Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Адамның табиғаттағы өзiнөзi ұстауының кейбiр тәртiптерi.

Күн шығыстан шығып, батыста батады. Егер таңертең күнге қарап тұрсаңыз солтүстiк сол қолыңыз жағында, ал оңтүстiк оң қолыңыз жағында болады. Көптеген өсiмдiктер нағыз компас болып табылады. Бақшадағы күнбағар, ормандағы кейбiр гүлдер, тiптi бұлтты күннiң өзiнде бастарын күнге қаратады. Итқонақ пен қына және тебiрткiлер көлеңкенi жақсы көредi. Сондықтан олар негiзiнен өседi. Ағаштардың қабығы әдетте солтүстiк жақтан қаралау және дөрекiлеу. Бұл әсiресе қарағайда, қайыңда, теректе анық байқалады.

Құрғақ, ыстық ауа райында емен мен қарағайдың майы оңтүстiк жақтан көбiрек бөлiнедi.

Құмырсқалар өз тұрағын әдетте ағаштың, оның түбiрi мен бұтағының оң жағынан салады. құмырсқа илеуiнiң оңтүстiк жағы солтүстiкке қарағанда жайпақтау болып келедi.

Қайтатын құстар көктемде мiндеттi түрде солтүстiкке, күзде оңтүстiкке ұшады. Халықтың осы бiр қарапайым жоралғысын бiле отыра сiз орманда болғанда бағдар жасауға жеңiл болады.

Орманға жалғыз баруға болмайды, адасып кетуiңiз мүмкiн. Еш уақытта өз жолдастарыңыз туралы ұмытпаңыз. Орманда бiрге болу қажет. Бiрбiрiңiзден ажыраған жолда жолдасыңызды табу үшiн айғайлай бастаңыз. Адасқан жағдайда ешбiр үрейленуге болмайды. Көрiнген жаққа қарай жүгiруге болмайды. Отырыңыз, сабаңызға түсiңiз және белгiлi бiр дыбыстың төңiректен шығуын есту үшiн мұқият құлақ түрiңiз: машина, поезд шуы, кеме дабылы, иттiң үруi, үй жануарлары мен құстарының шуы, адамдардың жақындығын бiлдiретiн басқа да дыбыстар. Дыбысты естiген бойда оны естiген жаққа қарай бұрылыңыз және сол бағытпен жүрiңiз. Егер дыбыс жақындаса, онда сiздiң дұрыс келе жатқандығыңыз.

Егер сiз адассаңыз, ал жолда өзен немесе үлкен жылға кездессе ағыс бойымен төмен жүрiңiз, бұл жол, әдеттегiдей үйге алып келедi. Балдар жасау үшiн биiк ағашқа шығып, шығу жолын межелеуге болады.

Найзағай жарқылдаған кезде жеке тұрған ағашқа жасырынуға болмайды. Найзағай көп жағдайда соған түседi. Ең жақсысы бұтақ астында немесе шағын орманда жасырынған жөн.

Бейтаныс жерлерде әр уақытта жергiлiктi тұрғындардан жылан ордалары туралы сұраныз. Орманда саңырауқұлақ пен жидек жинау үшiн барғанда мiндеттi түрде етiк киiңiз. Жыланды көргенде оған тиiспей, айналып өтiңiз. Егер улы жылан басын көтерiп ысылдаса, бұл оның шабуылға әзiрленгендiгiн бiлдiредi.

Тек өздерiнiзге таныс саңырауқұлақ пен жидектi жинаңыз.

Еш уақытта өзiнiзге таныс емес жидектiң дәмiн татпаныз, өзiнiз бiлмейтiн, орманда кездескен саңырауқұлақ пен жидек туралы үлкендерден сұраудан ұялмаңыз.

Улану, негiзiнен улы өсiмдiктердiң осы тектес усыз өсiмдiктерге ұқсастығынан болады.

Балалар көп жағдайда ақ желкенге ұқсас утамырдан, шиеге ұқсас ит жидектен, көкнәр дәніне ұқсас мендуана дәнiнен уланады. Балалар үрлегiш жасау үшiн кесетiн қарағай балдырғанының қатты күйдiретiн қасиетi бар.

