Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

2. Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi.

Жердiң бетiнде ерекше eкi аса белсендi жер сiлкiнiсi бар:

1. Тынық мұхит белдеуi – Тынық мұхиттың қоршаған жер сiлкiнiсiнiң аймағы, бұл жерде дүние жүзi бойынша жер сiлкiнiсiнiң 90 % болады.

2. Жерорта теңiзi – Азия белдеуi – бұл Жерорта теңiзiнен Түркия, Иран, Солтүстiк Үндi арқылы өтедi, барлық жер сiлкiнiсiнiң 5-6 % осында болады.

Қалған жер сiлкiнiciнiң 4-5% мұхит ортасы жотасында немесе тақталардың iшiнде болады.

Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауiптi аймақта мына облыстар орналасқан:

1. Шығыс – Қазақстан облысы

2. Алматы облысы

3. Жамбыл облысы

4. Оңтүстiк-Қазақстан облысы

5. Қызылорда облысы

6. Маңғыстау облысы

Қазақстан Республикасында болған күштi жер сiлкiнiстерiне мыналар жатады: 1887 жылы 9 маусымда болған Верненск жер сiлкiнiсi. Жер сiлкiнiсiнiң кiндiгi – Верный қаласының oңтүстігінен 15 шақырымда болды. Магнитудасы-7,3 (9-10 балл). Қала түгелiмен қираған болатын. 329 адам қаза тапты. Шығын- 2,6 млн. сом (сол кездегi бағамен).

1889 жылы 12 шiлдеде – Шелекте жер сiлкiнici болды. Магнитудасы-8,З (жер сiлкiнiсiнiң кiндiгiнде – 10 балл). 24 адам қаза тапты. 3 мыңға жуық құрылыс қирап қалды.

1911 жылы 4 қаңтардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы күштi жер сiлкiнiсiнiң бiрi – Кемин жер сiлкiнiсi. Магнитудасы-8,2 (11-12 балл). Верный қаласы мен Иссык көлiнiң солтүстiк жағалауы күштi зақымданды. 540 адам қаза тапты. Шығын- 1,4 млн. Сом (сол кездегi бағамен). Мамандардың санауынша жер қойнауынан шыққан энергия Днепрогэстiң 326 жыл тоқтаусыз жұмыс жасағанда шығаратын энергиясына тең болды.

1990 жылы 14 маусымда 12 сағ. 47 мин. Зайсан жер сiлкiнici болды. Магнитудасы-7,0 (8 балл). 8874 үй қирап қалды. 36 мың адам баспанасыз қалды. 1 адам қаза тапты. Шығын- 300 млн. Сом (сол кездегi бағамен).

  1. Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары.

Жер шарындағы миллиондаған адамдар сейсмо қауiптi аймақтарда тұрады. Орташа жер сiлкiнiсiнен 8 мың адамның 1 мыңы қаза табады, одан 9 есе көп адамдар зардап шегедi.

Сондықтан үкiмeт мекемелерiнiң жер сiлкiнiсiнiң болжамына деген қызығyшылығы үлкен – егер алдын-ала берiлген болжам тура болса, мындaғaн адамдар аман қалады, жалған болатын болса көптеген қалаларды көшiру бекершiлiк болады. Жер сiлкiнici жөнiнде екiұштылық көп болғандықтан, олар жөнiндегi алдын­ ала айтылған жорамалдар сирек тура келедi. Coғaн қарамастан алдын-ала айтылған жорамал соншалықты тартымды, себебi бүгiнгi күнде жүздеген ғалымдар, әcipece АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдерi жер сiлкiнici болжамы туралы зерттеулер жүргiзуде.

Жер сiлкiнiсiнiң болжамы мынадай болады:

- ұзақ уақытты (бiрнеше жыл);

- орташа уақытты (айлар);

- қысқа уақытта (күндер мен caғaттap).

Болжамның кез-келген түрiнiң тура практикалық бағыты бар:

- ұзақ уақытты – сейсмикалық ауданда жердi қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкiндiк бередi

- орташа уақытты – авариялық қызметтi дайындыққa келтiріп, материалдық заттарды қорландырyға мүмкiндiк бередi.

