Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.

АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар.

Республика басқару органдарында әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелер еңгізілген:

- даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;

- коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;

- гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;

- зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін, барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін;

- радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу;

- көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар;

- санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;

- халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.

Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.

3. Халықты қорғаудың негізгі әдістері.

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда, халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің рөлі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

- қорғаныс ғимараттарына жасыру;

- халықты таратып және көшіру қоныстандыру;

- жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

- дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

- азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

- радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

- адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру– халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдын ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және көшіру категорияланған қалалардың халқың, яғни жау шабуы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы бекіткен «Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық қорғаныстының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар – ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру – бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері қандай?

  2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері?

  3. Қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу кезінде қандай шараларды қамтуы керек?

  4. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтау?

  5. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас?

  6. Инженерлік шаралар ол қандай шаралар?

  7. Көшіру шаралары қандай?

  8. Радиация мен химиядан қорғау шаралары қандай шараларды қамту керек?

  9. Медициналық шаралар дегеніміз не?

  10. Өрттен қорғау шаралары?

  11. ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын қалай жоспарлайды және өткізеді?

  12. Халықты қорғаудың негізгі әдістері қандай?

Тест сұрақтары:

  1. Инженерлік шаралар?

А) халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады

В) көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге, сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді

С) халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады

Д) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынанқорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі

Е) қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені

2. Көшіру шаралары?

А) көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге, сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді

В) халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады

С) халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады

Д) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынанқорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі

Е) қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені

3. жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, судың және азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін қандай прибор қолданылады?

А) «Мастер-1», «Сосна», «Белла»

В) «ИД-1»

С) «ДП-22В»

Д) «ДП-24»

Е) «АГП-1»

4. Радиациялық барлау приборлары?

А) ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21

В) ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ

С)ДП-22В, ДП-24

Д) ВПХР, ДП-22В

Е) ҚӘУЗ, ППХР

5. Химиялық барлау приборлары?

А) ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ

В) ВПХР, ДП-22В

С) ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21

Д) ДП-22В, ДП-24

Е) ДП-5В, ДП-24