Табиғат аясында жүргенде адамдар ұқыпсыздықтан өрт шығаруы мүмкiн. Ормандағы өртке лақтырылған сiрiңке, темекi немесе сөндiрiлмеген от себеп болуы мүмкiн. Ең жақсысы отты ескi алау орындарында жаққан жөн. Отты құрғақ шөпте және құрғақ ағашпен қатар жағуға болмайды. өте үлкен алауды және күштi желде, құрғақ ыстық ауа райында от жақпаған жақсы. Кетер кезде оттың сөндiрiлгендiгiне көз жеткiзу керек. Отта сөнбеген шоқтарды қалдыруға болмайды, өйткенi соққан жел оның жалынын үдете түсiруi мүмкiн. Ең сенiмдiсi отты сумен сөндiрген жақсы. Жалынды сынған бұтақпен, кiшкентай ағашпен немесе күртешемен әлсiретуге болады. Жанған шөптi аяқпен таптауға немесе топырақ шашу арқылы өшiруге болады. Ормандағы өрт кезiнде желге қарсы жүру керек.

Елдi мекендерде сиырға немесе бұқаға жақындамау керек.

Жолда табын кездессе оны айналып өтiнiз. Бұзаулардан сақ болыныз. өйткенi оның мүйiзi шығар кезде басы қышиды.

Кез келген климатты географиялық аймақта адамға жолда кездескен өзенмен және жылғамен жүруге тура келедi. Ең жақсысы бейтаныс өзендi кешiп өткен жөн. Өткел ретiнде соқпақ жол, автомобиль дөнгелегiнің iзi, суды бойлай өтетiн және қарсы жағалаудан көрiнетiн сүрлеу, сондайақ өзеннiң екi жақ жағалауындағы өсiмдiктер арасындағы сүрлеуше қызмет етедi. Ең таяз жерлер өзеннiң ендi жерлерiнде кездеседi. Және керiсiнше ең терең жерлер мен ағыс жылдамдығы арналар тарылған орындарда байқалады. Таяздықтың белгiсi ретiнде өзеннiң бүкiл енi бойынша ағыс жылдам өтетiн ендi шұңғымалар, өзен тарамдалып бiрнеше шағын аралдарда бөлiнетiн орындар, көрiнiп тұрған тас пен су өсiмдiктерi қызмет етуi мүмкiн. Күндiз жайлы ауа райында су бетi тегiс және мөлдiр болып келедi. Су бетiндегi ұсақ бүршiктер таяздықты бiлдiртедi .

Таудағы және жазықтағы өзендерде көктемгi уақытта судың азаюы түнде және таңертең байқалады. Ал судың көтерiлуi күндiз және кешке таман байқалады, бұл мұз бен қардың күндiз еруiне байланысты.

Ағыннан кедергiден – тастан, шағын аралдардан немесе өзен бұрылысынан сәл төмендеу жерден өткен жақсы. Өйткенi бұл жерде ағын күшi әлсiздеу.

Ашық судан аяқ қиiммен кешiп өткен жөн. Өзеннен жалғыз өткен адам мықты ағаш таяқпен сүйенiп өтуге болады. Ағыннан бiрбiрiнiң қолынан ұстап тiзбектелiп өтуге болмайды, өйткенi адамдардың көптiгi ағынды бөгеп, оның ағынын күшейтедi.

Таулы жерлерде өзеннен тастардың үстiмен өткен жақсы. Бұл үшiн бiрбiрiне өте жақын орналасқан, балдырлармен және қияқ шөппен жабылмаған мүмкiндiгiнше бетi құрғақ орынды iздестiрген жөн.

Тәуекелдiк факторлары  бұл авариялық жағдайда адам өмiрiне қауiп төндiретiн факторлар. Оған ауру, зiлзала, аштық, ыстық және шөл, суық, қорқыныш, әлсiреу, жалғыздық жатады.

Аштық. Азықтүлiк қоры болмаған, аң, балық аулау, жабайы жеуге жарайтын өсiмдiктердiң мүмкiндiгi жоқ жағдайда тiрi қалудың бейжай әдiсiн ұстанған жөн, яғни апат орнынан жақын маңда көмек күту.

Энергия көздерiн үнемдеу мақсатында аса қажетсiз баспанадан кетпеуге: көбiрек жатуға, ұйықтауға, тек өте қажеттi жұмыстарды орындауға тырысу керек.

