Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

9. Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру.

Көшіру шараларын жоспарлау, даярлау және іске асыру кезінде қамсыздандырудың барлық түрі жан-жақты пысықталып қарастырылады.

Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау үшін мыналар қарастырылады: ЖКП-ке, КҚП-ға түсіру станцияларының нүктелерінің жаны мен жаяу жүру бағыттарының бойындағы қорғаныс ғимараттарына паналау; халықты және қорғаныс құралдарымен қамсыздандыру радиациялық және химиялық барлау жүргізу халыққа басқару және хабарлау құралдарын өз уақытында жеткізу дозиметрлік, химиялық және бактериологиялық бақылауды санитарлық тазалау мен залалсыздандыруды ұйымдастыру. Қорғаныс ғимараттары жетпеген кезде халықты орналастыру үшін станциялар мен өзге нүктелерде болуы мүмкін қарапайым бассауғалар салу, сондай-ақ табиғи панажайды пайдалану жоспарланады.

Көлікпен қамсыздандыру халықты, мекемелерді және материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа апаруды, жұмыс ауысымдарын қауіпсіз аймақтан қалаға апарып-қайтуды ұйымдастыруды қамтиды.

Материалдық қамсыздандыру отынды, жағар және өзге де материалдарды, көшірілетін және қоныстандаралатын халықты тасымалдау үшін пайдаланылатын көлікпен және азық-түлікпен қамсыздандыруды қарастырады қауіпсіз аймақта халықты қамсыздандыру жергілікті органдар сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктелері арқылы жүргізеді. Жергілікті билік органдары дүкен, асхана, коммуналдық-тұрмыстық мекемелер желісін кеңейтеді, үздіксіз кесте бойынша көшірілген қызметкерлерді пайдалану арқылы олардың жұмысын ұйымдастырады.

Көшіру шараларын медициналық қамсыздандыру ЖКП-тен бастап көшіру мен қамсыздандырудың барлық кезеңінде ұйымдастырылады. Құрылған медициналық нүктелер сырқаттарға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуге, жұқпалы ауруға шалдыққандарды анықтауға және оларды емдеу мекемесіне жөнелтуге міндетті.

Түсіру және отырғызу станцияларында осындай міндеттер штатты медициналық қызметкерлерге жүктеледі. Мұндай нүктелер жоқ станцияларда, оны денсаулық сақтау органдарының күшімен ұйымдастыруға болады. Жолда эшелон (колонна) құрамына 1-2 орта буынды медициналық қызметкер, бірнеше санитарлық жасақшы, ал алыс қашықтықтағы сапар кезінде дәрігер қосылады. Халықпен біге бара жатқан медициналық қызметшілер азық-түлікпен және сумен қамсыздандырылуға медициналық бақылау жасауға, оларға дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.

Жаяу көшкен кезде сырқаттарға дәрігерлік көмек бағыт бойында орналасқан емдеу мекемесінде, ал ол жоқ болса, бағыт бастығының қарамағына санитарлық автомобильдегі медициналық бригада бөлінеді.

Қауіпсіз аймақтағы көшірілген және қоныстанған халық орналасқан жерде медициналық қамсыздандыру қаладан келген медициналық күштермен күшейтілген жергілікті денсаулық сақтау органдары есебінен жүргізіледі.

Инженерлік қамсыздандыру жолдарды көпірлерді және жол ғимараттарын күтіп-ұстау мен жөндеуді, отырғызу және түсіру нүктелерін, жаяу сапар бағытындағы колонна жолдарын жабдықтауды қамтиды.

Радиациямен және химиядан қорғауды қамсыздандыру бағыттағы жиналу, отырғызу, түсіру орындары мен қауіпсіз аймақтағы қоныстанатын жерлерде радиациялық және химиялық бақылауды ұйымдастыруды, қорғаныс ғимараттарына АҚ хабары дабылы бойынша халықты жасыруды, халықты қорғаныс құралдарымен қамсыздандыруды қарастырады.

