Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас (инженерлік шаралар, көшіру шаралары, радиация мен химиядан қорғау шаралары, медициналық шаралар, өрттен қорғау шаралары).

Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әр түрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет.

Осы шаралардың мәнін қысқаша қарастырайық.

а) Инженерлік шаралар

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.

Сондықтан АҚ-ты дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық жерлерде радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылады.

б) Көшіру шаралары

Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді.

в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады ол мыналарды қамтиды:

- халық пен АҚ құрамаларын құруды;

- қорғаныс, панаханалардағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен қамтамасыз етуді;

- радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21) қамтамасыз етуді;

- химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1) жабдықтауды;

- дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24) қамсыздандыруды;

- осы құралдарды әзірлікте ұстауды;

- радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды;

- халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды;

- азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол бермеу және оларды залалсыздандыруды;

- радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді;

- жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалануды.

- радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жоюды.

г) Медициналық шаралар

Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар, халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Ол мыналарды қамтиды:

- санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;

- объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;

- санитаралық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді;

д) Өрттен қорғау шаралары

Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені.

Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:

- ықтимал өрт ахуалын болжауды;

- қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді;

- өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын;

- өрт ахуалын бағалау мен оны бақылауды;

- өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды;

- өрттің алдын алуды, сөндіруді.

Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.