Тамақ ұзақ уақыт бойы жоқ болған кезде тұщы суды жиi iшу аса маңызды. Су ашығу кезiнде организмге өзiнiң клеткаларының қорын ұзақ сақтауға көмектеседi. Суды ыстықтай iшкен жақсы, оған жапырақ, қарағат, бүлдiрген мен жалбыз қосуға болады.

Аштықтан үйреншiктi тамақтануға көшу сатылай және аса сақтықпен жүргiзiлуге тиiс. Бұл ережелердi сақтамау тамақтануды қалпына келтiру кезiнде ауыр салдарға тiптi өлiмге алып келуi мүмкiн.

Ыстық. Шөлдеу. Авариялық жағдайға қатысты «ыстық» түсiнiгi бiрнеше ахуалдың жиынтығы  қоршаған ауаның температурасы, күн сәулесiнiң жиiлiгi, топырақ бетiнiң температурасы, ауа ылғалдылығы, желдiң болуы немесе жоқтығы, яғни авария болған жердiң климаттық жағдайлары.

Шөлде немесе жартылай шөлде болған авариялық жағдай адам үшiн аса күрделi. Және бұл қатты ыстықпен емес ыстықтын, шөлмен қаскөйлiк одақ құруымен, 15% сұйықты жоғалту (организмнiң кебуiмен) өлiмге алып келедi. Аштық бiрнеше аптаға созылуы мүмкiн, ал адам сусыз санаулы күндерде, ал ыстық климатта бiрнеше сағатта қаза болады.

Суды бiрден көп iшуге болмайды. Бiрден көп iшу шөлдi қандырмайды, алайда адамды әлсiретуi мүмкiн. Iшкен судың шөлдiң бiрден қандырмайтындығы, асқазанға барып, қанмен араласқаннан кейiн, яғни  минут өткен соң шөлдi қандыратындығын есте ұстау керек. Суды араға үзiлiс салып, бiрнеше рет ұрттау арқылы толық шөл қанғанша iшкен жақсы.

Суық. Статистикалық мәлiметтерге сәйкес адамдардың 15 туристiк маршруттарда суыну құрбандықтары болады. Суық адамға үлкен деңгейде қысқы уақытта қауiптi. Төменгi температура жағдайында адамның тiрi қалуы үшiн желдiң жылдамдығы маңызды. Ауаның 0С шынайы температурасында желдiң жылдамдығы секундына  метр болса, оның тондыру әсерi адам үшiн  0С градусқа тең. Термометр шкаласында байқалған желдiң осы жылдамдығы 0 Ста, 0Сқа, ал 0Ста, 0С градусқа дейiн барады.

Табиғи баспана жоқ жерлерде ауаның төменгi температурасы күштi желмен қосылып, адамның өмiр сүру уақытын бiрнеше сағатқа дейiн қысқартуы мүмкiн. Суық температураларда өмiр сүрудiң ұзақтығы көрсетiлген климаттық факторлардан басқа киiм мен аяқ киiмiнiң жағдайына, салынған тұрақтың сапасына, отынның, жанар май мен тамақ қорының көлемiне, адамның моральдық жағдайы мен әлқуатына байланысты.

Қорқыныш. Қорқыныш  өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн кезкелген шынайы немесе елестiк жағдайға адамның табиғи жауабы.

Қорқыныш авариялық жағдайға көмектесумен қатар көп жағдайда оны асқындырып жiбередi. қорқыныш сезiмiнiң күшеюiне кезкелген кездейсоқ оқиға  ауа райының бұзылуы, қозғалыс құралының сынуы, бағдардан айрылу және т.б. қызмет етуi мүмкiн. Жарылыс, жер сiлкiнiсi, көлiк құралдарының соғылысуы және басқа кездейсоқ қауiптерде қорқыныш сезiмi бiрден болады.

Әр адам қорқынышты өзiнше қабылдайды және түрлi жағдайларда ол әр түрлi болуы мүмкiн. Авариялық жағдайға түскен адамдар үшiн өзiн  өзi ұстаудың бiрнеше үлгiлерi тән:

 жүнжiп қалу  адам қауiппен кездескен сәтте бiрден абдырап қалады

 белсендi  жедел iсәрекетпен сипатталады (бейберекет қимыл)

 қисынды  адам төтенше жағдайдағы iсәрекеттерге кәсiби және психологиялық тұрғыдан дайындалған )өрт сөндiрушiлер, теңiзшiлер).

