Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

6. Көшіру шараларын жоспарлау.

Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика-облыс-қала, аудан-кәсіпорын.

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныстың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, барлық деңгейдегі көшіру және көшіру қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады. Аудандарды көшіру-қабылдау комиссиялыры аталған органдар мен қызметтерінің қатысуымен келушілерді қабылдау орналастыру және тіршілік көзімен қамсыздандыру жоспарын әзірлейді. Бір қатар мәселелерде жоспарлау әскери басқару органдарымен ықпалдастықта жүргізіледі. Бұл күшпен қаражат бөлу, көлік коммуникациясын, сондай-ақ адамдарды орналастыру мен қажетті тірлігін қамсыздандыру үшін әскери қалашықтар мен әскерлер қалдырған мүлікті пайдалану.

Көшіру жоспарлары АҚ жоспарының дербес бөлігінде қарастырылады және экономиканы бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, ҚР Қарулы Күштерін орналастыру жоспарымен келіседі.

ТЖ жөніндегі жоғары тұрған органдар төмендегілерге өздерінің көшіру жоспарының көшірмесін жолдайды.

Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады:

- қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;

- қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда жұмыс істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олар отбасы мүшелерін көрсету;

- қауіпсіз аймақта өз қызметін ауыстыратын объектілер тізбесі, онда жұмысшылар, қызметшілер және олар отбасы мүшелерін көрсету;

- студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көрсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерінің саны;

- ықтимал апатты су басу, қатты қирау аймағы, ондағы халықтың саны;

- бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункеттер;

- бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыру жөніндегі аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;

- халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы бассауғалар, таукен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерінің болуы;

- көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;

- жол торабы, оның жай-күні мен босату қабілеті;

- халықты жаяу тәртіппен көшіру үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі;

- бытыраңқы орналастыру мен көшіру туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ көшіру шараларды басқаруға арналған байланыс құралдары мен жүйелер;

- халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшіліктер.

Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді:

Бірінші топ:

- соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

Екінші топ:

- соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

- министрліктер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері;

- соғыс уағытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері.

Үшінші топ:

- жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші қызметшілер;

- мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам;

- мүгедектер мен карттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал;

- жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері.

Бірінші топтағы жұмысшылар мен қызметшілерді жұмысқа алып-қайту үшін олардың мекен жайы қауіпсіз аймақтағы жақын аудандарға белгіленеді. Екінші топтағы көшірілетіндер жұмыстарын құрылған базасында ұйымдастыратын объектілерге немесе қауіпсіз аймақтағы ұқсас кәсіпорындарға өте жақын орналастырылады. Олардың орналастыру нүктесін бірінші топ қызметкерлерін орналастыру аудандарынан әрірек жер таңдалады. Жұмыс істемейтін халық қала аудандарынан қашығырақ жерге әкетіледі.

Облыстың азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен көшірілуге қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

- орналастырылатын және көшірілетін жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны;

- орналастыру мен көшіру мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

- көлікпен әкетілетін және жаяу шығырылатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны;

- көшіру шаралары үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;

- жаяу шығатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің жүру бағыты, баратын нүктесі, демалатын орындар, аралық көшіру нүктелер;

- ұйымдастыруды жүргізу бекітілген жиналатын көшіру нүктелер олардың нөмері мен орналасқан жері, көшіру шараларды өрістету уақыты;

- жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің ЖКП-ке келу уақыты;

- жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін отырғызу мен тасымалдау үшін жауапты эшеллондар, автомобиль колонналарының бастықтары және өзге де лауазымды тұлғалар;

- жаяу колонналар бастықтары;

- адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыру үшін бөлінген нүктелер, аралық көшіру пунктері мен халықты қауіпсіз аймаққа апару нүктелері;

- жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа алып баруды ұйымдастыру;

- халықты түсіру отырғызу нүктесінен орналасатын жерге және сол үшін бөлінген көлікке алып бару тәртібі;

- жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін қоныстандыру есептемесі: әрбір бөлімге, цехқа, учаскеге бөлінген көшемен үй, әр үйдің тұрғын алаңы, тұратындар саны және қанша адамнан орналастыратындығы;

- қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және көшірілетін халықты қамтамасыз ету жөніндегі бассауғалауларды дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;

- басқару мен байланысты ұйымдастыру, цех, бөлім, өндіріс учаскелері немесе тораптар бастықтарын, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін көшіру мен қоныстандырудың басталу мерзімі туралы құлақтандыру.