Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Кесте 2 - Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі

Алдыңғы бөліктің өлшемі

1

2

3

Ілме бау тіректерінің жағдайы

4-8-8

3-7-8

3-7-8

3-6-7

3-7-7

3-5-6

3-4-5

Басты көлбей және тікелей қапсыру жиыны, мм

1185 дейін

1190-1210

1215-1235

1240-1260

1265-1285

1290-1310

1315 және т.к.

Балалар газқағарлары.

Балалар газқағарының бес түрі бар. Жасы кіші балаларға (1,5 жастан бастап) арналған – ДП-6М газқағары (балалар газқағары, алтыншы түрі, шағын), жасы үлкен балаларға –ДП-6 (балалар газқағары, 6 үлгі). ПДФ-7 аса көп таралған (балалардың сүзгілік газқағары, 6 үлгі). Жасы кіші және үлкен балаларға арналған. ДП-7 айырмашылығы – ересектердің ГП-5 газқағарындағы сүзгілік жұтқыш қорапшасымен жабдықталған. Алдыңғы бөлігі ретінде МД-1 маскасының бес өлшемі қолданылады.

ПДФ-Д, ПДФ-Ш газқағарларында (балалар газқағары, сүзгілік, мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы) ГП-5 бірыңғай сүзгілік-жұтқыш қорапшасы бар және тек алдыңғы бөліктерімен ғана ерекшеленеді. ПДФ-Д төрт өлшемдегі – 1,2,3,4 МД-3 маскаларымен (балалар маскасы, үшінші үлгі) жабдықталған. Маскалардың цифрлі ұшпен жабдықталған бес таспасы бар жұқа резина пластина түріндегі жастықшасы бар. Бір өлшемдегі маскадағы қосқыш түтікше клапандық қорапшадан бүйірлей қосылған. ПДФ-Д 1,5-7 жастағы балаларға арналған. ПДФ-Ш 7-17 жастағы балаларға арналған. Алдыңғы беті ретінде екі өлшемдегі, атап айтқанда 3-4 өлшемдегі МД-3 маскасы пайдаланылады.

Қазіргі уақытта ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған ПДФ-2Д газқағары және мектеп жасындағы балаларға арналған ПДФ-2Ш газқағары болып табылады. Бұл газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы бөлігі ылғалданбайтын пленка салынған қорапша және сөмке кіреді. ПДФ-2Д бір және екі өлшемдегі, ПДФ-2Ш екі және үш өлшемдегі алдыңғы бетпен жабдықталады. Жиынның массасы: мектепке дейінгі - 75 кг дейін, мектептік – 85 кг дейін. Сүзгілік-жұтқыш қорапша құрылымы бойынша ГП-5 қорапшасымен бірдей, алайда ауа жұтуға аздаған қарсылығы бар.

2 Сурет. Гп-4у газқағары:

1-маска; 2-көзілдірік; 3-тесемки; 4-клапанды қорап;

5-қосқыш құбыры; 6-газқағар қорабы; 7-доба.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға газқағарларды ересектер кигізеді. Бұл бұлайша істелінеді: баланы ары қаратып тұрғызады, бас киімін алады, маңдай мен шашты жинап, алдыңғы бөлікті самайлық және ұрттық ілмек баудан ұстайды және бетке жастықшаны иектің, обтюратордың төменгі жағына орналасатындай етіп қояды, қолды жоғары төмен қозғай отырып жастықшаны баланың бетінен басқа қарай тартады. Алдыңғы беттің обтюратор мен ілмек баудың түйінін тарқатады, ұрттық айылбас тартылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды кепілдік таспа баулар байланады. Бас киім кигізеді.

ПДФ-2Д немесе ПДФ-2Ш газқағарларын алу үшін әуелі ұрттық ілмек бауды тарқатады, содан кейін алдыңғы бетті ауа шығару клапандарының шетінен ұстап төмен қарай тартылады және қолды алға және жоғары қозғай отырып алады.

1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін КЗД-4 (балалар қорғау камерасы, 4 үлгі) және КЗД-7 пайдаланылады.