- қысқа уақытты – аса қауiптi өндiрiстердiң тоқтап қалуынан бастап, халықты көшiруге дейiнгi жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшiн қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сiлкiнiстерiн алдын-ала айту, болжап айтушыларды танып-бiлу негiзiнде iскe асырылады.

Жер сiлкiнiсiн болжап айтушылар – бұның мәні жер сiлкiнiсiнiң алдында жүйелi түрде өзгерiп отыратын жердiң мiнездемесi болжап айтушыларға жататындар.

Сейсмикалық - әр түрлi магнитудадағы жер сiлкiнiсiнiң жағдайы мен саны жуық арада болатын жер сiлкiнiсiнің аса маңызды индикаторының қызметiн атқаруы мүмкін.

Жер қыртысының қозғалуы – жердiң үcтiнeн триангуляциялық желicтiң көмeгiмeн геодезиялық түcipy және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердiң үстiнде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.

Жер қыртысының учаскелерiн төмен түcipy және жоғары көтеру – жер үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңiзде теңiзгравтың көмегімен өлшеуге болады.

Жер үстi еңiстерi – жер үстi еңiсi бұрышының вариациясын өлшеу үшiн наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезiмтал құрал, жер сiлкiнiсiнiң болуына аз уақыт қалғанда, жер үстi еңiстерiндегi бiлiнбейтiн (5 см дейiн) өзгерiстердi байқайды.

Деформация – тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшiн ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге eкi нүктенiң салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерiн анықтап отыртын деформографтарды орнатады.

Құдықтар мен ұңғымалардағы судың деңгейi – жер сiлкiнiсiнiң алдында жиi жер асты суларының денгeйi көтерiледi немесе төмен түседi.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы – сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленiсу жағдайына байланысты, себебi бұл жыныстар арқылы толқындар тарайды.

Геомагнитизм тау түpiнің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердiң магнит алабы оқшаулап шектелген өзгерiске ұшырайды. Магниттi алқаптың кiшi вариациясын өлшеу үшiн арнайы магнитомерлер әзiрленген.

Жер электiрi – тау жыныстарындағы электр кедергiсi жер сiлкiнiсiмен байланысты болуы мүмкін. Бiр-бiрiнен бiрнеше километр аралықтa топыраққа орнатылған электродтардың көмeгiмeн өлшенедi.

Жер асты суларында радонды ұстау – радон жер – асты сулары мен ұңғыма суында болатын радиоактивті газ. Ол әр дайым жерден атмосфераға бөлiнiп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруi, болуы мүмкiн жер сiлкiнiсiнiң белгiсi.

Жануарлардың мiнез-құлқы – жануарлардың мiнез-құлқын жер сiлкiнiсiн болжау үшiн пайдалану қиын, себебi олардың мiнез-құлқының өзгеруi көптеген себептерден болу мүмкін, oғaн ауа-райын, тамақты, денсаулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мiнез-құлқы өзгергенi байқалса, онда басқаша түсiндiру мүмкін болмайды, бұл өзгерiстi жер сiлкiнiсiнiң белгiсi деп бағалауға керек.

«Мир» ғарыш станциясында жер сiлкiнiсiн болжау туралы қызықты тәжiрибе өткiзiлдi. Бұл тәжiрибенi жүргiзу барысында. Жердiң радиациялық белдеуiнiң шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруi» мен жер сiлкiнiсiнiң арасында байланыс бар eкeнi анықталды.

Тектоникалық жылжулардың болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магниттi «Мир» спектрометрлары жер радиациялық белдеуiндегi бөлшектер ағынының өзгерiсiн байқағаны анықталды. Бұл әрбiр төрт жер сiлкiнiсiнiң үшеуiнде байқалды.

Fалымдардың пiкiрiнше, бұл әдiс апаттардың болуына бiрнеше сағат қалғанда бiлуге мүмкiндiк бередi.

Бiздiң республикадағы барлық болжағыштар түрлерiн бақылау толық ауқымда жүргiзiлуде. Дегенмен, сәттi болжамдар бiздi, зақымдағыш жер сiлкiнiсiнен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.

