Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

27 Сурет. Кеуде клеткасы жараланғанда зақымданушыны тасымалдау

Жаралы адамды жұмсақ затпен орап, жылы ұстау керек. Іші жарақаттанған адамға су беруге болмайды.

Есінен айырылғандарға нашатыр спиртін иіскетеді, демалысы тоқтағандай болса, қолдан демалдыру амалын жасайды. Биікке көтерілетін болса ауру адамды горизонталдық бағытта жатуын қадағалау керек.

Жарақаттанған адамды жалпақ тақтайға, есікке, баспалдаққа, жинамалы төсекке салып алып жүруге болады. Кейбір жағдайда екі адамның қолынан кілт жасайды. Бұл әдіспен есінен айырылғандарды немесе қолы, аяғы жарақаттанғандарды алып жүреді.

Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі.

Б асқа таңғышты - «тақияны» мынандай әдіспен қояды. 1 метрге жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (28 сурет) отыра

8 сурет. Басқа‚ тақия‚ тәріздес 29 сурет. Басқа‚ ауыздық‚

таңғыш орау тәріздес таңғыш орау

байлайды (1), содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынанда орап қиғаштай желкеге жеткізеді (3), желке мен маңдай арқылы (212) кезекпен орап, бастың бүкіл шаштың бөлігін жабады (28 сурет). Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді, таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.

Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай‚ ауыздық‚ тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы (1) 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін бинтті желке арқылы (2) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды (3-5), содан соң иектен бинт желкеге апарылады (6). Мойынды көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (29 суретте) көрсетілгендей қойылады.

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды. Бұл таңғыш енді бинтпен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20 см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.

Көзге таңғыш қою маңдай  желке арқылы айналдыра ораудан басталады (30 сурет), екінші айналымда желке төңірегінен мойынға жақынырақ түсіреді және құлақтан төменірек алып, бетті қамтып көздің жаны арқылы маңдайға апарады. Үшінші айналымшеңберлік, бекітуші. Келесі айналымда жанай отырып желкеден құлақ, көздің үсті арқылы маңдайға апарады. Әрбір айналым сайын біртіндеп үстіңгі жаққа қарай орау арқылы көздің маңайын толық жабады. Сол және оң көзге таңғыш қою әдісінің ерекшелігі мынандай: оң көзді орау кезінде бүкіл бинтті солдан оңға қарай, ал сол көзді орау кезінде оңнан солға қарай байлайды.

30 сурет. Көзге таңғыш қою 31 сурет. Крест тәріздес таңғыш қою

Мойын, көмей немесе желке жараланған кезде крест тәріздес таңғыш салынады (31 сурет).

Бинтті орай отырып әуелі бастың маңдайын бекітеді (1,2), бұдан кейін жоғарырақ және сол жақтың артынан қиғаштап оны мойынға түсіреді (3). Бұдан кейін бинтті мойынның оң жақ бүйірдегі үстімен жүргізіліп, оның алдыңғы үстіңгі бетін жауып, желкеге қайтадан әкеледі (4), оң және сол жақтан жоғары өткізіп, орауды қайталайды. Таңғышты басқа айналдыра отырып бинт орамдарымен бекітеді.