Әлсiреу. Әлсiреу авариялық жағдайлардың тұрақты серiгi, ол үнемi ой шырмауында және тұрмыс iстеудiң салдары болып табылады. Бiрден сары уайымға салыну және қатты қимылдау жағдайында адам аса қысқа мерзiмде әлсiреуi мүмкiн. Шынайы немесе елестегi қауiптен есi шығып қашқан адам санаулы минуттарда өзiнiң күшiнен айрылуы мүмкiн, бұдан кейiн әлсiздiк күшейiп, адам өз тағдырына немқұрайлы қарайды.

Ақыл ой мен жүйкелiк (жан дүниелiк) әлсiреудiң ерекшелiктерi. Белгiлi бiр нерв жүйесi қалыптасқан адамдарда өздiксiз ақылой еңбегi ашушаңдыққа келуi мүмкiн. Ол көбiнесе күндiзтүнi ойлау, жауапкершiлiктi қатты сезiну, iштей сары уайымға салынудан пайда болады. Шектен тыс толқыған және әр түрлi мiндеттемелерi көп адамдарда жүйкесiнiң тозуы жиiрек байқалады.

Өмiрдi ұзартуға талпыну кезiнде тынымсыз еңбек, тоя тамақ iшпеу, үйқының қаңбауы, күндiзтүнi ойлау, адамды әбден қажытады. Күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастырмау, тамақтардың бiр сарындылығы, шектен тыс ойнау балаларды жылдам шаршатады. Жүктеме көбейген сайын (екi мектепте, бiрнеше үйiрмеде және т.б. оқу) шаршау, әлсiреуге жалғасады. Қалыпты тұрмыстық жағдайда күштi қалпына келтiру үшiн бiрнеше күн демалып, нәрлi тамақ iшу жеткiлiктi. Алайда тосын жағдайда бұған мүмкiндiк жоқ. Дене күшiн дұрыс жұмсау, демалысты өз уақытында ұйымдастыру  апат жағдайында адам алдында тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi.

Жалғыздық. Апатпен бетпебет келген адамның алдында физикалық, сондайақ моральдық тұрғыдағы мәселелер шығады. Жалғыз адамға от жағатын жердi жабдықтау, күртiк қарда жол салу, азықтүлiк табу қиын, арнайы құралдарсыз белгiсiз жерлерден өту кезiнде сенiмдi сақтық пен көптеген басқа тiрлiктердi ұйымдастыру қиын.

Тосын жағдайда жалғыз қалған адам көп жағдайда жандүние күйзелiсiне ұшырайды. Жалғыз қалған адам аяқ асты абдырап ессiз күйге түседi, ұзақ уақыт өзөзiне келе алмайды.

Мұндай жағдайда жүйкенiң қозуына бой алдыртпаған аса маңызды және мүмкiндiгiнше парасатқа жеңдiрген жөн. Әр минут сайын бос қиялдан құтқаратын пайдалы тiршiлiк жасауға ұмтылу керек.

Авария орны (бақытсыздық болған климаттықгеографиялық аймақ). Нақ осы фактор тiрi қалудың бүкiл стратегиясы мен практикасын анықтайды.

Шөлейт (құрғақ дала). Жартылай шөлейтте ұзақ уақыт тiрi қалу өз бетiмен елдi мекенге темiр жол мен тас жолға, қар қалың жатқан жерлердегi  ойпаттағы, жырадағы, сайдағы және басқа қатпарлы жерлердегi қардан жасалынған қорғанға кез болғанда ғана мүмкiн.

Шөл. Шөлде қысқа мерзiмде тiрi қалу үшiн жақын елдi мекенге баруды ойластыру керек. Елдi мекендер алыс болған немесе өзiнiң тұрған жерiн бiлмеген жағдайда жақсы көрiнетiн жерде қомақты лагерь жасау ұсынылады.