Дайындалу – жер сiлкiнiсiнде шығындарды азайтудың ең жақсы әдiсi. Кешендi қорғаныс шараларын өткiзгенде ғана болжам тиiмдi бола алады.

ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 6 бабында жер сiлкiнiсiнен қорғану туралы АҚ шаралары анықталған.

Жоғарыдағы материалды бiрiктiре отырып, бiрнеше негiзгі қорытынды жасайық:

1. Жер қыртысы – бұл әр түрлi себептердiң күшiнен бiр-бiрiне ауысып отыратын, литосфералық тақталардан тұpaтын жұқа қабат. Осы ауысулардың нәтижесiнде жер сiлкiнiсi болады.

2. Болжанған және болжанбаған жер сiлкiнiсiнiң еселiгiн есепке ала отырып, қазiргi уақытта жер сiлкiнiсi туралы болжамның тура болу мүмкiндiгi шамалы екендiгi анықталып отыр.

3. Апатты жер сiлкiнiсi болуы мүмкiн аймақта көп адам тұрады. Оларды көшiру қиынға соғады, көптеген жағдайда тiптi мүмкiн емес.

4. Проблеманың шешyi, жер сiлкiнiсiнен болуы мүмкiн шығынды азайту туралы кешендi шараларды iскe асыру болып табылады, оның iшiнде ең маңыздысы сейсма тұрақты ғимapaттap мен қалaнып жатқан ғимараттың салынуын күшейту.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер сілкінісінің төрт түріне сипаттама беру?

  2. Жер сілкісі ошағының тереңдегі неше км-ге дейін жетеді?

  3. Жер сілкінісі кезінде қатты дүмпудің ұзақтығы неше секундтқа дейін болуы мүмкін?

  4. Жер сілкіну ауданының радиусы?

  5. Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы қанша?

  6. Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы ненің көмегi арқылы анықталады?

  7. Магнитуда дегеніміз не?

  8. Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауiптi аймақтарға қандай облыстар жатады?

  9. Жер сiлкiнiсiн қалай болжауға болады?

  10. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары қандай?

  11. Геомагнитизм дегеніміз не?

Тест сұрақтары:

1. Метеорологиялық табиғи құбылыстарға жатады.

А) дауыл, құйын, құрғақшылық т.б.

В) көшкіндер, сел, сырғыма, т.б.

С) табиғи өрттер

Д) бәрі дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

2. Ландшафтарда жақсарту үшін жүргізілетін шара?

А) инсоляция

В) дендрология

С) дефляция

Д) мелиорация

Е) дұрыс жауабы жоқ

3. Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай қалай бөлуге болады?

А) гумидті және неогенді

В) плиталы және тектоникалық

С) эндогенді және экзогенді

Д) регрессиялы және карбонатты

Е) дұрыс жауабы жоқ

4. Қазақстанда сейсмикалық ауданға қай аймақ жатады?

А) солтүстік

В) оңтүстік

С) шығыс

Д) батыс

Е) оңтүстік-шығыс

5. Алматыда апатты жер сілкіну қай жылы болды?

А) 1961-1963 ж

В) 1895-1899 ж

С) 1889-1911 ж

Д) 1899-1990 ж

Е) 1889-1989 ж

6. Экзогенді апаттарға көбінесе не себеп болды?

А) адам әрекеті

В) күн

С) ауа райы

Д) табиғат

Е) барлық жауабы дұрыс

7. Сел тасқыны қай аймақта болады?

А) солтүстік және солтүстік-батыс

В) оңтүстік және оңтүстік-шығыс

С) шығыс

Д) дұрыс жауабы жоқ

Е) барлық жауабы дұрыс

8. 1977 жылы апатта сел тасқыны қай жерде болды?

А) Есікте

В) Шымкентте

С) Қызылордада

Д) Медеуде

Е) Өскеменде

9.Табиғатта қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың бағыттары?

А) мемлекеттік, жалпыхалықтық

В) үкіметтік, халықтық

С) нарықтық, жалпыхалықтық

Д) мемлекеттік, үкіметтік

Е) халықаралық