Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

4. Малды ветеринарлық тазалау.

Малдың тері жамылғысынан радиоактивті, улы затты және бактериалдық құралдарды алу, сондай-ақ оларды залалсыздандыру мен организмдерінен кетіру ветеринарлық тазалау деп аталады.

Зақымдану түріне байланысты радиацияға, химияға, бактерияға қарсы тазалау болып бөлінеді.

Малды радиацияға қарсы тазалау арнайы ерітінділермен тері жамылғысынан радиоактивті затты қарапайым жолмен алуға негізделеді. Ол асқазанды (жылқының) жақсылап шаю және ішке адсорбциялаушы, әлсіретуші және арнайы сәуледен қорғайтын препараттарды жіберу кезінде радиоактивті заттарды организмнен ішінара кетіруге ықпал етеді.

Малды химиялық тазалау кезінде дегазаторлар қолданылады, олар улағыш заттармен реакцияларға жылдам түсіп, оларды усыз заттарға айналдырады. Бұдан басқа улы затты организмнен оларды асқазан-ішек жолын жақсылап шаю арқылы бейтараптандыруға болады.

Малды бактериядан тазалау тері жамылғысынан бактериалдық затты әр түрлі дезинфекциялаушы заттармен залалсыздандыру мен кетіруді, сондай-ақ сақтандырушы егуді, кеңінен қолданылатын антибиотиктерді және инсектицидтерді қолдануды қамтиды.

Зақымдалған малдың тері жамылғысын құрғақ немесе ылғалды әдіспен тазалайды.

Құрғақ әдісте радиоактивті заттарды механикалық әдіспен, сабы ұзын шеткамен кетіреді. Бұдан кейін аяқтың төменгі жағын жуады, көзді және ауыздың ашық жерін ылғыл шүберекпен сүртеді немесе оларды таза сумен шаяды.

Жылдың жылы уақытында малды зақымдалмаған суатта шомылдыруға болады, қысқы уақытта ветеринарлық тазалау үшін таза қарды пайдалануға болады. Көзді, ерін мен қызыл етті бұл жағдайда ылғалды шүберекпен сүртеді немесе марганец-қышқылды калийдің 0,2%-тік ерітіндісімен, соданың 2%- тік ерітіндісімен шаяды.

5. Зілзала апаттары және олардың салдарынан қорғану.

Зілзала апаттар – табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан шыққан апаттар.

Зілзала апаттар – Жер сілкінісі.

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында және елеулі ауытқы түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сiлкiнiсi өте жойқын болып келедi.

Жер сiлкiнiсiнiң барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпiрлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлiк ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесi қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкiнi, сел, сырқыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейдi. Су асты және су жағалауындағы жер сiлкiнiсi кезiнде теңiз түбiнiң қозғалыс нәтижесiнде теңiздiң гравитациялық толқындары ­ цунами пайда болып, құрылықта үлкен бүлiнушiлiк жасайды.

7 Сурет. Жер сілкінісінен кейінгі құлаған жерлерді тазалау

Соңғы он жылдықтағы адамның әр түрлі ирригациондық, гидротехникалық ғимараттарды, көпір өткелдері бар автожолдарды және т.б. салу жөніндегі белсенді қызметі техногендік сипаттағы су тасқынын тудыруға себеп болады.

Тоғандардың, бөгеттердің бұзылуынан болған тосын су тасқыны жағдайында халықты ескерту, барлық қолда бар техникалық құралдармен (өнеркәсіп орындарының гудоктары, сиреналар, радио мен теледидар бойынша хабарлар), оның ішінде қатты сөйлейтін жылжымалы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі.

Су басудың аяқ астынан пайда болуы халықтың ерекше өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетін қажет етеді. Тоған бұзылған кезде қуатты су валының құрылатындығын ескере отыра ықтимал су басу аймағында тұратын әр адам судың ең жоғары көтерілу деңгейін білуге тиіс, осыған орай қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекет ету керек. Су аяқ асты көтерілсе өздеріңізбен бірге жылы киімді, тамақты, құжатты, ақшаны алып, жоғары қабатқа немесе шатырға, төбеге (бір қабатты үйде) көтерілу керек. Жұмыста болған кезде әкімшілік үкімі бойынша, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, дөңес жерге немесе ағашқа шығып, әр түрлі жүзу заттарын пайдаланған жөн (дөңгелек камера).

Сақтандыру қауіпсіздігінің жеке шараларына мынаны жатқызуға болады: күрделі құрылыс тұрғызу, от басының барлық мүшелерін жүзуге үйрету, қайықтың болуы, жақын жердегі топографиялық дөңес нүктелерімен таныс болу, гидродинамикалық аварияның хабарлау әдістері мен түрлерін білу.

Су басқан аумақтағы адамдарды iздеу барлық жүзу құралдарының экипажын тарта отырып, жедел жүргiзiледi.

Егер суда қалсаңыз, судың түбіне қарай тартатын аяқ киімнен, ауыр киімнен босанып, жүзгіш затты, ағашты, су бетінде жүзіп жүрген басқа заттарды іздеп тауып, көмек күту қажет. Егер жағалау алыс болмаса, ағысқа қарсы баяу қарқынмен қарқындай отырып жүзу керек. Жағаға шыққан бойда су киімді сығып, жағалаумен жоғары көтеріліп, желден қорғанатын пана іздеп, көмек күту қажет.

Олардың салдары – су тораптарының зақымдалуы мен қирауы, адамдардың жарақаттануы үлкен аумақтың су астында қалуы.

