопкалиті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған, ылғалданған кезде өз қасиетін жоғалтады.

Патронда оның бастапқы салмағы көрсетіледі 2 кг және одан артық ылғалды жұту есебінен салмақ артқан кезде бастапқы патронды пайдалануға болмайды. Патронның қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80% болған кезде екі сағат шамасында. Нөлге жақын температура кезінде оның қорғаныстық іс-әрекеті төмендейді, ал -150С және одан төмен температурада артады. Патронның массасы 750-800 г.

Оқшаулағыш газқағарлар

Оқшаулағыш газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5 жатады.

Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез – келген қоспадан оның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады.

Бұл газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру құрамаларының жабдықтау қоймаларында тұрады.

Оқшаулағыш газқағардың қорғаныс іс-әрекетінің принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процесінде генеративті патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген.

Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу икемделгіші бар регенеративті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, каркастан және сөмкеден тұрады. Газқағар жиынына артық қобдишадағы жіберу брикеті, шыны ыдыс салынған қорапша, ылғалданбайтын пленка салынған қорапша, жылжымалы кілт кіреді.

Жіберу брикеті газқағарды пайдаланудың бас кезінде тыныс алу үшін қажетті оттегіні алу және регенеративті патронды қимылға келтіру үшін қызмет етеді.

Жіберу икемделгішін қысқан кезде оттегі жіберу брикетіне түседі және оның үстіңгі қабатын ыдыратады. Нәтижесінде брикеттің ыдырау процесі бұдан әрі қабаттан қабатқа беріліп өз бетінше жүреді.

Брикет ыдыраған кезде оттегі, су буы мен жылу бөлінеді. Су буы мен жылудың әсерімен регенеративтік патрондағы затпен оттегі бөліне бастайды. Оттегінің бұдан әрі бөлінуі адам шығарған көмір қышқыл газ бен су буын жұту арқылы өтеді.

Бір регенеративті патроны бар ИП-4, газқағарының қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты: ауыр жүктеме кезінде – 50 мин шамасында, орташа жүктеме кезінде – 1 сағат шамасында, жеңіл жүктеме кезінде – 3 сағат шамасында, тыныштық күйде -5 сағатқа дейін, судың астында – 40 мин дейін.