Жазғы уақытта тұщы судың едәуiр қорысыз тiрi қалу мүмкiн емес! Жазда шөлде ұзақ уақыт болу үшiн күн көзiн қалқалайтын жерге күрке жасау, авариялық дабылдар орнату, суды пленкалық бу конденсаторларының көмегiмен алумен тұщы суды тәулiк бойы бақылау, бақытсыздық белгiсiн беру қажет.

Түнде шөлде жарық дабылы анық көрiнедi (шам, от, жарық).

Күндiз мүлдем жүруге болмайды! Түнде тек қысқа қашықтыққа жүруге болады.

Шөлде адам дененiң кебуiнен, ыстық пен күннiң өтуiнен, улы жыландар мен өрмекшi тектестердiң шағуынан қаза болуы мүмкiн.

Таулар. Биiк тауда тiршiлiк етудiң өз ерекшелiгi бар, және онда арнайы альпинистiк даярлығы мен арнайы қондырғылары бар адамдар жүредi.

Тауда адамдар қардың көшуiнен, тастың құлауынан, үлкен биiктiктен құлаудың, суық тиюдiң асқынуынан қаза болуы мүмкiн.

Тiрi қалу факторлары  бұл төтенше жағдайдағы iсәрекетке әзiр болу, өмiрге құштарлық, өзiнөзi құтқару негiздерiн бiлу, тiршiлiк дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердiң болуы, дене шынықтыру, өзiнөзi құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.

Авариялық жағдайдағы iсәрекетке әзiр болу. Көлiкпен келе жатқан, туристiк жорыққа қатысқан, жексенбi күнi саңырауқұлақ жинауға шыққан кезкелген адам авариялық жағдайдағы кезкелген iсәрекетке дайын болуға тиiс. Әзiрлiк деңгейi алдағы маршруттың болжанған деңгейiмен анықталуға тиiс.

Жарнамаларда, нұсқауларда айтылған ережелердi елемеуге болмайды, олар ондаған авариялық жағдайларды талдау негiзiнде жасалған.

Авариялық жағдайдағы моральдiк әзiрлiк бiрiншi кезекте өзiнөзi құтқару әдiстерiн бiлумен түсiндiрiледi. Авариялық ағаш бұталарының, тастар мен ағаш түбiрiнiң солтүстiк жағында жағдайдағы iсәрекетке әзiрлiк деңгейiнiң айтарлықтай дәрежеде адамның дене күшi мен жiгерiнiң жалпы деңгейi ықпал етуi мүмкiн.

Ұстамдылық, салқынқандылық, ойлай бiлу сияқты мiнездiң ерекшелiктерiн дамытуда спорттың көрсетер көмегi үлкен.

Өмiрге құштарлық. Авария жағдайында ерте ме, кеш пе күш азайып, жүйке әлсiреп, бұдан әрi тырбану қисынсыз болып көрiнсе, адамның жiгерi жасиды. Адамды бойкүйездiк, немқұрайдылық билейдi. Ол құтқарылатындығына сенбейдi және күшжiгердi аяғына дейiн жұмсамай, азықтүлiк қорын пайдаланбай қаза болады. Статистика кеме күйрегеннен кейiн құтқару құралдарына жеткен адамдардың %нiң үш тәулiк бойында моральдық факторлардан өлетiндiгiн дәлелдейдi. құтқару кемелерi мұхитта кездескен қайықтар мен желкендерден азықтүлiк қоры мен су ыдыстарын және өлi денелерiн талай рет кездестiрдi.

Тiрi қалуға «Менiң өлгiм келмейдi!» дейтiн жалаң тiлек емес, «Мен өмiр сүруге тиiспiн!» деп қойылған мақсат көмектеседi.

Тiрi қалу ниетi сезiммен емес, ойластырылған қажеттiлiк пен ұштастырылуға тиiс. Авариялық жағдайдағы өмiрге құштарлық бiрiншi кезекте дұрыс iсәрекетке байланысты.

_Өзiнөзi құтқару әдiстерiн бiлу. Ұзақ уақыт тiрi болу негiзi  әр түрлi салалардағы нақты бiлiм. Қажеттi бiлiмнiң болмауын күшжiгер де, шыдамдылық та, азықтүлiктiң артық қоры мен авариялық құралдар да құтқара алмайды. Мысалы, бiр қорап сiрiңке адамды, егер ол қыста немесе жаңбырда отты қалай тұтатуды бiлмесе, суықтан құтқармайды.