Өндiрiстiк авариялардың себептерi зiлзала, құрылысты жобалау мен салу кезiнде жiберiлген ақаулар, техникалық жүйенiң монтажы кезiндегi қателер, өндiрiс технологиясы мен ғимаратты, көлiктi, қондырғыны, механизмдi пайдалану тәртiбiнің бұзылуы мүмкiн. Өндiрiстiк авариялар, сондайақ еңбек және технология тәртiбiнiң төмендiгi, техника қауiпсiздiгi тәртiбiн орындамау, бақылауөлшеу және қорғаныс аппаратурасымен нашар жабдықтау, өрт сөндiрудiң озық жүйесiн, әсiресе өрт және жарылыс қауiпi бар нысандарда нашар еңгiзу, ғимарат, құрылыс, қондырғы және т.б. тиiстi қадағалаудың жоқтығы нәтижесiнде болуы мүмкiн.

Авариялардың айтарлықтай бөлігі кейде жобалау сатысында нысан мен жергілікті жағдай ерекшелігін бағаламаудан болады. Мұндай жағдайда аварияның түпкілікті себебі климаттық жағдай мен қызу өндіріс ортасы ықпалынан, төменгі температура әсерінен қорғалмаудан, қатты ылғалдан, қалың қардың басуынан және т.б. болатын тозудан қорғаныс құрылғысының жоқтығы болуы мүмкін.

Жекелеген құрылысты пайдалану тәртібінің бұзу да аварияға алып келеді. Атап айтқанда, цемент зауыттарында ғимаратты пайдалану барысында жинақталған өндірістік шаңды өз уақытында тазаламағандықтан цехтардың құлаған оқиғалары да байқалды.

Құрылыстар мен құрғыларды салу мен монтаждау кезінде де авариялар болып тұрады. Олардың себебі, әдеттегідей, құрылыс нормалары мен жұмыс жүргізу жобаларын сақтамау, орындалған жұмыстың төменгі сапасы болып келеді. Қазіргі металл құрылғылары жеңіл орындалады, сондықтан олар монтаж ақаулығына мұқиятсыз тасуға және пайдалану тәртібінің бұзылуына өте сезімтал келеді.

Адамның тікелей қызметіне байланысты пайда болатын авариялардың үлес салмағы жоғары болып қалып отыр. Барған сайын «адамдық» фактор, яғни өндіріс барысындағы адамның орны, оның кәсібилігі, іске көзқарасы еңбек тәртібі бірінші кезекке қойылуда.

Әрбір нақты авария бірнеше себептер жиынтығын, бір қатар қолайсыз факторлар үйлесімінің нәтижесі. Жобалау кезінде жіберілген қателіктер, құрылыс және монтаж кезіндегі қателермен ұштасып жатады. Осының барлығы дұрыс пайдаланбаумен қатерді күшейте түседі. Мұның арты аварияға алып келеді. Нысандардағы аварияларға алып келетін «адамдық» факторға өндіріс процесі мен техника қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы жатады.

Кәсіпорындағы авариялардың ықтимал пайда болу себебін зерттеу және жұмысшалар мен қызметшілер және жақын тұратын халық үшін кәсіпорын туғызатын қауіпті жан-жақты бағалау, біріншіден, аварияларды ескерту жөніндегі шараларды дұрыс анықтауға, екіншіден, адамдарды қорғау және залалды азайту бойынша қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Су мен азық-түлік тағамдарын үй жағдайында қалай қорғау қажет?

  2. Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды қорғау шаралары қалай жүргізіледі?

  3. Бұлақтарды улағыш заттардан қалай қорғайды?

  4. Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау шаралары?

  5. Жем мен суды қалай залалсыздандырады?

  6. Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері қандай?

  7. Дезактивация дегеніміз не?

  8. Дегазизацияның атқаратын қызметі қандай?

  9. Сыртқы ортада жұқпалы аурулар коздырғыштарын жоятын әдіс?

  10. Малды радиацияға қарсы тазалау әдісі қалай жүргізіледі?

  11. Малды химиялық тазалау әдісі қандай?

  12. Малды бактериядан тазалау әдісі қалай жүргізіледі?

  13. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан шыққан апаттар?

  14. Жер сілкінісі неден пайда болады?

  15. Жер сілкінісі кезінде қандай қорғау шаралары жүргізіледі?

Тест сұрақтары:

1. Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері:

А) дезактивация, дегазация, дезинфекция

В) дератизация, дегазация

С) дезинсекция, дезинфекция

Д) дезинфекция, дератизация

Е) дұрыс жауап жоқ

2. Зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою:

А) дезактивация

В) дегазация

С) дезинфекция

Д) дератизация

Е) дезинсекция

3. Қатты әсер ететін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе толық жою:

А) дегазация

В) дезинсекция

С) дезактивация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

4. Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою:

А) дегазация

В) дезинфекция

С) дезактивация;

Д) улы заттарды бейтараптандыру

Е) улы заттарды жою

5. Ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы күрес?

А) дезактивация

В) дезинсекция

С) дегазация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

6. Бірнеше елдерді немесе материктерді қамтитын эпидемия?

А) эпизоотия

В) пандемия

С) эпифитотия

Д) аднропозооназдар

Е) зооантропозооназдар

7. Зақымданған орындарды радиоактивті заттардан жою?

А) обсервация

В) дегазация

С) дезактивация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

8. Су қоймаларына өзенде су деңгейінің көтерілуіне, тағы басқа себептерге байланысты көп жерді су кетуі қалай аталады?

А) қар көшкіні

В) селдер

С) боран

Д) жер сілкінісі

9. Радиоактивті заттардан залалсыздандыру тәсілі?

А) дезактивация

В) дезинфекция

С) дезинсекция

Д) дегазация

10. Ауру тудыратын қоздырғыштарға қарсы күрес?

А) дезактивация

В) дегазация

С) дератизация

Д) обсервация

Е) дезинфекция