Объектілерде, ЖКП-те, КҚП-да, отырғызу және түсіру станцияларында (пристаньдарда, нүктелерде), қауіпсіз аймаққа қоныстандыру орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау нүктелері қойылады, кезекшілік ұйымдастырылады. Маңызды объектілерге қоршау қойылуы мүмкін. Осы шараларды орындауға қоғамдық тәртіпті сақтау құрамалары (команда, топ) тартылады.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларға көшіру шараларын жүргізу – аса маңызды және жауапты жұмыс, ол осы шараларды жүргізу принциптері мен әдістерін барлық лауазым иелері білген, егжейлі-тегжейлі жоспарланған көшірудің барлық кезеңінде басшылардың жоғары жауапкершілігі мен мығым ұйымшылдық ахуалында ғана табысты орындалады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарының мақсаты неде?

  2. Панахананың атқаратын қызметі қандай?

3. Панахананың сыйымдылығы, ішкі құрылысы қандай?

4. Радиациядан қорғайтын орын халықты неден және қалай қорғайды?

5. Қарапайым үлгідегі панаханалардың мақсаты?

6. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі қандай?

7. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қалай күтіп ұстайды және пайдалану тәртібі?

8. Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін қандай іс-әрекеттер жүзге асырылады?

9. Көшіру және қоныстандырудың принциптерін және көшіру әдістерін анықтау?

10. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері?

11. Көшіру комиссияларына кімдер тағайындалады?

12. Көшіру-жиналу пункттерінің міндеті?

13. Аралық көшіру пунктерінің міндеті?

14. Көшіру-қабылдау комиссияларының негізгі міндеті?

15. Көшіру шараларын кімдер жоспарлайды?

16. Көшіру шараларын жоспарлау үшін қандай негізгі мәліметтерді жинау қажет?

17. Материалдық құндылықтарды көшіру шаралары қалай жүргізіледі?

18. Көшіру шаралары қалай жүргізіледі?

19. Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру қалай жүргізіледі?

20. Көшіру кезінде өзіңізбен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар?

Тест сұрақтары:

1. Жарық сәулесінен, сұйық – тамшы түріндегі биологиялық заттардан, радиоактивті шаңнан улағыш заттардан және ионизациялық сәуленің шарпуынан сенімді қорғайтын, бұл?

А) жергілікті жер бедері (рельеф)

В) радиациядан қорғайтын паналау орны

С) ашық паналар

Д) жеке қорғау құралдары

Е) жыралар

2. Қорғау ғимаратының салыну орнына байланысты классификациясы:

А) паналау ғимараттары, радиациядан қорғайтын паналау орындары

В) тез тұрғызылатын паналау ғимараттары

С) жапсарласа салынған және жеке тұрғызылған ғимараттар

Д) жай пайдалану орындары

Е) подвалдар, погребтер

3. Жаяу колонналары қанша адамға дейін жасақталады?

А) 500-1000 адам

В)100-200 адам

С)4000-5000 адам

Д)300-800 адам

Е)500-700 адам

4. Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын қандай органдар белгілейді?

А) Республика үкіметі және жергілікті атқарушы орган

В) Әділет министрлігі

С)Салық комитеті

Д) Қорғаныс министрлігі

Е) өкіметтер

5. Көшіру тізімдері қанша данада жүргізіледі?

А)3

В)4

С)5

Д)7

Е)2

6. Жаяу колонналардың тәуліктік жүру мөлшері?

А)30-40 км

В)20-30 км

С)10-15 км

Д) 50-60 км

Е)40-50 км

7. Көшіру шараларын жоспарлау қалай жүргізіледі?

А)республика-облыс-қала, аудан-кәсіпорын

В)облыс-қала-аудан

С)кәсіпорын-аудан-облыс

Д)республика-кәсіпорын

Е)жергілікті орган-кәсіпорын

8. Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланылатын қаншаға жуық қауіпті объектілер бар?

А)500

В)200

С)600

Д)400

Е)1000