Тасқынға тап болу қаупi, егер тасқын қаупi бар учаскеден өту тәртiбiн бiлмесе күшейе түседi. Алғашқы медициналық жәрдемдi дұрыс көрсетпеу зардап шегушiнiң жағдайын қиындата түседi.

Болашақ авария тұрғысынан әмбебап тақырыптарға әңгiме өткiзу аса маңызды: қолда бар құралдар көмегiмен бақытсыздық белгiсiн беру, компассыз бағдарлау, жүру кезiнде бағыт ұстау, елдi мекендердi, адамдарды iздеудiң жалпы принциптерi, ыдыссыз тамақ әзiрлеу, тұрпайы әдiстермен от жағу, ұзақ уақытқа лагерь ұйымдастыру, жарақат алған кездегi алғашқы көмек, су тосқауылдарынан өту және т.б.

Тiршiлiк дағдылары. Өзiнөзi құтқару әдiстерiн бiлу теория практикамен ұштасқан жағдайда пайдалы iсәрекеттерге қол жеткiзедi. Басқаша айтқанда адам оны тек қана бiлiп қана қоймайды, қандай да бiр жағдайда оны қалай жасалатындығын iс жүзiнде көрсетедi.

Талай ұрпақ жинаған бiлiм iс жүзiндегi тiршiлiк дағдылары болып қалыптасып, адамдардың, сыртқы ортаның аса жағымсыз жағдайына бейiмделуiне мүмкiндiк бередi. Солтүстiктегi эскимостар, тайгадағы аңшықол өнершi, шөлдегi австралиялық абориген атабабалар жинақтаған тәжiрибемен өздерiн мүлде еркiн сезiнедi. Кез келген адам төтенше жағдайдағы тiрi қалу дағдыларын бiлiп қана қоймай, оны қалыптастыруға тиiс.

Жалпы дене шынықтыру, шынығу. Авариялық жағдайда дене күшi шыдамдылықтан маңызды немесе керiсiнше, бағамдауға болмайды, барлығы авариядағы нақты жағдайға байланысты. Лагерьде жүк жеткiзу немесе құрғақ ағашты шабу, құз жартаста құлаған адамды ұстау үшiн күш қажет. Азық-түлiк жетпей ұзақ уақыт бойында жұмыс iстеу немесе бiрнеше күн бойы жүрген жағдайда шыдамдылық қажет.

Шыдамдылық, күш, шынығу сияқты организмнiң физикалық ерекшелiктерiн авария жағдайында алу мүмкiн емес. Бұл үшiн айлар, жылдар қажет. Бұл қасиеттердi спорттың белсендi түрлерiмен жүйелi шұғылдану уақытында сiңiруге болады. Спорттың альпинизм, туризм, жүгiру сияқты түрлерi аса пайдалы.

Адам неғұрлым шыныққан сайын жағымсыз температуралардың әсерiн жеңiл қабылдап, авариялық жағдайларға оңай көндiгедi, өз қабiлетiн ұзақ сақтайды.

Құтқару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру. Авария жағдайында әр түрлi жұмыстарды ойластырып, ұжыммен бiрге жасаған дұрыс. Тiптi ең күштi адамның бiрнеше әлсiз адаммен салыстырғанда құтылуға мүмкiндiгi аз. Топта жасына, күшке, дағдысына қарамастан әрбiр қызметкер қажет.

Лагерь сыртындағы жұмысты әр адамның күшi мен мүмкiндiгiне орай бөлу керек. әйелдерге, балаларға, әлсiз адамдарға ұшақтарды анықтау мақсатында бақылау, елдi мекендер белгiлерiн табу, азықтүлiк жинау, қақпан мен тұзақтың көмегiмен балық аулау, аңға шығу, жаралылар мен ауруларды күту, тамақ дайындау, от жағу, киiм кептiру мен жамау, ал еркектерге ағаш дайындау, баспана салу, төңiрекке барлау жасау және басқалар тапсырылады.

Жұмсалған еңбек шығынына қарамастан жұмысты жалғастырған аса маңызды. Кез келген жұмыс бiр сарында, күшжiгердi дұрыс жұмсай отырып iстелуге тиiс.