Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР Төтенше жағдайлары туралы заңы, Алматы,  ж

3. ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңы. Алматы,  ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. .

12. Николаев Н.С. ГО на объектах АПК  М.  90.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности Курс лекций.

Алматы. .

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. М. .

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационнометодический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски , АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе сельском и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. – Алматы, 1995.

7. Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002. [kgl]

[gl] №2 САБАҚ. Тақырып: Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы Азаматтық қорғаныс шаралары. [:]

Сабақ мақсаты: Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптерімен және әдістермен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.

2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.

3. Халықты қорғаудың негізгі әдістері.

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша Республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.

Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауғы даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды, қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп – экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда.

Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді.

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайды, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру, халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.